Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет6/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Жүйелілік туралы. Кейінгі кезде, əсіресе лингвистикалық 
əдебиеттерде, терминдердің жүйелі болу жағы жиірек əңгіме 
болып жүр. Ал енді бұл жүйелілік дегенді елдің бəрі бірдей 
дұрыс түсіне бермейтін сияқты. Əрқилы пікір бар. Мұның 
əркім əртүрлі жағын алып, өзінше түсіндіргісі келеді. Мəсе-
лен, белгілі терминолог-тілшілердің бірі В.А. Даниленко
9
мұның классификациялық мəніне баса назар аударып, сол 
тұрғыдан түсіндірмек болады. Əйгілі тілші А.А. Рефор-
матский
10
терминнің сөз жасамдық жүйесіне көбірек көңіл 
8
Гасымов М.Ш. Основы терминологии азербайджанского языка: Автореф. 
дисс. д-ра филол. наук. Баку, 1972; Орузбаева Б.О. Современная киргизская 
терминология // Советская тюркология. Баку, 1972. №4; Чернов И.Ф. К во-
просу о структурно-семантической классификации и образовании составных 
терминов современного чувашского языка. Чебоксары, 1979.
9
Даниленко В.П. Как создаются термины // Русская речь. 1967. №2. C.58.
10
Реформатский А.А. Что такое термин и терминология? // Вопросы терми-
нологии. М., 1961. С.54.


18
бөледі. Ал үшінші бір пікір осы айтылғандарды дамыта 
келіп, терминдер жүйесін екі түрлі ыңғайда қарастырады. 
Яғни оны, бір жағынан, терминологиялық жүйенің элементі 
ретінде, екінші жағынан, жалпы тіл жүйесінің элементі 
есебінде бағалайды
11
.
Түркология ілімінде де бұл жайында белгілі бір түсінік 
орныға бастаған тəрізді. Олардың қайсыбірі мына тек-
тес. Жүйелілік талабы термин құрайтын элементтер мен 
белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей байланысты. Іріктеу 
сəтінде ол белгілердің бір тектестігіне қатты көңіл бөлумен 
қатар, терминдер жүйесінің дұрыстығы белгілі жүйе бо-
йынша белгілерді іріктеуге ғана емес, сонымен бірге сол 
белгілердің қай түрде болатынына да байланысты екенін 
ескеру қажет
12
. Оның айтуынша, терминология жүйелілігі 
термин элементтерінің тіркесімділігіне, басқаша айтқанда, 
олардың орналасу тəртібіне де қатысты болады.
Жүйелілік тəртібі сақталатын жерде синонимдік қатарға, 
көп мағыналылыққа орын жоқ. Əсіресе, əрқилы қызмет 
атқаратын жалғау, жұрнақтарды белгілі бір мағынада қай-
талап қолдануға əуес болмаған жөн. Жалпы, қалайда термин-
дер жүйелілігі лексика тұрғысынан да, морфология тұрғы-
сынан да талап етілген дұрыс.
Жай сөздер табиғатына тəн кейбір грамматикалық ауыт-
қулар терминдерде болмауға тиіс.
«Терминология» терминінің өзін жете түсінбей, оның 
нендей мағынаны білдіретінін дəл танымай тұрып, бұл тура-
лы ғылымда жүйелі ой-пікір өрбіту қиын. Бұл ұғым, жалпы, 
ғылымда екі түрлі ыңғайда түсіндіріледі. Қалыптасқан пікір 
бойынша, жоғарыда əңгіме болғандай, «терминология», ең 
алдымен, тілдің арнайы лексикасының даму заңдылықта-
рын тексеретін ғылым саласы, сонымен бірге ол ғылым мен 
техниканың жеке салалары – терминдерінің жиынтығы.
11
Будагов Р.А. Введение в науку о языке. М., 1965. С.33, 36.
12
Гасымов М.Ш. Основы терминологии азербайджанского языка: Автореф. 
дисс. д-ра филол. наук. Баку, 1972. С.19.


19
Көптеген пікірлер ағынына қарағанда, терминология 
ғылымы шеңберінде мынадай мəселелер қарастырылып, 
шешім табуға тиісті:
1) ғылыми-техникалық ұғымдардың классификациясы
ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің арасындағы байланысты 
анықтау;
2) ұғымдар анықтамасын құру;
3) терминдерді талдап, іріктеп түзу;
4) терминдер жүйесін жасау.
Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар 
жүйесінен туындайды. Ол – осы құбылысты таңбалау үшін 
құрастырылған немесе сол жағдай үшін арнайы ойлап 
табылған шартты белгілер емес. Олар тілде бұрыннан бар 
белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда 
болады. Ал «номенклатураға» келетін болсақ, ол үшін ды-
быстар немесе мағыналылық шектеуден тыс сөздер алына-
ды, яғни номенклатуралық белгі ретінде алынатын сөздер-
дің мағыналық өрісін қумалап, оны сақтап жатудың қажеті 
шамалы. Номенклатуралық белгілер ғылыми ұғымдармен 
сəйкес келе бермейді, одан туындап жатпайды.
Терминология қисындық ұғынудың жоғары саты-
сы – адамдардың танымдық қызметін, соның нəтижесін 
тұрақтандыру, таңбалау құралы есебінде қолданылады. Ал 
номенклатурада абстракция шамалы. Номенклатура ар-
наулы объектілердің тізбесін ғана береді. Олардың өзара 
мағыналық байланыстарын іздеп жатпайды. Ал терминоло-
гия, керісінше, мұндай байланыстарға мəн беріп отырады. 
Сөйтіп, бір сөзбен айтқанда, терминология мағыналы сөз-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет