Теміртау қаласының 2013-2017 жылдарға арналғАН



бет1/2
Дата09.06.2016
өлшемі399.5 Kb.
#124412
  1   2

Теміртау қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «___» ______

№ ______ қаулысымен

мақұлданды

ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ

2013-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ

Теміртау қаласы – 2012 ж.
Мазмұны

Кіріспе 3


  1. Теміртау қаласының экономикалық даму үрдістері 3




    1. 2010-2011 жылдардағы экономикалық өсу 3


1.2. Қаланың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі 13


  1. Теміртау қаласы экономикасының 2013-2017 жылдардағы даму

факторлары мен шарттары 17
3. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға

арналған мақсатты индикаторлары және болжамы 20
4. Теміртау қаласының бюджеттік параметрлерінің болжамы 22
4.1. Салық-бюджет саясатының негізгі басымдықтары 22
4.2. Қала бюджетінің болжамы 24
4.3. 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығыстарының

басымдықтары 25
4.4. Бюджеттік инвестициялық саясаттың (оның ішінде

бюджеттік инвестицияның) негізгі басымдықтары 27
1-қосымша. Теміртау қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуының

2013-2017 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы 29


2-қосымша. Теміртау қаласының 2013-2015 жылдарға арналған

бюджеттік параметрлерінің болжамы 32



3-қосымша.

2013-2015 жылдарға арналған басым бюджеттік инвестициялардың

тізбесі


Теміртау қаласының 2013-2017 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Кіріспе
Теміртау қаласының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.

Болжам үрдістер мен басымдықтардан, мақсатты индикаторлардан және қаланың бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен, бюджет параметрлерінің үш жылға арналған болжамынан тұрады және жергілікті үш жылға арналған жергілікті бюджетті, қаланы дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз болады.

Болжам келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

- қаланың экономикалық даму үрдістері;

- қала экономикасының даму факторлары мен шарттары;

- 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары мен болжамы;

- қаланың 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы;

- қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлерінің болжамы, басым бюджеттік инвестициялардың тізбесі (қосымша түрінде).


1. Теміртау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері


    1. 2010-2011 жылдардағы экономикалық өсу



Өнеркәсіп салаларының дамуы
2011 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қала бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағада 433,1 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылға (331,3 млрд. теңге) 30,7%-ға өсті. Нақты көлем индексі 2011 жылы 108%-ды құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға өсті (2010ж.-97,4%).

Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді әзірлеуде 38,3 млрд. теңге сомасына немесе 2010 жылға қарағанда 3,3 есе өсті. Көмір өндіру 10620,1 мың тоннаны құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 377,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді немесе 2010 жылмен салыстырғанда өсім 22% (309,5 млрд.теңге).

Өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерін шығару өсті: шойын 249,4 мың тоннаға немесе 8,6%-ға, болат 333,5 мың тоннаға немесе 10,1%-ға, жайпақ илек 204,8 мың тоннаға немесе 7,1%-ға, мырышталған илек 22,8 мың тоннаға немесе 4,0%-ға, цемент 75,1 мың тоннаға немесе 6,5%-ға, металл құрылымдарын өндіру 1,3 мың тоннаға немесе 4 есеге, газ бетон 2,0 мың тоннаға немесе 41,4%-ға, сүт өнімдері 461 тоннаға және 4,0%-ға артты.

Электр энергиясын, газ және суды өндіру және бөлу көлемі 9,9 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға өсті (9,1 млрд.теңге). Жылу энергиясын өндіру 3,1%-ға, су шығару 26,3%-ға артты.

Өнеркәсіпке қамтылған халық саны 738 адамға артты немесе 0,8 %-ға өсті. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 9303,7 мың теңгені немесе 2010 жылғы көрсеткішке 160,6%-ды құрады.

Өңірлік Индустрияландыру картасы шеңберінде қала аумағында 2011 жылы жалпы сомасы 21,7 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылды, 290 жұмыс орны ашылды, оның ішінде:

- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «№2 домна пешін салу», жобаның құны 15 млрд. теңге, 68 жұмыс орны ашылды;

- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ДҮҚМ-3 салу», жобаның құны 5,5 млрд. теңге, 88 жұмыс орны ашылды;

- «Нордпром НС» ЖШС «Бетон теміржол шпалдары өнідірісіне арналған айналмалы желіні іске қосу», жобаның құны 0,9 млрд. теңге, 60 жұмыс орны ашылды;

- «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту», құны 0,3 млрд теңге, 45 жұмыс орны ашылды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруда шағын және орта бизнесті дамыту маңызды орын алады.

Кейінгі жылдарда шағын және орта бизнес жеткілікті түрде қарқынды дамуда, шағын және орта кәсіпорындардың жалпы саны артты, жеке кәсіпкерлер саны өсті, өндірілген өнім (жұмыстар мен қызметтер) көлемі ұлғайды, тиісінше бюджетке төлемдер өсті.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта бизнестің 5407 белсенді субъектісі тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне (5106 бірл.) 105,9%.

2011 жылы шағын және орта бизнеске қамтылғандар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артып, 21,8 мың адамды құрады.

Қаланың экономикалық белсенді халқының көлеміндегі (92,2 мың адам) шағын және орта бизнеске қамтылғандардың үлесі 23,6%-ды құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда (23,2%) 0,4%-ға артты.

Шағын бизнес кәсіпорындарында экономикалық қызмет түрлері бойынша қамтылғандар санының талдауы саудаға - 38,6%, құрылысқа - 14,7%, өнеркәсіпке - 8,2%, көлікке-10,7%, жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операцияларға, жалдау және тұтынушыларға қызмет ұсыну және басқаларына 27,8%-ы қамтылғанын көрсетті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 35,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдан 2 есеге артық (17,5 млрд.теңге). Шағын кәсіпкерліктің қаланың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 8,6%.

Шығаратын өнім көлемі бойынша қызметін өнеркәсіп саласында жүзеге асыратын ШКС - 22,0%, құрылыста – 21,2%, сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу саласында – 31,5%, жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операцияларға, жалдау және басқаларында 25,3%-дан келеді.

2011 жылы қайта құрылған шағын бизнес субъектілері есебінен 879, оның ішінде қолданыстағы өндірістерді дамыту және кеңейту есебінен - 228, жаңа өндірістерді құру есебінен – 206, шағын бизнесті дамыту есебінен - 445 жұмыс орны ашылды.

Шағын бизнес кәсіпорындарынан бюджетке төленетін төлемдердің жалпы сомасы 2011 жылы 2615 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылдан (2567 млн. теңге) 1,9%-ға артық.

«Бизнестің Жол картасы – 2020 бағдарламасы» шеңберінде 2011 жылы бірінші бағыт бойынша жалпы 1842,7 млн. теңге сомасына 232 жұмыс орны ашыла отырып 14 жоба іске асырылды, оның ішінде:

- «NORD Пром НС» ЖШС кәсіпорнында - «Бетон теміржол шпалдарын өндіру үшін айналмалы желіні іске қосу» жобасы, жобаның құны 901,0 млн. теңге, 60 жұмыс орны ашылды. Жоба 2011 жылғы 6 мамырда іске қосылды (2011 жылғы 19 мамырдағы Желіні пайдалануға енгізу актісі);

- «Профиль КМК» ЖШС кәсіпорнында - «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту» жобасы, жобаның құны 331,0 млн. теңге, 45 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды (2011 жылғы 25 маусымдағы Желіні пайдалануға енгізу актісі);

- «Фолти» ЖШС кәсіпорнында – «Полиэтилен үлдір және пакеттер өндірісін кеңейту» жобасы, жобаның құны 161,0 млн. теңге, 7 жұмыс орны ашылды. 2011 жылғы 12 тамызда іске қосылды (2011 жылғы 12 тамыздағы Желіні пайдалануға енгізу актісі);

- «ДАТ TS» ЖШС кәсіпорнында - Автобус паркін жаңарту және жөндеу базасын кеңейту. Жобаның құны - 162,0 млн. теңге, 10 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды;

- «ЗемДорстрой» ЖШС кәсіпорнында - жүкті тасымалдауға арналған жылжымалы составты жаңарту, жобаның құны 70,0 млн. теңге, 10 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды;

- Жеке кәсіпкер «Бабаков» кәсіпорнында - Пэтпреформ өндірісі (пластикалық ыдыс жасау), жобаның құны – 5,0 млн. теңге, 7 жұмыс орны ашылды. Жабдық жеткізілмеген, жолда (Қытайда өндірілген);

- «Құрылыс басқармасы 41» кәсіпорнында – «Автопаркті жаңарту» жобасы, жобаның құны –49,1 млн. теңге, 24 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды. Жүк көтерімділігі 25 тонна болатын, 6 HOWO – өзі аударғыш (самосвал) машинасы сатып алынды (Қытайда жасалған);

- «СТЭКА» өндірістік компаниясы» кәсіпорнында – «Автобус паркін жаңарту» жобасы. Жобаның құны 20,0 млн. теңге, 16 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды. 5 автобус сатып алынды, 2 автобус алу жоспарлануда (Қытайда жасалған);

- «Гордорсервис-Т» ЖШС кәсіпорнында «Автопаркті жаңарту» жобасы, жобаның құны - 5,2 млн. теңге, 2 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды. Жүк автомашинасы сатып алынды;

- «Бидай НАН ЛТД и СО» ЖШС кәсіпорнында – «Нан-тоқаш өндірісін жаңғырту және кеңейту» жобасы, жобаның құны 25,7 млн. теңге. Жоба іске қосылды;

- «ЖК Маруняк» кәсіпорнында «Жүк тасымалына арналған автопаркті кеңейту» жобасы, жобаның құны 20,7 млн. теңге, 2 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды. Автокөлік сатып алынды;

- «Ren-Milk» кәсіпорнында «Автопаркті жаңғырту» жобасы, жобаның құны 27,3 млн. теңге, 6 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды. 5 автомашина сатып алынды;

- «ЗемДорстрой» ЖШС кәсіпорнында – «Жүкті тасымалдауға арналған жылжымалы составты жаңарту» жобасы, жобаның құны 50,0 млн. теңге, 28 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды. Автокөлік сатып алынды;

«Инкар-1» ЖШС кәсіпорнында «Станок паркін кеңейту» жобасы (металл өңдеу станоктарын сатып алу), жобаның құны 14,7 млн. теңге, 15 жұмыс орны ашылды. Жоба іске қосылды. Автокөлік сатып алынды. Токарьлық станоктар сатып алынды.

«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобының қарауында Теміртау қаласының 4 жобасы бар:

- «Техол» ӨТЗ» ЖШС (Қазкоммерцбанк)

- «Уралдомнаремонт-Т» АҚ (Қазкоммерцбанк)

- «Теміртау кірпіші» ЖШС (Қазкоммерцбанк)

- «Импульс» ЖШС (БТА банк)

«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша Үйлестіру кеңесімен 1 жоба мақұлданды:

- «Ast Etalon Crown» ЖШС кәсіпорнында «Өндірістік қуаттарды ұлғайту мақсатында лактау және литографиялау желілерін жеке технологиялық бірліктерге бөлу және дайын өнім сұрыптамасын кеңейту» жобасы. Жобаның құны 240,0 млн. теңге. 12 жұмыс орны ашылды. Табиғи тұлғадағы жобалық қуаттылығы – жылына 960 млн.дана. Іске асырылу мерзімі 2011-2012 жылдар. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2012 жыл.

«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыру мақсатында жас мамандарды Теміртау қаласының шағын және орта бизнес кәсіпорындарына уақытша жұмысқа тарту үшін түрлі мамандықтарға деген қажеттілік анықталды. Шағын және орта бизнестің 9 жұмыс берушісімен 35 бітіруші жастар тәжірибесінен өтуі үшін шарттар жасалды.


Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласы қала экономикасында басым бағыт болып табылмайды, облыстың АӨК жалпы өнімі көлеміндегі қала үлесі – 1,2%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2011 жылы 1,4 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға төмендеді, нақты көлем индексі – 97,9%. Төмендеу ірі қара мал басы азығы бағасының қымбаттауына байланысты жүзеге асты.

Қаланың өсімдік шаруашылығы картоп және көкөніс өндірумен танылады. Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі құндық тұлғада 1,2 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға төмендеді (1,3 млрд. теңге).

15,6 мың тонна картоп және 5,3 мың тонна немесе 2010 жылғы деңгейде көкөніс өндірілді.

Мал шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 231,2 млн.теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 8,2%-ға өсті (213,7 млн. теңге).

Мал шаруашылығы өнімі: ет - 292 тоннаны, немесе 2010 жылға 100%-ды, сүт – 1,8 мың тоннаны құрады немесе өсім 20%-ға төмендеді, жұмыртқа 441 мың дана немесе 2010 жылға өсім 19,8%.

Қала аумағында ИСО стандарттары бойынша жұмыс істейтін: «Бидай-нан», «Ren-milk», «Аян-м», «Береке» шұжық цехы сияқты 4 өңдеу кәсіпорны бар.

2012 жылы әкімдіктің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 14/2 қаулысымен Теміртау қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Теміртау қалалық ветеринарлық стансысы» КМК құрылды, оның міндеттеріне төмендегілер кіреді:

- ветеринарлық-алдын ала өңдеулерді өткізу;

- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаужәне жою;

- ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру.

Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында 2013 жылы төмендегілер жоспарлануда:

- «Темір-Агро» ЖШС-ында толық өндіру айналымымен сиыр, жылқы және қой етін өндіру бойынша жемдеу алаңы бар мал сою цехын салу;

- ешкі және қоян өсіретін КК-СП ЖК«Гиорбелидзе» фермерлік шаруашылығын ашу, одан әрі мал шаруашылығы өнімін дайындау және өткізу;

- Бұқар жырау жеріндегі жайылымдарды пайдалану;

- ЖК «Михайлов» шошқа фермасын салу.
Көлік

2011 жылы тасылған жүк көлемі 644,8 мың тоннаны құрады немесе 2010 жылға өсім 57,8% (408,5 мың тонна).

Жүк айналымы 38462,5 мың тонна км-ді құрады немесе 2010 жылға 2 есеге өсті (17849,1 мың тонна км).

2011 жылы жеке тасымалды қоса алғанда көліктің барлық түрлерімен жолаушы тасымалдау 2010 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға төмендеп, 39372,3 мың адамды құрады.

2011 жылы барлық көлік түрлеріндегі жолаушы айналымы өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеп, 132486,5 мың жкм құрады.

Теміртау қаласында жолаушы тасымалы 11 жүйелі қалалық автобус маршруттары, 5 маршрутта маршруттық такси режімінде және 2 трамвай маршруты бойынша жүзеге асырылады, сонымен қатар Ақтау кенті-Мырза стансысы кентішілік маршруты, Теміртау қ. – Березняки кенті, Теміртау қ. – Ақтау кенті, Теміртау қ. – СХОС, Теміртау қ. – Мустафин ауылы қала маңы маршруттары бойынша жолаушы және жүк тасымалы жүзеге асырылады.


Құрылыс

2011 жылы тұрғын үй құрылысына 1297,2 млн. теңге жұмсалды, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 23,8 мың ш.м тұрғын үй енгізілді немесе 2010 жылмен салыстырғанда (19,6 мың ш.м.) 21,4%-ға өсті, оның ішінде 8,5 мың ш.м. жеке құрылыс есебінен, 8,4 мың ш.м. бюджеттік инвестициялар есебінен, 6,9 мың ш.м – жалдамалы тұрғын үй.


Электр энергетикасы

Қалада жылу және электр энергиясын өндіретін 2 станция бар: «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 және «Bassel Group LLS» ЖШС ҚарМАЭС-1. 2011 жылы олар 2549,4 млн. кВт/с немесе 2010 жылға (2939,9 млн./кВт/с) 86,7% электр энергиясын өндірді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 - қаланың 91% халқы өмір сүретін, 1064 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан, абоненттерінің саны 59143 бірлік болатын Шығыс, Орталық аудандарын, Соцқаланы жылумен және энергиямен жабдықтау көзі (91-ден 119 кварталға дейін, 1-ден 9-ға дейінгі, 9а ықш.аудандар, 70-71 кварталдар, Достық төбесі ықшамауданы, Соц.қала).

«Bassel Group LLS» ЖШС ҚарМАЭС-1 - қаланың 79 көпқабатты тұрғын үйі орналасқан батыс бөлігінің жылу көзі. Көпқабатты үйлердің орталық жылу берумен қамтамасыз етілуі 100%-ды құрайды, жеке үйлерде – 17,3%.

Электр жүйесі желілерінің жалпы ұзындығы 1208,458 км құрайды, оның ішінде жеке меншіктегісі- 1194,74 км, коммуналдық меншікте - 13,718 км, ТП және КТП – 269 дана, оның ішінде коммуналдық меншікте – 46 дана, жеке меншікте – 223 дана.

Қала халқының электр энергиясымен қамтамасыз етілуі 100%-ды құрайды. Бірақ бөлуші және қоректендіруші 6/10/0,4 кВ әуе және кабель желілерінің қолданыстағы кіші трансформаторлық стансылары моральдық жағынан ескірген. 0,4 кВ электр жеткізу желілерінің тозуы 85%-ды, 6-10 кВ – 80%-ды, 35 кВ – 70%-ды, 110 кВ – 60%-ды, нормативтік-техникалық шығындар – 11,2%.

Қазіргі сәтте жылу желілерінің ұзындығы 425,8 км-ді құрайды.

Қала халқы, оның ішінде 1165 тұрғын үй, 17 денсалық сақтау нысаны және 62 білім беру және мәдениет нысаны орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген, Ақтау кенті автоматтандырылған жылу беру жүйелерінің (АЖЖ) және пештік жылу беру жүйесінің жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі.

2011 жылы «Термокерамика» жылу желілерінің жаңа жылу оқшаулағышын енгізу, үйішілік есепке алу құралдарын орнату, жабдықты күрделі жөндеу, бағандар мен өткізгіштерді ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Теміртау қаласының 2011-2013 жылдарға арналған энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде өнеркәсіптік, әлеуметтік нысандарда және көпқабатты тұрғын үйлерде жылу және электр энергиясын тұтыну деңгейін төмендету шаралары жүргізілуде.

Бюджет саласындағы энергияны үнемдеу жөніндегі негізгі шаралар мыналар:

- жылу, электр энергиясын, суды есепке алу құралдарын орнату;

- терезелерді пластикалық шыны пакеттеріне ауыстыру;

- қыздыру лампаларын энергия үнемдеуші лампаларға ауыстыру, шатырды, ғимараттардың қасбеттерін, бюджет саласының жылу-су-электрмен жабдықтау желілерін жөндеу.

2011 жылы Энергияны үнемдеу кешенді жоспарына сәйкес 227,9 млн. теңге, оның ішінде бюджет саласы объектілеріне энергия үнемдеуші лампалар орнатуға – 1,7 млн. теңге бөлінді.
Құнсыздану үдерістері

Негізгі тауарлар мен қызметтер бағасын тежеу жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

Құнсыздану үдерісін, тамақ өнімдері бағасының негізсіз өсуін тежеу, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру мақсатында 8 сауда нысаны және үш ірі базар бойынша азық-түлік тауарларының негізгі 30 түрі бойынша күн сайынғы мониторинг жүзеге асырылады.

«Ауыл-Береке 2011» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді, оған Бұқар-Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы Осакаровка және Нұра аудандарының шаруа қожалықтары, Теміртау және Қарағанды қалаларының тауар өндірушілері қатысты. Бұқар-Жырау, Жаңаарқа аудандарының шаруашылық қожалықтарының және «Агроколсалтинг» ЖШС қатысуымен әлеуметтік жәрмеңкелер өткізіледі.

2011 жылы тұтыну бағасының индексі 108,24%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына 108,5%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 104,9%-ды, ақылы қызметтер – 111,2%-ды құрады.
Сыртқы экономикалық қызмет

Теміртау қаласында сыртқы сауда операцияларының негізгі қатысушылары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «ТЭМК» АҚ, «Экоминералс» ЖШС, «Ast Etalon Grown» ЖШС болып табылады.

Негізгі экспорттық тауар қара металдар илегі, кальций карбиді, ферроқорытпалар, цементке арналған қоспалар болып табылады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ экспорттық өнімінің көлемі жалпы өндірілетін өнім көлемінің 80%-ын құрайды, негізгі тұтынушылары Қытай, Пәкістан, Түркия, Мысыр болып табылады.

Қала экономикасы құрылымында ішкі сауда ерекше орын алады.

2011 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 38,1 млрд. теңгені немесе 2010 жылғы деңгейге (27,1 млрд. теңге) 140,6%-ды құрады.

Қалалық тауар айналымының облыстық көлемдегі үлесі 2011 жылы 9,4%-ды құрады және облыста Қарағандыдан кейінгі екінші орынды алады.

2012 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша Теміртау қаласында 467 азық-түлік дүкені, 228 өнеркәсіп дүкені, 261 қызмет көрсету саласының нысаны, 150 қоғамдық тамақтану кәсіпорны жұмыс істейді.

Қаланың көтерме рыногында 2011 жылы 49,5 млрд. тенгеге тауар сатылды немесе 2010 жылға қарағанда 3 есеге өсті (15,9 млрд.теңге).

Қалалық тауар айналымының облыстық көлемдегі үлесі 2011 жылы 7,9%-ды құрады және облыста Қарағандыдан кейінгі екінші орынды алады.


Бюджет

2011 жылы қалалық бюджетке кірістер түсімі 9 млрд. 774,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – 8 млрд. 509,7 млн. теңгені, нысаналы трансферттер – 1 млрд.264,7 млн.теңгені құрады.

Қалалық бюджеттің кіріс бөлігі ресми трансферттерсіз 103,6%-ға орындалды (жоспар– 8 млрд. 211,6 млн.теңге).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Қалада қала азаматтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін халықты әлеуметтік қорғаудың барлық белсенді шаралары қолданылады.

2011 жылы жұмыспен қамту мәселесі бойынша 3969 жұмыссыз азамат өтініш жасады, 3848 адам немесе немесе өтініш жасаушылардың 97%-ы жұмысқа орналастырылды.

Қайта оқытуға жұмыссыздар жыл сайын жіберіледі, оқыту қаланың еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бойынша ұйымдастырылған. 2011 жылы оқытылғандардың 97,7% -ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру шеңберінде жергілікті бюджеттен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қаражат бөлінеді, 2011 жылы қоғамдық жұмыстарға 1269 адам жіберілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 300 адамға артық (969 адам).

Кәсіптік оқыту және қайта даярлауға 2011 жылы 523 жұмыссыз жіберілді, оқуды 845 адам аяқтады, оқу аяқталғаннан кейін 841 адам немесе 99,5%-ы жұмысқа тұрғызылды.

Сонымен бірге 190 әлеуметтік жұмыс орны және жастар практикасы бойынша 57 орын ашылды.

Жұмыссыз жастардың құқығын қорғау мақсатында қалада орта және жоғары оқу орындары үшін жыл сайын орта және жоғары оқу орындарының 25 бітірушісі үшін Жастар тәжірибесі ұйымдастырылады. Қаражат қалалық бюджеттен бөлінеді.

Бұған қоса, жыл сайын республикалық бюджеттен жастар тәжірибесіне оқу орындарының бітірушілерінің тәжірибеден өтуі үшін қаражат бөлінеді.

Еңбекке қабілетті халықтың мақсатты топтары үшін жыл сайын 25 әлеуметтік жұмыс орындары ашылады. Әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін азаматтардың еңбегін төлеу жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ жұмыс берушілер қаражаты есебінен де жүргізіледі.

2011 жылы 25 жұмыссызға жеке ісін дамытуға 1512,0 мың теңге сомасында, 2010 жылы 56,5 мың теңге сомасында бір жұмыссызға материалдық көмек көрсетілді.

2011 жылы ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесіне қаланың 228 ірі және орта кәсіпорны қамтылды, оның 22-сі ірі, 107-сі орта, 99-ы шағын кәсіпорын.

Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесіне қамту 87,7%-ды құрады. Осы кәсіпорындардың басшыларымен және еңбек ұжымдарымен ұжымдық шарттарды жасау жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі.

2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының ісшараларын іске асыру жұмысы ұйымдастырылды. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы 658,2 млн. теңге қаражат бөлінді, 201 қайта оқытылған жұмыссыздардан 176 адам жұмысқа орналастырылды (88%).

2012 жылы республикалық бюджеттен 39,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде 95 қатысушыны оқытуға 18,8 млн. теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 2,9 млн. теңге, жастар тәжірибесіне 7,4 млн. теңге, көшу бойынша субсидиялауға 10,4 млн. теңге.

Тіркелген кедейлік деңгейі қала бойынша жалпы 0,12%-ды құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 0,01 пайыздық орынға төмен.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 2011 жылы 16,2 млн.теңге, 2010 жылы-12,5 млн.теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мұқтаж мүгедектерге, ардагерлерге және азаматтардың басқа топтарына 2011 жылы 73,5 млн. теңге, 2010 жылы - 74,7 млн.теңге бөлінді.

2011 өтініш жасаған мүгедектер саны – 38, барлығы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қала экономикасында 2011 жылы 879 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторын дамыту және кеңейту есебінен -228, жаңа өндірістер құру есебінен – 206, шағын бизнес есебінен - 445.


Негізгі капиталға инвестициялар

2011 жылы қала кәсіпорындары мен ұйымдарымен негізгі капиталға 71,9 млрд.теңге сомасында инвестиция игерілді, бұл 2010 жылға 130,7 %-ды құрайды (55,0 млрд. теңге).

Инвестициялардың басым көлемі-95,3%-ы жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар есебінен игерілді, бюджеттік қаражаттар үлесі – 1,7%, қарыз қаражаттары – 2,4%, шетелдік салымдар үлесі – 0,3%.

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда шетелдік инвестициялардың 4,2 есе өскені байқалады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі үлес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тиесілі – 63,1 млрд.теңге немесе 87,7%.

Қаланың негізгі капиталға инвестициялар бойынша облыстық көлемдегі үлес салмағы 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға өсті және 28,4%-құрады (2010 жыл –23,6%).
Әлеуметтік сала

Қалада 16 емдеу мекемесі мен ұйымдар жұмыс істейді. Қала халқына медициналық көмекті 4 емхана, 5 стационар, 4 мамандандырылған диспансер көрсетеді. қалада ЖИТС орталығы, Жедел медициналық көмек стансысы, «Денсаулық» туберкулезге қарсы балалар шипажайы жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2011 жылы қалада халықты профилактикалық байқаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды.

Туберкулезге қарсы жүргізілген алдын алу және індетке қарсы шаралар кешені қала халқының туберкулезбен ауыру көрсеткішін 2%-ға, туберкулезден өлуді 6,9%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Халықаралық бағдарламаларды, диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу жалғасын тапты.

2011 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 231,3 млрд. теңге бағытталды. 123,9 слн. теңге сомасына медициналық жабдық, 85 млн. теңге сомасына жылжымалы медициналық кешен, 20,4 млн. теңге сомасына нәрестелерге арналған инкубатор, 2 млн. теңге сомасына санитарлық-зембіл аппараты сатып алынды.

Қабылданған шаралар халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерді жақсартуға негіз болды.

Мысалы, 2010 жылмен салыстырғанда бала өлімі көрсеткіші 26,9%-ға төмендеді, ана өнімі тіркелген жоқ.

Туу коэффициенті 15,44%-ды құрады немесе 2010 жылға қарағанда (14,7%) 0,74%-ға өсті.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мектепке дейінгі тәрбие және білім беру саласында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 6773 бала барып жүрген 20 балабақша және 6 шағын-орталықтар жұмыс істейді. Олардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылғаны 5202 бала немесе 76,8% (2010 ж.-75,9%).



Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 100% қамтуды қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі мекемелер желісін 1 300 орынға ұлғайту қажет, бұл мектепке дейінгі мекемелер желілерін ұлғайту жөніндегі ісшаралар жоспарында көрсетілген.

Орта білім беру саласында 30 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.

Білім беру қызметтерін ұсыну сапасын жақсарту мақсатында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмысы жалғастырылды. Нысаналы трансферттер есебінен мультимедиялық кабинет және биология кабинеті сатып алынды.

Қаланың барлық мектептері интерактивтік тақталармен, компьютерлермен жабдықталған және кең жолақты Интернетке қосылған, 60 информатика кабинеті жабдықталды, 19 мектепте мультимедиялық кабинет бар. Компьютерлік техниканың 2149 бірлігі пайдаланылуда, мектептерде 1 компьютерге орташа 8,6 оқушыдан келеді. 1 компьютерге келетін оқушылардың облыстық көрсеткішіне (7,5) қол жеткізу үшін қосымша 500 компьютер сатып алу қажет.

Қалада техникалық және кәсіптік білім беретін 11 оқу орындары жүйесі бар, оның 4-еуі кәсіптік лицей және 7-еуі колледж.

Лицейлер мен колледждердегі оқушылар мөлшері 8,5%-ға артты және 6,5 мың оқушыны құрады.

Мәдениет нысандарының желісі 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 нысанды құрайды: 7 кітапхана, 3 Мәдениет үйі, Мәдениет және демалыс саябағы балалар мен жасөспірімдер театры, қалалық мұражай және тарихи мәдени орталық.



1.2. Қаланың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
2011 жылдан бастап қала экономикасында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң қарқыны байқалады.

2012 жылы өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 412,6 млрд. теңге болады деп күтілуде немесе 2011 жылғы деңгейге 4,7%-ға төмендемек (433,1 млрд. теңге).

Саланы әртараптандырудың келешегі бар бағыты - металл өңдеу өнеркәсібі болып табылады.

Қара металлургияда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2012 жылдан бастап өнімді иран бағытында өткізудің шиеленісті жағдайына және өндірістегі жоғары апаттылыққа (аглодомна өндірісіндегі апат) байланысты өндірісте теріс қарқын байқалады.

Осыған байланысты, жалпақ илек өндіру көлемі 7,1%-ға, қайта өңделген шойын өндіру 10,6%-ға төмендейді.

2012 жылы өндірісті жаңғырту және дамытуға 2011 жылға қарағанда 9% өсе отырып, 233,5 млн. АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция күтілуде.

Теміртау қаласы бойынша Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске асырылуы 2011-2015 жылдарға жоспарланған инвестициялық және инновациялық жобалардан тұратын база құрылды.

Олардан Индустрияландыру картасына Теміртау қаласының 4 инвестициялық жобасы енгізілді: шеңберінде 2012-2015 жылдарда 2 жобаны іске асыру жоспарлануда.


  1. Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып «АрселорМиттал Теміртау» АҚ дамыту және жаңғырту.

Бұл жобаны іске асыру мақсатында 2011 жылдың желтоқсанында төмендегілер пайдалануға берілді:

- №2 домна пеші, 68 жұмыс орны ашылды;

- Дайындамаларды үзіліссіз құю машинасы-3, 80 жұмыс орны ашылды.

машина жобалық қуаттылығына кірісті, тәулігіне 2800 дайындама шығарылуда.

2012 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 3 жоба іске асырылады:

- № 1 конвертердің газ бөлуші трактын реконструкциялау;

- ауа бөлу блогын салу;

- домна газындағы қазандықты салу.



  1. «Nord Пром НС» ЖШС бетон теміржол шпалдарын өндіруге арналған айналмалы желілерді іске қосу, іске қосу 2011 жылғы мамырда жүзеге асырылды, 1-желі іске қосылды, 60 жұмыс орны ашылды, қуаттылықтың игерілуі – 100%.

2012 жылы 2-желі іске қосылды, жобалық қуаттылығына шығуы 2013 жылдың наурызына жоспарлануда.

  1. «Профиль КМК» ЖШС бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту, іске қосу 2011 жылғы маусымда жүргізілді, жобалық қуаты – жылына 20,0 мың тонна өнім, жобалық қуаттылығына шығуы – 2012 жылғы желтоқсан.

  2. «Қарцемент» АҚ Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5 технологиялық желіні іске қосу, іске қосу 2014 жылға жоспарлануда. Жобаның жалпы құны – 15435,0 млн. теңге, 44,0 % инвестиция игерілді (5388 млн. теңге).

Болат құрылымдар жасау жөніндегі келісімшарттарға қол қойылды, пеш пен тоңазытқышты құрастыру жұмысы жүргізілуде.

2012 жылы Сраптау кеңесімен өңірлік Индустрияландыру картасына енгізу үшін «TemirLogistik» ЖШС «Жүк автомобильдері мен арнайы техникаға арналған сервис стансысын салу» жобасы мақұлданып, Индустрия және жаңа технологиялар миинистрлігіне жіберілді, жобалық қуаттылығына шығуы – 2015 жыл.



«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы 15 жоба кредиттелді:

  1. «Имсталькон Теміртау» ЖШС «Жабдық сатып алу және қойма салу» жобасы. Металл құрылымдар өндірісіне арналған жоғары технологиялық автоматтандырылған жабдық сатып алынды: уату қондырғысы, тасымалдаушы жүйе, металл кескіш құралдың жоғары дәлдіктегі қайрағын орнату. Желі 90% жүктелген.

  2. «777» фирмасы» ЖШС «Арнайы техника сатып алу». МК 20 қоқыс таситын техниканың (жанына тиеу) 1 бірлігін сатып алынды;

  3. ЖК Бабаков «Нан-тоқаш бұйымдарын шығаратын өндірісті жаңғырту» жобасы. Жабдық сатып алынды, құрастыру жайды реконструкциялағаннан және итальяндық мамандар келгеннен кейін жүргізіледі;

  4. «TTS» ЖШС «Автобус паркін жаңарту үшін автобустар сатып алу». «Hundai» маркалы 15 автобус сатып алынды;

  5. «Nord Пром НС» ЖШС «Моноблок үлгісіндегі темір бетон, бетон шпалдар өндірісі» жобасы. 2-желі іске қосылды, жобалық қуаттылығына шығуы – 2013 жылғы наурыз.

  6. «Универсалстрой Теміртау» ЖШС «Құрылыс материалдары өндірісі» жобасы. Жабдық Қытайда жасалу үстінде, жасалу мерзімі – 2012 жылдың соңы.

  7. «Гранит» ТК таза табиғи тасты өңдеу көлемін ұлғайту» жобасы. Жабыдқты Қытайда жасау келісімшарты жасалған, жеткізілуі мен құрастырылуы 2012 жылғы қарашада күтіліп отыр;

  8. «ЖК Фадеева «Тұрмыстық техниканы, аудио, бейне аппаратураны, электр құралдарын, ұялы телефондарды жөндеу» жобасы. Клиенттерге өз аумағында қызмет көрсету үшін «Volkswageen Sharan» автомобилі техникасының 1 бірлігі сатып алынды;

  9. «Теміртау кірпіші» ЖШС «Инженерлік инфрақұрылым салу (автожолдар, теміржол тұйықталымы, кәріз сорап стансысымен су бұру жүйесі)» жобасы. Жер ресімдеу жұмысы, инфрақұрылым салу 2013 жылы басталады;

  10. «Земдорстрой» ЖШС «Жүк тасымалдауға арналған жылжымалы составты жаңарту» жобасы. 6 өздігімен жүк түсіру көлігі сатып алынды;

  11. «Водоканалстрой» ЖШС «Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі». Желі жұмыс істеп тұр, өндірісті жаңғыртуға арналған жабдықты жасау жұмысы жүргізілуде (өз күшімен), «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша алынған қаражаттар қайта қаржыландыруға жұмсалатын болады;

  12. «Дат TS фирмасы» ЖШС «автобус паркін жаңарту» жобасы. 6 автобус сатып алынды;

  13. «Фолти» ЖШС «Жоғары сапалы буып-түю өндірісі, буып-түю өндірісіне арналған машиналар кешенін сатып алу» жобасы. Қолданыстағы кредитті субсидиялау жүргізілді, нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме 1%-ды құрайды;

  14. «СУ-41» ЖШС «Автопаркті жаңарту» жобасы. 6 өздігімен жүк түсіру көлігі сатып алынды;

  15. ЖК Мусина «Жылжымалы составты жаңарту» жобасы. 5 автобус сатып алынды.

2012 жылы жеке қаражаттар есебінен 4 жоба іске асырылады:

  • «Вавилон» сауда желісі» ЖШС «Алкогольсіз сусындарды өндіру және бөліп құю» жобасы. Бірінші желі пайдалануға берілді;

  • «Симплекс маш» ЖШС «Вагондар мен вагон арбалар жасау өндірісі» жобасы. «Қазақстан Теміржолы» АҚ ҰК –мен арбаларды, вагондарды сатып алу бойынша ұзақ мерзімді шарт жасау, сондай-ақ «АМТ» АҚ жер мен жайларды беру мәселелері шешілуде;

- «Промтехнология ТКК» ЖШС «Көмірді байыту фабрикасын салу» жобасы. Кәсіпорын тұрақты жұмыс істеу үстінде, өндіру көлемі жылына 700,0 мың тонна (жоғары сапалы көмір концентратын өндіру);

- «А-сервис техникалық қолдау орталығы» ЖШС «Тоқыма емес материалдар өндірісі» жобасы. Жабдық орнатылды, мамандар оқытылды, материалдарды шығару үшін шикізат сатып алу мәселесі шешілуде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2012 жылы 1238,6 млн. теңгені құрайды немесе азық бағасының қымбаттауынан ірі қара мал санының кемуі себепті 2011 жылға14%-ға төмендеді.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 79,0 млрд.теңгені құрайды немесе 2011 жылмен салыстырғанда өсім 9,9%.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 2012 жылы 5470 бірлікті құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлікке қамтылғандар саны 22,2 мың адамды құрайды немесе 2011 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға өседі.

2012 жылы өнім (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен көрсетілген қызметтер) көлемі 45,9 млрд.теңгені құрайды немесе 2011 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға өседі.

2012 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үй салу жалпы ауданы 22,8 мың ш.м. тұрғын үйді құрайды, оның ішінде: жеке құрылыс есебінен –12,3 мың ш.м, жеке инвестициялар есебінен – 2,6 мың ш.м., жалдамалы тұрғын үй есебінен – 7,9 мың ш.м.

2012 жылы экспортер кәсіпорындарды қолдау бойынша белсенді шаралар жалғастырылды. Бұл – экспорттық шарттарды кредиттеу дің жаңа схемеларын әзірлеу және олады коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандыру, сыртқы экономикалық қызметті қолдау институттарын дамыту, экспорттық өнім шығарушылар мен экспортерлерге салықтық жеңілдіктер беру.

«Экспорт 2020» экспорттауды дамыту және ілгерілету» пилоттық бағдарламасы шеңберінде «Ast Etalon Crown» ЖШС кәсіпорнының өнімді сыртқы рыноктарға шығарумен байланысты шығындарды 50% өтеу түрінде қаржылық қолдауды алуға арналған өтінімі мақұлданды.

Қалада 37 мың адам тасымалданатын болады. Жолаушы айналымы 141,6 мың жолаушы-км-ді құрайды.

Жүк айналымы 41154 млн. тоннаны құрайды немесе 2011 жылға қарағанда (2011ж. – 38462,5 млн. тонна км) өсім 7%.

2012-2013 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық кезінде 17,1 км жылу желілері, оның ішінде: 12,4 км магистральдық, 4,7 км кварталішілік желілер, 6 қазандық агрегаты және 3 турбогенератор жөнделетін болады.

Денсаулық сақтау саласында нысаналы индикаторлар жоспарланды.



Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 68,4 жасты құрайды.

Стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар іске асырылатын болады, оның ішінде аурушаңдықты, оның ішінде әлеуметтік-маңызды аурулармен ауыруды емдеу, салауатты өмір салтын насихаттау, санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық қызметтер сапасын арттыруды көздейтін басқару жүйесін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізу.



Жалпы өлуді 1000 халыққа шаққанда 10,0 –ге дейін төмендету жоспарлануда.

Бұл көрсеткішке қол жеткізу әлеуметтік-маңызды ауруларды табу, оларды ерте анықтауды және емдеуді қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық тексеру бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Халық арасында салауатты өмір сүру салтын ұстау идеологиясын қалыптастыруға бағытталған шаралар қатарын іске асыру жалғасады. Арулардың уақтылы және ерте диагностикасын қамтамасыз ету үшін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын әрі қарай жақсарту көзделуде.



Ана өлімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 25,2-ге дейін төмендетіледі.

Сүт бездерінің рак ауруы және ісік алды жағдайларын анықтауға, жатыр мойны рагы мен ісік алды жағдайларын анықтауға арналған профилактикалық тексеру жоспарланды. Ерте қаралу, «Жүктілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» СӨС бағдарламасы шеңберінде дәрігерге дейінгі кабинет жұмысы арқылы жүктілікті ерте анықтау, әр БМСК ұйымында отбасын жоспарлау кабинеттерін ашу арқылы санитарлық сауаттылықты арттыру көрсеткіші қадағаланатын болады.



Бала өлімін 1000 мың тірі туылғандарға шаққанда 15,4-ке дейін төмендетуге бала және босануға көмек беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен жақсарту, олардың медициналық құрал-жабдықтармен 100% жабдықталуын қамтамасыз ету, жүкті әйелдерге ультра дыбыстық және лабораториялық скринингтік зерттеулер жүргізу арқылы қол жеткізіледі. Медициналық-генетикалық орталықтар ұйымдастырылады. Балаларды жас кезінен антеналдық күту және бақылау, сондай-ақ тек емшек сүтімен тамақтандыруға құмарлықты ынталандыру мақсатында амбулаториялық-емханалық ұйымдарда «дені сау бала» кабинеттерін кеңейту қарастырылуда.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2012 жылы 10,1 млн. теңге, оның ішінде емдеу-алдын алу ұйымдары үшін 4 бірлік автомобиль көлігін сатып алуға – 8,5 млн. теңге, медициналық жабдық сатып алуға – 1,6 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, балалар ауруханасына күрделі жөндеу жүргізуге 231,5 млн. теңге бөлінді.

Орта білім беру саласында 12 жылдық оқытуға көшуге дайындық, сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету жалғастырылатын болады.

Қалалық бюджет есебінен 2012 жылы білім беру нысандарына жөндеу жүргізілді, оның ішінде: №14 балабақшаның қасбетін жөндеу, №12 балабақшаның қасбетін терезелерін ауыстыра отырып жөндеу, жуынуға арналған және дәретхана бөлмелерін жөндеу. № 4 мектеп пен № 1 қалалық гимназияның қасбеттеріне терезелерін ауыстыра отырып күрделі жөндеу жүргізілді.

Мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 180,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде сатып алуға: оқушы жиһазына – 16,9 млн. теңге (85 сынып/ комплектісі), химия кабинетіне оқу жабдығын алуға – 12,3 млн. теңге, компьютерлерге – 97,4 млн. теңге (830 дана), жоғары технологиялық жабдыққа – 42 млн. теңге (12 комплект), «Білім ал» бағдарламасына – 12,2 млн. теңге.

Халықтың дене шынықтыру және спортпен жаппай шұғылдануы үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімді болуы мақсатында спорт кешені алаңына спорт тренажерлары мен скейт-корттар орнатылды.

Халықтың мәдени демалысын қолдау мақсатында 2012 жылы қалалық бюджеттен қалалық мерекелік шараларды өткізуге 12,3 млн. теңге бөлінді. Мәдениет сарайы 10,4 млн. теңге сомасына жасанды мұз сатып алды.

2012 жылы қалалық кітапханалармен 3,9 млн. теңге сомасына кітап қоры жаңартылды.

2012 жылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың түрлі шараларына 5,6 мың адамды қамту жоспарланып отыр, оның ішінде:

- 3,8 мың адамды жұмысқа орналастыру;

- 1,2 мың адамды қоғамдық жұмыстарға жіберу;

- 480 жұмыссыз азаматты кәсіптік даярлыққа жіберу.

2012 жылы мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге қала бюджетінен 142,4 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 3 жобаны іске асыруға қалалық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінді.

2012 жылы мақсаты қаланың орта және ұзақ мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылатын 2013-2015 жылдарға арналған Теміртау моноқаласын дамыту бағдарламасы әзірленіп, қалалық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 7/8 шешімімен бекітілді.

2012 жылы моноқала бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаланы абаттандыруға 707,1 млн. теңге бөлінді (тіркелмеген қоқыс үйінділерін жою, көгалдандыру, жарықтандыру және ШСН орнату).

2. Теміртау қаласы экономикасының 2013-2017 жылдардағы даму факторлары мен шарттары
Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында Елбасы таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық жаңғырту деп белгіледі.

Экономикалық саясаттың ортамерзімдік кезеңге арналған мақсаты макроэкономикалық тұрақтылықты және жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады.

Экономиканың өсуіне ықпал етуші негізгі факторлар арасынан дүниежүзілік экономиканың жалпы жандануын және отандық экспорттық өнімге сұранысты қалпына келтіруді, халықаралық қаржы ұйымдарымен және ССҰ өзара қарым-қатынасты, шетелдік инвесторлардың отандық экономикаға қатысты орнын бөліп айтуға болады. Мұндай үрдіс өнеркәсіп өндірісінің өсуіне ықпал етеді.

Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін маңызды ішкі факторларға қаланың табиғи-ресурстық әлеуеті, өнеркәсіптегі құрылымдық қайта құрулар және экономиканы жаңғырту, кәсіпорындардың инновациялық қызметі, қала экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет