Терминологиясы


Алғашқы газет-журналдардың



Pdf көрінісі
бет28/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124
Алғашқы газет-журналдардың 
термин жасаудағы рөлі
XX ғасырдың бас кезі қазақ елі үшін рухани оянуға же-
телеген сəт еді. Осы кезеңде болған алуан түрлі əлеуметтік, 
саяси өзгерістер қоғамдық өмірге де көптеген жаңалық 
əкелді. Халықтың сана-сезімі оянып, арта түсумен байла-
нысты баспа ісі де ілгері дамыды. Ол процесс қазақтың 
баспасөз тарихынан анық аңғарылады. Төңкеріске дейінгі 
аз уақыттың ішінде көптеген газет-журналдар жарық көрді. 
XІX ғасырда 30 жылдай мерзім ішінде шығып келген га-
зеттермен салыстырғанда, бұл мерзім ішінде жарық көрген 
газет-журналдар саны жағынан болсын, сапасы жағынан 
болсын, өз беттерінде көтерген мəселелердің шеңбері мен 
тереңдігі жағынан болсын көш ілгері еді. Соның ішінде, 
əсіресе «Айқап» журналы қазақтың жазба əдеби тілін, оның 
жақсы дəстүрлерін əрі қарай дамытуда, жалпыхалықтық 
тілдің кейбір стильдік тармақтарын қалыптастыруда, оның 


92
терминологиялық лексикасын жасауда орасан зор қызмет 
атқарды. Бұл газет-журналдар беттерінде журналистік жаңа 
жазу үлгісі, əдебиеттің əртүрлі жанрлары қалыптаса баста-
ды. Публицистика тіліне тəн көптеген термин сөздер мен 
терминдердің, грамматикалық единицалардың тұрақта-
луына осы кезеңдегі баспасөз тілінің əсері зор болды. 
Кейінгі кездегі баспасөз тілінен мықтап орын алған жаңа 
термин сөздер мен сөз орамдарының көбі-ақ алғаш осы га-
зет-журнал беттерінде қолданылып отырған. Елімізде болып 
жатқан саяси-əлеуметтік, қоғамдық, экономикалық, мəдени 
өзгерістерге байланысты кірген жаңа ұғымдарды дəл атап, 
баламалауда болсын, қазақ тілінің сөздік құрамын атау 
сөздермен, терминдермен одан əрі байыта түсуде болсын, 
сөз тудыру, терминжасам амалдарын жетілдіруде болсын, 
бұл мерзімді баспасөздің рөлі ерекше. Бұл ерекшеліктер 
баспасөз тілінің лексикалық құрамы мен грамматикалық 
құрылысынан айқын аңғарылады.
Əдетте, сөздік құрам деген атауға тілдегі сөздің жалпы 
көлемі сияқты ұғым жатқызылады. Ал бұл жерде біз мұны 
сəл басқашарақ мəнде, яғни газет-журнал тілінде сөз сап-
таудың, сөз тудырудың, қолданылған лексемалардың 
жанрлық-стильдік ерекшеліктері сияқты ұғымдарды сый-
ғызып отырмыз. Жанрлық, стильдік жағынан қарағанда, бұл 
кезеңдегі баспасөздің, əсіресе «Айқап» журналының тілі 
бірыңғай қалыптасты деп айта алмаймыз. Онда күнделікті 
өмірде қолданыла бермейтін, кітаби тілге тəн шетел 
тілдері мен түркі тілінің сөздері де, ауызекі сөйлеу тіліне 
тəн сөздер мен диалектизмдер де, терминдік лексиканың 
түрі – бұрын кездесе бермейтін, жалпы, жаңа сөздер де 
көптеп ұшырасады. Əрине, бұл кезеңдегі газет-журнал 
тілі лексикасының көпшілігі қазақ тілінің қай жанры, қай 
стилінде болсын қолданылатын ортақ сөздер болып келеді. 
Дегенмен, «Айқап» журналының сөз саптауында, жаңа сөз 
тудыруында өзіндік ерекшеліктер де байқалады.
XX ғасырдың бас кезіндегі баспасөз тілінде бір ұғымды 
білдіретін сөзді түрлендіріп, əртүрлі формада қолдану жиі 


93
ұшырасады. Мысалы, қазіргі əдеби тілімізде тұрақтанған 
білім, білік деген сөздермен қоса, онда білікті, білгі, білмір 
сияқты сөздер де жарыса қолданылып отырады. Əр нəрсеге 
білік керек, білік болмай бірлік болмайды, бірлік болмай 
тірлік болмайды («Қазақ», 1912, 21 ақпан, 3-б.). Бұл ту-
рада білгілерінің қараб тұрмай, журнал сахифаларында 
қаламлары жылдамырақ үлгеруі керек еді («Айқап», 1911, 
№7, 5-б.) «Айқап» журналы арқылы бағзы бір адамлар хоз-
ларынын, көңілдегі толқұб журган хиялдарына жала бізде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет