И – «әділеттік», «шыншыл». Қытай философиясының негізгі категориясы.
Инь – ян — Қытай философиясының негізін қалаушы категориялар, оларды бipre қарастырады. Ол әлемнің жалпылы идеясын көрсетеді: қараңғы-жарық, ер-әйел, тыныштық, қозғалыс т.б. Инь-ян Әлемдегі өмірді қалыптастырушы, ғарыштық бастау.
Чжи — ақыл-ой, даналық, интеллект. Ол тар мағынасында «жоғарғы ердің» бас сапасының бipi. Кең мағынасында — ол адамды жануарлар әлемінен ажырататын қасиет.
Дао-Қытай классикалық философиясының аса маңызды категориясы» «жол» дегенді білдіреді. Кейіннен Дао ұғымы философияда табиғаттың «жолын», оньң заңдылықтарын белгілеу үшін қолданылады.
Цзюнь-цзы— «жоғарғы», «қайырымды ер», ол өзінің мінез-құлқымен әлемдегі теңдікті және peттіліктi ұстаушы . Оны « қайырымды ер» қылатын бес сапа болуы керек: жэнь, ли ,сяо, и ,чжи.
Моизм — Қытайда б.з.д. 5-6 ғғ-да пайда болған, философиялық бағыт. Негізін калаушы Мо Ди.
Легизм — (фа-цзя) заңгерлер мектебі, ел адамды, қоғамды, мемлекетті басқарудағы этикалық-саяси ілім. Ол б.з.д.VI-III ғ-да пайда болды.
Номос және Фюзис ( гр.заң және табиғат ) — көне грек философиясындағы түсінік. Софистер іліміндегі «Тезис пен фюзиске қарама-қарсы ілім.
Софистика — гр.софистердің ілімімен п.б.көне Грециядағы ағым. Жалған сөздер мен аргументтерді қолдана отырып адамды сөз арқылы сендіру.
Элей мектебі — көне Грециядағы философиялық мектеп. Негізін салған – Парменид пен Зенон.
Анамнесис ( гр.т. еске түсіру ). Платон философиясындағы термин адам жағдайының қал-жағдайын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |