Нұсқа № 19
Темекі өнімдеріне қатысты тыйымдар қай заңда жазылған
А) Азаматтық Кодексте
В) Әкімшілік Кодексте
С) Қылмыстық Кодексте
Д) ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте
2. ҚР елді мекендегі жер көлемі
А) 23,8 млн.га.
В) 23,6 млн. га.
С) 23,5 млн. га.
Д) 23,7 млн. га.
3. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы бойынша басқа біреудің мүлкіне жасырын қол сұғу
А) Жымқыру
В) Ұрлық
С) Қылмыстық теріс қылық
Д) Тонау
4. Жоғарғы билік жүйесіндегі кең тараған жемқорлық
А) Іскерлік сыбайлас жемқорлық
В) Саяси сыбайлас жемқорлық
С) Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық
Д) Лоббизм
5. Азаматтық құқықта ұсынысты жасайтын тарап
А) Акцептант
В) Референт
С) Оферент
Д) Делдал
6. Тауарды не көрсетілетін қызметті сататын азамат немесе ұйым
А) Кәсіпкер
В) Саудагер
С) Ұсынушы
Д) Сатушы
7. ҚР Азаматтық Кодексінің 501 бабы бойынша тараптардың әрқайсысы бір мезгілде сатушы да, сатып алушы да болады
А) Айырбас кезінде
В) Ұсыныс жасау кезінде
С) Шартқа отыру кезінде
Д) Ақпарат алмасу кезінде
8. Күнтізбелік он күн ішінде сатушы қойылған талапқа жауап бермесе, келтірілген шығынды жөндеуден ерікті түрде өтеп беруден бас тартса
А) Тұтынушы сауда орнының басшылығына шағым түсіре алады
В) Тұтынушы сотқа жүгінуге құқығы бар
С) Әлеуметтік желіге жариялай алады
Д) Тұтынушылар Одағына шағымдана алады
9. Шығармашылық еңбегінің арқасында , өнер, әдеби ғылыми туынды жазған жеке тұлға
А) Ақын
В) Жазушы
С) Автор
Д) Жырау
10. Ата анасының біреуі ғана болса
А) Аз қамтылған отбасы
В) Жағдайы төмен отбасы
С) Жартылай отбасы
Д) Толық емес отбасы
11. Жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында қызметкерлердің жұмысты толық немесе ішінара тоқтатуы
А) Ереуіл
В) Бүлік
С) Забастовка
Д) Бойкот
12. Қылмыстық істегі арнайы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес зерттеу жүргізуге уәкілетті тәуелсіз тұлға
А) Сарапшы
В) Зерттеуші
С) Анықтаушы
Д) Тексеруші
13. Құқығы бұзылған адам сотқа арыз талабымен жүгінеді. Судьялар құжаттарды қабылдап, азаматтық іс қозғау туралы шешім қабылдайды
А) Істі бастау
В) Істі қозғау
С) Істі жүргізу
Д) Істі дайындау
14. Адамды полицияға, сотқа және басқа да мемлекеттік органдарға мәжбүрлеп жіберу
А) Әкелу
В) Жеткізу
С) Апару
Д) Келтіру
15. Қазақстан « Тұрақты органикалық ластағыштар туралы » Стокгольм Конвенциясын ратификациялады
А) 2001ж. 12- мамырда
В) 2001ж. 17-мамырда
С) 2001ж. 22- мамырда
Д) 2001ж. 02 мамырда
16. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды
А) 1993ж. 08-қаңтарда
В) 1993ж. 25-қаңтарда
С) 1993ж. 28-қаңтарда
Д) 1993ж. 18-қаңтарда
17. ҚР жаңа Қылмыстық Кодексі күшіне енді
А) 2015ж. 04-қаңтарда
В) 2015ж. 05-қаңтарда
С) 2015ж. 03-қаңтарда
Д) 2015ж. 01 –қаңтарда
18. Қазіргі Парламентаризмнің Отаны
А) Ұлыбритания
В) АҚШ
С) Франция
Д) Германия
19. Ұрлық жасағаны үшін дүре соғу жазасы қолданылатын елдер
А) Сауд Арабиясы, Иран, Судан
В) Ауғанстан
С) Сирия
Д) Түркия
20. Ұзақ жасаған қарияларды құрметтеу, аспен сыйлау дәстүрі
А) Жылу
В) Белкөтерер
С) Кәде
Д) Ерулік
21. Ливияда ресми түрде Конституция деп бекітілген
А) Зәбүр
В) Таурат
С) Құран
Д) Інжіл
22. Сатып алу сату мәмілесі
А) Тараптардың таңдау еркі
В) Тараптардың міндеті
С) Тараптардың бірлескен еркі
Д) Тараптардың жеке еркі
23. Жетінші ұрпақ
А) Шөбере
В) Шөпшек
С) Туажат
Д) Немене
24. Қазақ қоғамында сот үрдісінің аяқталғанын білдіретін рәсім
А) Ала жіп кесу
В) Қара жіп кесу
С) Ақ жіп кесу
Д) Көк жіп кесу
25. Бала құқығы туралы Конвенция Қазақстанда ратификацияланды
А) 1994ж. 16-ақпанда
В) 1994ж. 05-ақпанда
С) 1994ж. 20-ақпанда
Д) 1994ж. 26-ақпанда
26. Қоғамда әрбір адамға қажет болатын нақты бір идеяларды, теорияларды қалыптастыратын құқықтың функциясы
А) Тәрбиелік
В) Идеологиялық
С) Қорғаушылық
Д) Реттеушілік
27. Республика заңдарынан басымдығы жоғары құжат
А) БҰҰ-ның қарарлары
В) Халықаралық ұйымдардың құжаттары
С) Республика бекіткен халықаралық шарттар
Д) Ондай құжат жоқ
28. Соттың санкциясынсыз адамды неше сағаттан аспайтын мерзімге қамауда ұстауға болады
А) 32 сағат
В) 42 сағат
С) 52 сағат
Д) 72 сағат
29. Азаматтар мемлекет ісін басқаруға қалай қатысады
А) Тікелей және өз өкілдері арқылы
В) Жергілікті атқарушы органдар арқылы
С) Саяси партиялар арқылы
Д) Қоғамдық бірлестіктер арқылы
30. ҚР Президенті қандай саяси партияның мүшесі бола алады
А) Аманат партиясының
В) Президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партияда болмауға тиіс
С) Ауыл партиясының
Д) Ақ жол партиясының
31. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өткізіледі
А) Парламен Мәжілісінің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі
В) Парламен Мәжілісінің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш ай ішінде өткізіледі
С) Парламен Мәжілісінің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап төрт ай ішінде өткізіледі
Д) Парламен Мәжілісінің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап бес ай ішінде өткізіледі
32. Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды
А) Парламент
В) Үкімет
С) Президент
Д) Халықтар ассамблеясы
33. Конституциялық Соттың шешімдері
А) Жарияланған күннен бастап күшіне енеді
В) Қабылданған күннен бастап күшіне енеді
С) Президент қол қойған күні күшіне енеді
Д) Парламент бекіткен күні күшіне енеді
34. Ешкім өзіне өзі, жұбайына ( зайыбына) және заңмен бекітілген шекте жақын туыстарына қарсы
А) Айғақ беруге міндетті
В) Айғақты жауаптылықты жеңілдету мақсатында беруге құқылы
С) Айғақ беруге міндетті емес
Д) Айғақты өз қалауымен беруге құқылы
35. Әкімдер тиісті әкімшілік- аумақтық бөліністің аумағында орындауға міндетті
А) Шешімдер мен өкімдер шығарады
В) Қаулы қабылдайды
С) Бұйрықтар шығарады
Д) Шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Контекс тапсырма
«Мәміленің жарамдылық шарттарының бірінші тобын мәміле мазмұнына қатысты шарттар заңдылық құрайды. Мәміле заңға, заңға тәуелді актілерге және кез келген басқа құқықтық нормаларға сәйкес болып, оларға қайшы келмеуі керек.
Екінші топ мәміле қатысушыларының әрекетқабілеттілігіне байланысты шарттардан тұрады. Мәміле жарамды болу үшін оны құқыққабілетті тұлға жасауы керек. Егер мәмілеге қатысушылары әрекетқабілетсіз болса олардың заңды өкілдері жүргізуі тиіс.
Үшінші топ мәміленің субъективті жағына қатысты ерік пен еркін білдірудің сәйкестігі шарттарынан тұрады. Соңғылар мәміленің мәні болып табылады.
Шарттың төртінші тобы мәміленің нысанын сақтауға қатысты. Келісім күшіне енеді және ол жасалған сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады. Заң бойынша мәміле жазбаша немесе ауызша түрде жасалуы мүмкін. Мәміленің ауызша нысаны нотариалды бекітуді немесе мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміле жарамды деп танылатын жағдайлар: мәміле жасасудың заңды негіздері; тараптардың әрекетқабілеттілігі мен қалауын білдіру еркіндігі; мәміле нысандарын қатаң сақтау».
1.Мәміленің жарамдылық шарттары бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |