Ф-ЦПБ-01/16
«АВИМЕД» көпсалалы колледжі
«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________________Э.Т.Тезекбаева
«____»___________________2022 ж
«Клиникалық пәндер» циклдік пәндер бірлестігі
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Модульдің атауы: КМ 04. Әр түрлі жастағы науқастарға күтім жасау
Пән атауы: КМ 04.02. Акушериямен гинекологиядағы мейіргер ісі
Мамандық: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілік: 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері»
Курс: 2
Семестр: 4
Бақылау түрі: емтихан
Жалпы сағат саны:168 кредит саны:7
Шымкент, 2022
ОӘЖ. 616.3
Құрастырған: Әлімхан А.Қ.- арнайы пәндер бірлестігінің оқытушысы
Осы әдістемелік нұсқау техникалық және кәсіптік білім беру орнына арналған «Мейіргер ісі негіздері» пәні бағдарламасы мен оқу жұмыс талаптарына сәйкес құрастырылған.
Арнайы пәндер бірлестігінің отырысында қаралды
Хаттама № « »___ __________2022 ж
«АВИМЕД» көпсалалы колледжінің әдістемелік кеңесінде талқыланып, басылымға ұсынылды.
Хаттама № « »___ ___________2022 ж
1.1.Сабақтың тақырыбы: Жүктілік физиологиясы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Жүктіліктің ұзақтығы шамамен, орта есеппен алғанда, 40 аптаны (280 күн) немесе 9 айдан астам уақытты құрайды. Алайда бұл есептеулер ұрықтанған күннен бастап емес, жүктіліктің хабаршысы болатын етеккірдің ең бірінші күнінен бастап
есептеледі. Осылайша, ұрықтанғаннан бастап туылғанға дейін сәби анасының құрсағында 38 апта (266 күн) өсіп-жетіледі. Сәбидің 1-2 апта ерте немесе жобалап белгіленген күннен аздап кеш туылуы (38-ден 42 аптаға дейін) қалыпты жағдай деп есептелінеді.
Ұрықтың дамуы мен ана ағзасындағы өзгерістер бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше кезеңдерден өтеді. Медицинада жүктілікті триместрге (3 ай) бөлу қабылданған:
Біріншісі – 13 аптаға дейін;
Екіншісі – 13-14 аптадан 27-28 аптаға дейін;
Үшіншісі – 28-29 аптадан сәбидің дүниеге келгеніне дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |