Тексерген: Джанкадыров С. С



бет1/28
Дата05.12.2023
өлшемі106.55 Kb.
#485490
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
философия термин


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





ГЛОССАРИЙ
Орындаған: Истабаева А.К.
Тексерген: Джанкадыров С.С.


Алматы 2023.


  1. Философия — (гр.т.даналықты сүйемін) — әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Философия ой дамуы адамзат қоғамының кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты




  1. Дүниетаным — адамдардың өзін қоршаған ортаға деген пікірлердің, идеялардың, теориялардың жиынтығы ретінде көрінетін және сол ортадағы алатын адамдардың орнын білдіретін ұғым.




  1. Материализм — материя мен сана қатынасында бірінші материя пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт.




  1. Идеализм — материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт.




  1. Деизм — жақтаушылары құдайдың бар екендігін мойындайтын, олардың ойынша құдай бір рет өмірді құрғаннан кейінгі, оның әрі қарай дамуына қатыспайды және адамдардың іс-әрекетіне ықпал етпейді деп есептейтін философиядағы бағыт.




  1. Догматизмқоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.




  1. Эклектика — бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылыр алынады.




  1. Софистика — дауласу және дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмді яғни сыртай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану.




  1. Герменевтикатекстің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.




  1. Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс бағыт.




  1. Рационализм — шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл -ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт .






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет