Медицина мекемелерінің саясаты. «Ана сүтін алмастырушыларды тарату ережелерінің халықаралық жинағы» және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сәйкес Резолюциялары.
1.a. «Ана сүтін алмастырушыларды тарату ережелерінің халықаралық жинағын» (әрі қарай – Жинақ) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сәйкес Резолюциясын толық сақтау қажет.Жинақта балаларға арналған қоспаларды, бөтелкелерді және тамақтандыруға арналған емізіктерді таратуға жолбер меуге қатысты медициналық- санитарлық көмек жүйелерінің міндеттемелері,әрі осы мақсатта өндірушілердің және сатушы. Агенттердің Жинақ ережелері қолданылатын өнімді пайдалануына жол бермеу нақты көрсетілген.Бұл аналармен жаңатуылған нәрестелерге қызмет көрсететін медицина мекемелері қажетті ана сүтін алмастырушыларды, тамақтандыруға арналған бөтелкелерді және емізіктерді тиісті сатып алу процесстерін сақтау мен сатып алуы тиіс және өнімді компаниялардан тегін немесе субсидияланған үлестіру (WHA резолюциясы) негізінде алмауы тиіс. Оған қоса,медицина мекемелерініңқызметкерлері ана сүтін алмастырушыларды қандай да болмасын түрде өткізуді алға бастыруға қатыспауы немесе ана сүтін алмастырушылар туралы қандайда бір жарнамалық материалды көрсетуге рұқсат бермеуі, соның ішінде ана сүтін алмастырушыларды өндірушілердің фирмалық белгісі басылған қандай да бір құрал-жабдықты немесе материалдарды, сонымен қатар, жеңілдігібар купондардыкөрсетугенемесе үлестіруге қатыспауы тиіс; медицина мекемелерінің қызметкерлері балаларға арналған қоспалардың үлгілерін медицина мекемесінде немесе ауруханадан шыққаннан кейін үйде пайдалану үшін таратпауы тиіс.
1.b. Ана сүтімен емізуге қатысты жазбаша рәсімделген нақты саясаты болуы тиіс және сол саясатты бүкіл медицина қызметкерлеріне жүйелі түрде жеткізіп отыру қажет. Аналарға және жаңа туылған нәрестелерге қызметтер көрсететін медицина мекемелерінде ана сүтімен емізуге қатысты жазбаша рәсімделген нақты саясат болуы тиіс және сол саясатты медицина қызметкерлеріне және ата-аналарға жүйелі түрде жеткізіп отыру қажет. Медицина мекемесінің ана сүтімен емізуге қатысты саясаты жекеқұжаттүріндерәсімделеді, оған әр клиникалық және медицинаық-санитарлық саясаттың барлық аналарға қатысты бірізді қолданылуын қамтамасыз ету үшін оларды жүзеге асыру тәртібіне қатысты ұсынымдар енгізілуі тиіс. Сонымен қоса, саясатта басқару процедураларын қалай орындау керек екені нақты жазылуы тиіс. Негіздеме Жинақ ережелерін орындау аналарға және жаңа туылған нәрестелерге қызметтер көрсететін медицина мекемелері үшін мәні зор, себебі, ана сүтін алмастырушыларды таратуды алға бастыру ана сүтімен емізуге теріс әсерін тигізетін басты факторлардың бірі болып табылады. Саясат практиканы жүзеге асыруға итермелейді. Медициналық қызметтерді жеткізушілер және денсаулық сақтау мекемелері бекітілген саясатқа сай әрекет етуге міндетті.
1.с. Мәліметтерге ұдайы мониторинг жүргізу және оларды басқару қажет. Медицинамекемелерінегізгі сегіз клиникалық практикаға қатысты мәліметтерге мониторинг жүргізуі және оларды басқаруы тиіс.
2. Медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі. Емшектегі балаларды тамақтандыру саласында қызметтер көрсететін, соның ішінде ана сүтімен емізуде қолдау көрсететін медицина мекемелерініңанасүтіменемізугеқатысты жеткілікті білімі, кәсіби біліктілігі мен дағды- машықтары болуы тиіс (13-ұсыным). Ана сүтімен емізуді қолдаудағы негізгі клиникалық практика
3. Жүкті әйелдермен және олардың отбасыларымен ана сүтімен емізудің маңызды мәнін және техникасын талқылау қажет Ана сүтімен емізу мәселелеріне қатысты ағарту жұмыстарында оның сәбилер үшін де, аналар үшін де маңызды мәні, әрі балаларға арналған қоспалармен және басқа да ана сүтін алмастырушылармен тамақтандыруға қатысты қауіп-қатерлер туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
4. Босанудан кейінгі жедел жәрдем. Босанудан кейін ана мен баланың мейлінше ертерек және үздіксіз «терімен теріге» жанасуын ынталандыру және аналарға ана сүтімен емізуді босанғаннан кейін мейлінше ертерек бастауға көмектесу керек. Ішкі мониторинг «Сәтті емізудің он қадамын» енгізу ұзақ уақыт бойытұрақты сипатта болуына септесетін болады Бала емізетін аналарға уақытылы және тиісті көмек қызметкерлер сондай көмекті көрсету үшін жеткілікті білімге, біліктілікке және дағдыларға ие болса ғана көрсетіле алады. Медицина қызметкерлерін оқыту тиімді дағдыларды жетілдіруге, ақпараттық жұмыспен жүйелі айналысуға және саясатта бекітілген стандарттарды сақтауға мүмкіндік береді. Барлық жүкті әйелдер негізді шешімдер қабылдай алуы үшін ана сүтіменемізу туралынегізгі ақпаратқа ие болуы тиіс Ана мен баланың мейлінше ертерек және үздіксіз «терімен теріге» жанасуы нәрестенің физиологиялық іздеу рефлексін ынталандырады, аталмыш рефлекс емшекті іздеу және сору сияқты мінезқұлықтық дағдыны қалыптастыруға және орнықтыруға көмектеседі. Емшек соруды ерте бастау ана сүтінің түзілуіне жол ашады және лактацияны жылдамдатады. Оған қоса, ана мен баланың ертерек «терімен теріге» жанасуы нәрестенің ішегіне микрофлора қоныстануына септігін тигізеді және нәрестенің ағзасы тоңып қалуына жол бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |