15. «Аяғымен жатқандағы Цовьянов тәсілі»
Мақсаты: аяғымен жатуды жамбасымен жатудың толық түріне ауыстыру, сонымен қатар баланың иығы мен басы туылуына босану жолдарын кеңейту.
Көрсетілімі: аяқпен келгендегі босануды жүргізу;
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Ұрықтың аяқтары қынапқа түсе салысымен алақанға салынған стерильді жаялықпен жыныс ернеулерін жабыңыз.
2. Әр толғақ келген сайын аяғының жыныс ернеуінен шығуына қарсылық көрсетіңіз. Осы қарсылық жатыр мойыны толық ашылғанша көрсетіледі. Осы уақытқа дейін жамбасы жамбастың түбіне түсіп, бала тізерлеп отырады да аяқпен жату, жамбасымен жатудың толық түріне өтеді, осының арқасында босану жолдары жақсы ашылады.
3. Қарсылық көрсету, ұрықтың аяқтары акушерканың алақанынан шыға бастаған сәтте аяқталады.
16.Жамбаспен жатқандағы классикалық қолмен жәрдем беру әдістемесі»
Әдістеменің мақсаты: қолын және басын босату.
Қажеттілігі: Жамбаспен жатқандағы қолының қайырылып қалуы.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Нәрестенің аяғынан ұстап оң (бірінші позицияда) немесе сол (екінші позицияда) шабына бұрып және екінші қолдың екі саусағымен сегізкөздің кіріңкі жерінен артқы қолын шығарыңыз. Ол үшін екі саусақ пен шынтақ буынын басып, саусақпен кеудесіне жылжытып нәресте «бетін жуғандай» қимылмен босатып алыңыз.
2. Сосын екі қолымен кеудесінен ұстап, оны 1800 бұрыңыз, алдыңғы қолды артқа ауыстырып алыңыз. Сосын бірінші қолды шығарғандай босатыңыз.
3. Басы Морисо- Левре- Ляшапель әдісімен шығарылады. Саусақтарыңызды қынапқа енгізіңіз (бірінші позицияда- сол, екінші позицияда-оң)
4. Баланы білекке «атқа отырғызғандай» отырғызыңыз.
5. Баланың аузына енгізген сұқ саусақпен баланың басын төмен қарай бүгіп ұстаңыз.
6. Сырттағы қолдың сұқ және ортаңғы саусағымен баланың иығынан ұстаңыз.
7. Сырттағы қолмен төменге және өзіңізге шат пен шүйде ойығының арасында бекіту нүктесі орнағанша тартыңыз, сосын алға тартыңыз. Алдымен ауызы сосын беті, маңдайы, төбе төмпешіктері және желкесі туылады.
Ескерту. Баланы жарақаттап алмау үшін әдістемедегі барлық іс-әрекеттерді өте ұқыпты жасау керек, өйткені дөрекі іс-әрекет баланың мойын омыртқасын зақымдап жұлынның зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |