«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет4/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Тәрбие жұмысы жинағы

ә) дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта түсу, сөздік қорын молайту;
б) тәрбиелік: салауатты өмір салтын қалыптастырып, атағы әлемді жарған спортшыларымыздан үлгі-өнеге алуға, зиянды әдеттерден аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбын хабарламас бұрын келесі көрініске назар аударыңыздар.
(«Шашбаулымның» әніне салып екі оқушы шығады, біреуі орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетіп отырады).
Бұл отырған шылымқор, Сорады көп шылымды ол, Қанша айтсаң да, алмайды, «Тартпа» деген тіліңді ол. Қой, десең де, қоймайды, Көк түтінге тоймайды Сора-сора уыты, өн бойыңды жайлайды. Кірпік әсте қақпайды, Жөтел қысып жатпайды, Бірақ шылым сорғанда, Аузы тыныш таппайды. Шылымсыз тек жүрмейді Жоқ боп қалса тілдейді, Бірақ оның зиянын, білсе-дағы білмейді.
Мұғалім: Бұл тыңдағандарыңыз – шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі дөңгелек үстеліміз осындай қоғамдық құбылыстар – темекі мен алкоголь туралы болмақ. Яғни бүгінгі тақырыбымыз – «Пайдалы және зиянды әдеттер» деп аталады. Барлығымыз да қатысып отыралық.
Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет бізге қайдан келді?
(Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез).
Темекінің құрамында нелер бар?
(Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні).
Темекі шегу неге әдетке айналды?
Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді?
Жер бетіндегі көптеген адамдар темекі тартса да өмір сүріп жатыр. Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Оның қандай зияны бар, кім айта алады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет