Тезистері кіріспе



Дата23.02.2016
өлшемі121.5 Kb.
#7656
ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАУЫРЖАН НҰРАЛЫҰЛЫ ҚАНИЕВТІҢ «АУДАННЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ 2014 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ» ЕСЕБІНІҢ

ТЕЗИСТЕРІ
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердердің дәстүрлі есеп беру кездесулері өткен кезеңнің ғана емес, атқарылған жұмыстардың сапалы өлшемі мен жасалынған жобаларды бағалаудың және келешектегі жобалар мен жоспарларды сараптауға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Өткен 2013 жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы уақытта мемлекетіміздің жаңа деңгейге шығуына бағытталған ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды қадамдар Елбасының 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты принциптерінің негізінде жүзеге асты.

Темір ауданының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылайтын болсақ және жоспарлы жасалынған жұмыстардың нәтижесінде әр салада бірқатар жетістіктерге жеткенімізді ескерсек, облыстың, республиканың экономикалық дамуына елеулі үлесімізді қосқанымызды атап өтуіміз қажет.


Алдыңғы кездесулер барысында тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініштер мен ескерту, ұсыныстардың орындалу туралы

2013 жылдың 1 мен 11 ақпаны аралығында өткен есепті кездесулерде тұрғындар тарапынан 11 округтен 10 сұрақ түсіп, бүгінгі күнге оның 8-і шешілді, 1-уі шешілу сатысында, 1-уі бақылаудан алынып тасталды.

Атап айтқанда:

1. Ауданда жастар саясатын жүзеге асыруды ұйымдастыратын штаттық бірлік бөлу мәселесі бойынша өз алдына әкімдік жанынан Жастар ресурстық орталығы ашылып, мамандармен қамтылды. Бұл мекеме аудан жастарына қолдау жасау, талантты жастарды насихаттау, көпшілік шаралар өткізумен айналысатын болады.

2.Ауданда кәсіптік техникалық оқу орнын ашу мәселесін шешу бойынша Шұбарқұдық кентінен салынатын 600 орындық кәсіптік-техникалық лицейінің (120 орынды жатақханасымен) құрылысына облыстық бюджеттен ЖСҚ-ын әзірлеу үшін 48 млн 840 мың тг. қаржы бөлініп, қазіргі таңда әзірлену үстінде. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Құрылыс жұмысын жүргізу 2014 жылға жоспарлануда.

3. Шұбарқұдық кентіндегі жаңадан салынған темір жол вокзалын пайдалануға беру мәселесін шешу бойынша Теміржол вокзалы ғимараты 2013 жылдың 8 сәуірінен бастап толық пайдалануға берілді.

4. Ақсай ауылындағы Н.Байғанин мектеп-балабақшасын спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша аудандық бюджеттен ІІ жартыжылдықта 500,0 мың теңге бөлу арқылы қыркүйек айында спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

5. Қопа ауылының инженерлік желілерін одан әрі кеңейтуді жалғастыру бойынша ауылдық округке «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1532,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен көше жарықтандыруға 800,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

6. Шұбарши, Тасқопа, Қайыңды ауылдық округтерінің интернет жылдамдығын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру үшін 2013 жылдың наурыз айынан бастап тұрғындардың сұранысына байланысты ЕVDО базалық аппаратына көшірілді.

7. Саркөл ауылдық округі Құмсай ауылының көшелерін жарықтандыру үшін Құмсай ауылының көшелерін жарықтандыруға және күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 250,0 мың теңге қаржы бөлініп, шешімін тапты.

8. Темір қаласының көшелерін жарықтандыруға және күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.

9. Ащысай ауылындағы Ы.Алтынсарин бастауыш мектебіне күрделі жөндеу жүргізу немесе басқа ғимаратқа көшіру бойынша аудан әкімдігінің 01.08.2013 жылғы №230 Қаулысымен елді мекенде оқушылар санының азайуына байланысты Ащысай ауылындағы Ы.Алтынсарин бастауыш мектебі таратылды. Сол себепті, аталған сұрақ бақылаудан алынып тасталды.

10. Ауданда радио хабар тарату үшін радио байланысын қамтамасыз ету бойынша «Қазтелерадио» АҚ 2013-2016 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2013-2014 жж. Шұбарқұдық кентінде, 2015 жылы Темір қаласында, Алтықарасу, Қопа, Кеңқияқ ауылында радио хабар таратқыштарды орнату жоспарлануда.
Өндіріс өнеркәсібі

Жыл қорытындысы бойынша мұнай өнімінің көлемі 160066,0 млн теңгені құрады. Оның ішінде мұнай өндіру 159427,7 млн теңгені құрады. Аудан көлемінде жұмыс жасап тұрған алты наубайханада 7200,0 мың теңгеге 110,3,0 тонна нан пісірілді.

«Қызылжар-2030» ЖШС-де 502,7 тепловоз 636,9 млн. теңгеге жөндеуден өтті.

«Шұбарқұдық-жылу» КМК мекемесі мен басқалары жыл бойына 27,5 млн теңгеге қызмет көрсетілді.


Салық және бюджеттік саясат

Ауданның кіріс бөлігі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2783,7 млн.теңгеге нақтыланса, бюджеттің шығыс бөлігі 3 345,0 млн теңгені құрады.

Осы мерзім ішінде барлығы 926 жеке кәсіпкерлерге патент беріліп, бюджетке барлығы 1 411,0 мың теңге салық түсірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік

Ауданымыздың экономикасын дамытудың бөлінбес шарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жандандыру, бизнесті қолдауға инфрақұрылымды дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі күнге аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 1311 бірлік.

Тіркелген 1311 субьекті иелерінің 596-ы әйелдер. Кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде 50-і заңды тұлға, 288-і шаруа қожалығы, 973-і жеке тұлғалар. Сала бойынша талдаса 236-ы көлік және байланыс, 457-і сауда-саттық, 35-і дәмхана мен шайхана, 245-і басқа қызмет түрлерін атқарады.

Ауданда 50 заңды тұлғаның: 5 бірлігі өндірісте, 6 бірлігі ауылшаруашылығында, 13 бірлігі құрылыста, 8 бірлігі көлік және байланыста, 10 бірлігі сауда-саттықта, 1 бірлігі дәмхана, 7 бірлігі басқа қызмет түрлерін атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлікте 3938 адам қызмет жасайды. Өткен бір жылда 5 заңды тұлға, 14 шаруа қожалығы, 215 жеке кәсіпкерлік бірліктері ашылды, барлық 234 кәсіпкерлік субъектілерің 121-ін әйел кәсіпкерлер құрады, яғни 51,7 пайыз.

Кәсіпкерлік саласында өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтер көлемі 8048,4 млн.теңге болды. Бюджетке 925,5 млн. теңге салық түсті.

2013 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 45 кәсіпкер 151,1 млн теңгенің несиесін алып, кәсіптерін кеңейті, шаруашылықтарын түзеді.


2014 жылға арналған міндеттер:

-Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру;

-Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санын көбейту;

-«Бизнестің жол картасы -2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламалары арқылы 30 адамды кәсіп ашу үшін 46,0 млн теңге несиемен қамту және 10 адамның кәсібіне инженерлік инфрақұрылым жүргізіу үшін 18,5 млн теңге бөлу;

-Шағын несие ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау, қаржы тарту.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Бүгінгі күнге ауданда 295 ауыл шаруашылық құрылымдары, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 288 шаруа қожалықтары тіркелген.

2013 жылы 6 861 277,0 мың теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. Аудан бойынша мал басынан ірі қара 39 914 бас , оның ішінде 17 284 бас сиыр, қой-ешкі 112 354 бас , жылқы 1 679 бас , түйе 285 бас, құс саны 37 000- ға жетті.

Осы мерзім аралығында 9 202,5 тонна ет (тірілей салмақта), 22 400 тонна сүт, 4 400 мың түйір жұмыртқа өндіріледі, 350,9 тонна жүн алынды.

Шаруашылықтарда барлығы 4221 га жерге егіс егілсе, оның 3800 га дәнді дақылдар құрады. 6 шағын наубайханада жалпы құны 7200,0 мың теңгеге 120,0 тонна нан пісірілді.

Ауданда жұмыс жасап тұрған 4 мал қорымын ұстауға 1 125,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Аудандағы ауылшаруашылық құрылымдарына субсидиялар төлеу ұйымдастырылды, асыл тұқымды мал басын сақтауға 65 шаруашылыққа 49 140,0 мың теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыруға 58 шаруашылыққа 14 584,0 теңге төленсе, асыл тұқымды мал сатып алуға 51 шаруашылыққа 14 228,0 теңге, аналық қой басын алған 4 шарушылыққа 412,0 мың теңге , мал азығын дайындауға ( шөп ) 20 шаруашылыққа 6 619,0 мың теңге, егіс егуге жұмсалған жанармайды ішінара арзандатуға 3 шаруашылыққа 920,0 мың теңге барлығы 84 212,0 мың тенге төленді.

Аудан көлемінде орналасқан базарларда барлығы 41 800,0 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

Ауылшаруашылық құрылымдарында барлығы 184,0 млн теңге инвестиция, оның ішінде 137,0 млн теңгесі негізгі қорға салынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ірі қара малын сатып алуға 12 шаруашылық 65 420,0 мың. теңгеге несие, 1 шаруашылық «Агрокредиттік несие корпорациясы» арқылы 15 000,0 мың теңге, барлығы 80 420,0 мың теңге алып, бүгінгі күнге 415 бас мал сатылып алынды.

Аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде модульдік үлгідегі мал сою пунктында 273 бас сиыр, 21 бас жылқы, 8 бас қой сойылған.

Аудандағы сиыр малын қолдан ұрықтандыратын пунктте 550 бас сиыр ұрықтандырылды.
2014 жылға арналған міндеттер:

-«Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру жолымен мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын күшейту, шалғай жайылымдық қой шаруашылығын және ірі қара, жылқы шаруашылығын дамыту;

- Ірі мал шаруашылығы кешендерінің құрылысын салуға ықпал ету, оның ішінде:

-Ақсай ауылдық округінде «Ақсай-Агро» ЖШС-нің ірі қара малына арналған мал бордақылау кешендерінің құрылысын аяқтау;

-Шұбарқұдық ауылдық округіндегі «Үміт» ШҚ ірі қара малына арналған мал бордақылау кешендерінің құрылысын аяқтау;

-Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жұмыстарын жандандыру, дамыту.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Мемлекет басшысы өз Жолдауында су, жылу, электр және газбен қамтамасыз ету жүйесін жандандыруды, сондай-ақ, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құру қажеттігі туралы тапсырма берген болатын.

Өткен жылғы маңызды жұмыстар, ол көп жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген Шұбарқұдық кәсіпшілігінің су желілерін қайта жаңарту жұмысы мен Шұбарқұдық кентіндегі ұзындығы 16,5 км жылыту желісін қайта жаңғырту жұмысы болды.

Ақсай ауылында су желілерін жүргізу құрылысы үшін жобалау сметалық құжаттама дайындалды.

«Шұбарқұдық-жылу» КМК мекемесінің инженерлік желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 10300,0 мың теңге бөлініп игерілді.

2013-2014 жылдарға жоспаланған Саркөл, Құмсай, Шұбарши ауылдарын су құбырларын одан әрі кеңейту жұмысы жүргізілді.

Аудандық маңызы бар 92 км автомобиль жолдарын күтіп ұсталды. Жолды қысқы мезгілге дайындау мақсатында жергілікті бюджеттен 500,0 мың теңге бөлінді.

Аудан аумағындағы кондоминиум объектісін құруға, дамытуға байланысты Шұбарқұдық кентінен 3 үйге және Кеңқияқ ауылынан 3 көпқатарлы үйге, барлығы 6 көпқатарлы тұрғын үйге техникалық құжаттар дайындалды. Аталған үйлерді жаңғырту үшін кондоминиум объектілері ашылып, заңды органдарда тіркелді. Аудан аумағындағы сатып алынған 12 коммуналдық үйлердің құжаттарын рәсімдеу бойынша жер актілері алынып, техникалық құжаттары рәсімделді.

Тұрғын үй комиссиясының шешімімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде 34 бюджеттік ұйым қызметкері, әлеуметтік жағынан қорғалатын 38 азамат, 36 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кезекке қойылды.



2014 жылға арналған міндеттер:

-«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша:

- Шұбарқұдық кентінде 3 көпқатарлы үй, Кеңқияқ ауылында 3 көпқатарлы үйді жөндеуден өткізу;

- Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

-Ақсай ауылында су желілерін жүргізу құрылысының жобасы бойынша ЖСҚ-ын мемлекеттік сараптамадан өткізу.

- Саркөл, Шұбарши округтері су құбырлары желісін кеңейту.

- Кеңқияқ ауылының кәріз жүйесін қайта жаңғырту.

- Шұбарқұдық кентінің кәріз жүйесін қайта жаңғырту.

- Темір қаласының су желісін қайта жаңғырту.

- Ақтөбе-Покровке-Кеңқияқ облыстық маңызы бар тас жолын жөндеу жұмысын аяқтау.


Байланыс саласы

Аудан бойынша бүгінде 6469 телефон нүктесі бар, өткен бір жылда 159 телефон нүктесі орнатылған. Аудан бойынша 361 үйге «Otau TV» жерсеріктік қондырғысы жеңілдетілген бағамен орнатылды. Бүгінде аудандағы 7529 жеке үйлер мен пәтерлердің 5235-і немесе 70,0 % үй «Otau TV» телеарнасымен қамтылып отыр.


2014 жылға арналған міндеттер:

-Байланыс саласын дамыту бойынша нақты іс-шараларды жүзеге асыру;

-Аудан бойынша телефон нүктесінің санын арттыру, интернет желісі жылдамдығын жақсарту;

-«Otau TV» жерсеріктік қондырғысының қолжетімділігін арттыру;

- «Қазақ», «Шалқар» радио хабарларын таратқыштарын қондыруға ықпал жасау.
Жер қатынастары

2013 жылы 288 шаруа қожалығы 492 621 га. жерде, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері 50 607 га. жерде шаруашылық жұмыстарын жүргізді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жалпы көлемі 41000 га құрайтын 59 жер телімінің келісім шартын мерзімінен бұрын тоқтатып, ауданның жер қорына қайтарылды.

Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы мақсатында жалпы көлемі 121425 га құрайтын жер телімінің келісім шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылып, ауданның жер қорына қайтарылды. Өнеркәсіп жерлері бойынша КМК «Мұнай» АҚ, «Батыс-Мұнай» ЖШС, «Ас-Ер Компания» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өз бетінше жер учаскесін иеленіп алғаны анықталды. Ақтөбе облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына беріліп, тиісті шарасы алынды.

2012-2013 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншік құқығына берілген 58 жер учаскесі нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталып, 13 жер учаскесі сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылып, қалған 45 жер учаскесінің тексеру кезінде берілген заң бұзушылықтар жойылып, орындалды.

2014 жылға арналған міндеттер:

-Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін айналымға тарту жұмыстарын жалғастыру,

-Жеке тұрғын үй құрылысы үшін беріліп, пайдаланылмаған жер учаскелерін немесе заңбұзушылықпен пайдаланғандарды анықтап, мемлекет меншігіне қайтару;

-Жер пайдаланушылардың жерді тиімді, мақсатты пайдалануларына бақылауды күшейту.

Сәулет және қала құрылысы

«Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 41 613,0 мың теңге қаралып толық игерілді. Шұбарқұдық кентінен екі пәтерлік төрт тұрғын үй салынды, Шұбарқұдық кентінен 2014 жылы салынатын бір пәтерлік 7 тұрғын үй құрылысына ЖСҚ-ы жасақталды.

«Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 16 116,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Облыстық бюджеттен бөлінген 4 800,0 мың теңгеге  Шұбарқұдық кенті «Қызылжар» шағын ауданына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы жұмыс жобасына ЖСҚ-ы жасақталды.

«Білім нысандарын қайта жарақтау мен құрылыстарын дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылы облыстық бюджеттен 174 751,0 мың теңге қаржы бөлініп толық игеріліп, Шұбарқұдық кентінен 280 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ-ы жасақталуда және Шұбарқұдық кәсіпшілігінен 320 орындық мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылды.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 10 000,0 мың теңге қаралып, 9 874,8 мың теңге толық игерілді.

Жеке тұлғалардан тұрғын үй және қосымша құрылыстар салуға 436 арыз қабылданып толықтай қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының Тұрғын үй бағдарламасына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарына салынып біткен 148 жеке тұлғаның үйлеріне қабылдау актілері жасақталды.



2014 жылға арналған міндеттер:

-Шұбарқұдық кенті «Қызылжар» шағын ауданының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы жұмыс жобасына ЖСҚ әзірлеу;

-«Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бағдарламасына жоба тапсыру, қарқынды жүргізу.
Денсаулық саласы

Елбасы өз Жолдауында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі,- деп атап өтті.

Аудан бойынша 68 төсек орынды орталық аурухана, 15 төсек орынды Кеңқияқ селолық ауруханасы, 60 төсек орынды туберкулез ауруханасы, 5 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік және 16 медициналық пункті тұрғындарға қызмет етеді, 12 айда

2 548 науқас ауруханалық ем алды.

Денсаулық сақтау саласындағы айтулы оқиға 250 адамды қарауға арналған Темір аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімі жаңа ғимаратының салынып, пайдалануға берілуі болды. Емхана заманауи жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталып, тұрғындарға оңтайлы қызмет жасауға мүмкіндік алды.

Ауданда демографиялық жағдай жыл сайын жақсарып келеді. 2013 жылы 851 бала дүниеге келсе, 216 адамның өлімі тіркелген, табиғи өсім 635 адамды көрсетіп отыр.

Скрининг әдісімен 0-18 жас аралығындағы 11071 балалар мен жасөспірімдер медициналық тексерулерден өткізілді.

Туберкулезге қарсы 23 219 тексерулер жүргізілді. Аудан әкімдігімен туберкулезбен ауыратындарды оңталту мақсатында 3 468,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, 72 науқасқа тамақ пакеттері берілді, 8 науқас жұмысқа орналастырылды.



2014 жылға арналған міндеттер:

-Ана мен бала өлімін, қан айналу жүйесі аурулары, онкологиялық аурулар салдарынан болатын өлімді, туберкулезді азайту іс-шараларды жүзеге асыру;

-Көліктік медицинаны дамыту бойынша жұмыс жүргізу;

-Білікті кадрлармен қамтамасыз ету жұмысын жетілдіру;

-«Саламатты Қазақстан - 2020», «Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламаларын жергілікті жерде жүзеге асыру;

-Салауаты өмір салтын насихаттау.
Білім беру

Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында экономиканың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге бағытталған білім берудің қазіргі заманғы моделін құру қажеттігін атады. Осы бағытта 2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасайды.

Білім беру саласында оқу жылын 30 мектеп 6200 оқушымен бастады. 16 балабақшада 1000 бала тәрбиеленуде, 4 мектептен тыс мекемеде 770 оқушы, мектеп жанындағы 5 интернатта 113 тәрбиеленуші, 8 мектептің 11 ұзартылған күн тобында 280 бала тәрбиеленуде.

Білім беру ұйымдарындағы компьютерлер саны 603-ке жетті, аудан бойынша 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді.

Білім беру мекемелерін ұстау үшін 2013 жылға бюджеттен 2 309 678,0 мың теңге бөлінді. Облыстық бюджет қаржысы есебінен С. Бәйішов орта мектебіне ішінара күрделі жөндеу жұмысы жасалды, аталған ғимараттың сыртқы фасады мен қалған бөліктерін жөндеуден өткізуге алдағы жылдары да қаржы бөлінетін болады.

Шұбарқұдық кәсіпшілінде 320 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Шұбарқұдық кәсіпшілігіндегі «Айгөлек» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, қосымша 25 орынмен толықты.

Сондай-ақ, салынғалы жөндеу көрмеген Шұбарқұдық кентіндегі «Балауса» балабақшасына да осы бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Осы бағдарламаның арқасында құрылыс жұмыстарына уақтыша 48 адам жұмыспен қамтылды.

Жалпы білім беру қорына бөлінген 19018,0 мың теңге жетім, аз қамтылған отбасы балаларына азық-түлік, ақшалай көмек, жазғы демалыс лагерлеріне сауықтыруға жұмсалды. 1-4 класс оқушылары тегін ыстық тамақпен толық қамтылып отыр.

Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындау мақсатында мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 8,0 млн теңге бөлініп, барлық мектептерде әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді.

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру шараларына аудан бойынша 5 494 оқушы демалды.

Жергілікті бюджеттен мектеп жанындағы лагерьде демалатын оқушылардың тамағына 4,0 млн теңге, аз қамтылған отбасы балаларының демалысына жалпы білім беру қорынан 4,0 млн теңге бөлінді.

Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін аз қамтылған отбасы балаларын оқулықтармен қамтамасыз етуге6 467,0 мың теңге бөлінді.

Аудан бойынша 19 мектеп физика кабинеті жабдықтарымен (76%), 12 мектеп ЛМК-мен (40%), 12 мектеп химия кабинеті жабдықтарымен (48%), 9 мектеп биология кабинеті жабдықтарымен (36%), 15 мектеп интерактивті тақта жабдықтарымен қамтылған.

2013 жылғы мектеп бітіруші 459 түлектің 303-і немесе 70,8 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеуге Шұбарқұдық гимназиясы, Қопа орта мектептерінің түлектері 100 пайыз қатысты.

2013 жылғы тестілеу қорытындысына сәйкес орта балл – 68,0 пайызды құрады.

Өткен жылы Шұбарқұдық кентіндегі № 4 орта мектеп, Ж.Кереев атындағы орта мектеп жанындағы интернатты, Темір қаласындағы «Айгөлек» балабақшасын, Ақсайдағы Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшаны, Саркөл орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттама жасалды.



2014 жылға арналған міндеттер:

-Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізу;

-Жоғары және бірінші санатты жоғары білікті педагогикалық қызметкерлер үлесін арттыру арқылы білім сапасын арттыру;

-Еңбек нарығының қажеттілігі бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыру.

- Шұбарқұдықта № 4 ОМ, Ж.Кереев орта мектебі жанындағы интернатқа, Ақсай ауылындағы Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшаға, Темір қаласындағы «Айгөлек» балабақшасына, Саркөл ауылындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.

- Шұбарқұдық кентінде 280 орындық балабақша құрылысын жүргізу.

- ҰБТ нәтижелерін жақсарту жұмысын күшейту.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Экономикалық әлеуеттің өсуі, шаруашылық объектілерін кеңейту мен жаңа объектілерінің ашылуы аудандағы еңбек нарығында жұмыссыздықты азайтуға өз ықпалын тигізді.

Бүгінгі күнге аудан бойынша кедейленген және аз қамтылған 2 отбасының 9 адамына 261,2 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сол сияқты балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 445 отбасының 1269 баласына 16 943 мың теңге тағайындалып, төленді.

Өткен жылы 726 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды, 622 адам түрлі жұмыстарға орналастырылды, 250 ақылы қоғамдық жұмыспен, 88 адам әлеуметтік жұмыс орнымен, 50 адам жастар практикасымен қамтылды.

Тұрғын үй жәрдемақысы 90 отбасының 397 адамына 750,0 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 58 мүгедек көмекші гигиеналық құралдармен қамтылса, 20 мүгедек сурдо-тифлотехникалық құралдармен, 6 мүгедек кресло-арбамен қамтылды. 4 мүгедек адам Алматы қаласына протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ететін орталыққа тегін жолдамамен жіберілді. Сондай-ақ, 15 мүгедек Шымкент қаласында сауықтыру орталығында тегін ем алды.

Коммуналдық төлемдерден жеңілдік беру бойынша 363 адамға 10191,5 мың. теңге жеңілдіктер төленді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 38 адам кәсіптік оқу, қайта даярлаудан өтті, 162 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылып, жыл аяғына дейін оның 113-і тұрақты жұмысқа қалдырылды, 35 адам жастар практикасына тартылды. Бағдарлама арқылы 28 адам 57 млн. теңге несие алса, 5 кәсіпкердің нысанына 10 млн теңгеге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілері тартылды.



2014 жылға арналған міндеттер:

- 670 адамға жаңа жұмыс орнын ашу, 500 адамды жұмысқа орналастыру, 80 адамды әлеуметтік жұмыс орнымен қамту, 250 адамды ақылы қоғамдық жұмыспен, 70 адамды жастар практикасымен қамту.

- «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 50 адамды әлеуметтік жұмыспен, 30 адамды жастар практикасымен, 32 адамды кәсіптік оқу, қайта даярлаумен қамту және 30 адамға 43,0 млн. теңгеге несие алуға жәрдем көрсету, 14 адамның кәсібіне 18,5 млн теңге бөлу арқылы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартуға жәрдемдесу, 10 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

-Жұмыссыз азаматтарға шағын несие ұйымдары арқылы несие алуға қолдау көрсету;

-Еңбекақы берешегін жою, болдырмау бағытында жүйелі жұмыс атқару.

- Жүргізілетін құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тарту.


Мәдениет

Ауданда 29 мәдени мекеме жасайды. Өткен жылы Шұбарқұдық кентінде балалар кітапханасы ашылды. Бүгінде аудандағы кітап қоры -147682, мемлекеттік тілде – 56844 данаға жетті. Мемлекеттік тапсырыс арқылы 2500 жаңа кітап алынды.

Тасқопа ауылдық клубының материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында демеушілік арқылы клуб ғимараты жөндеуден өтті, құрал-жабдықтармен қамтылды. Алтықарасу ауылдық мәдениет үйіне, Кеңқияқ мәдениет үйіне музыкалық аппаратуралармен қамтылды. Ауданда облыстық деңгейдегі байқаулар мен шаралар өтті.



2014 жылға арналған міндеттер:

- Алтықарасу ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу;

-Мәдениет мекемелерін лайықты күтіп ұстау, материалдық-техникалық базасын жақсарту.


Мемлекеттік тіл саясаты

Ауданымызда іс-қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің үлес салмағы 99%-ды құрайды. Тілдерді қолдану мен дамытудың өзекті мәселелерін шешуге бірыңғай бағыт беру мақсатында, тілдік ортаны кеңейтуде аудандық бюджеттен 2013 жылға 500,0 мың теңге бөлініп, оның 100,0 мың теңгесіне стенд және көрнекіліктер, баннерлер жасалса, 400,0 мың тенгесі мәдени шараларға жұмсалды.

Дәстүрлі түрде «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» аудандық фестивалі аясында маңызды шаралар ұйымдастырлды.

2014 жылға арналған міндеттер:

-Қазақ тілін отбасылық құндылық ретінде түсіндіру, насихаттау шаралар жүйесін іске асыру;

-Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін, іс-қағаздар жүргізу деңгейін арттыру бағытында жұмыс атқару.
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласы

2013 жылы өз алдына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ашылды.

Темір ауданы бойынша бүгінгі күнге -37003 тұрғын болса, оның ішінде 22,2%, яғни 8220 адам жүйелі түрде бұқаралық спортпен шұғылданушылар қатарына енеді. Қазақстан Республикасы дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының міндеттеріне сәйкес 2014 жылы бұл көрсеткіш 24% құрауы керек. 2013 жылы ауылдық округтерге алынған мамандарға бұқаралық спортты дамыту жұмыстары функциональдық міндеттеріне қосылды. Әр округте салалық бағдарламаның басты міндеттерінің бірі - спорттық нысандардың тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы спорт залдарын пайдалану кестелері бекітілуде.

2013 жылы спорттық нысандар саны артты. 2 жасанды жамылғы төселінген бірнеше спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беретін спорт алаңы Шұбарши, Саркөл ауылдарында салынса, хоккей корты Шұбарқұдық кентінде салынды. Сонымен қатар, жаңадан Шұбарқұдық кәсіпшілігінде салынған мектеп арқылы спорт залдарының да саны 1 бірлікке артты.

Өткізілген спорттық шаралар бойынша бөлім ашылған уақыт аралығында аудандық деңгейде 9 шара өткізіліп, оған 920 спортшы қатысты. 28-29 қыркүйек күндері Кеңкияқ кентінде «Ақбидай – 2013» ауыл жастары спартакиадасы өткізілді. Спорттың 9 түрінен ұйымдастырылған айтулы ауыл жастары додасына ауданымыздың 11 округінен 350 спортшы қатысып, бағын сынады.

Осы уақыт аралығында аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына 350 000 теңге, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейде спорттық жарыстар өткізуге 305 000 теңге қаржы бөлініп, мақсатты жұмсалды.



2014 жылға арналған міндеттер:

-Облыстық және аудандық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру жұмыстарын кеңейту;

-Бұқаралық спортты дамыту, аула клубтарын ашу арқылы тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту;

-Спорттық материалдық базаны жетілдіру бойынша жұмыс атқару;

-Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спорт түрлерін дамыту жұмыстарын жетілдіруді ұйымдастыру.
Кадр саясаты

Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 147 адамды құрайды, оның ішінде 1-уі саяси, 146 әкімшілік мемлекеттік қызметшілер. Жоғары білімді мемлекеттік қызметшілер саны – 111 адам.

Әйелдердің саны – 74 немесе барлық мемлекеттік қызметшілердің 52,4 пайызын құрайды. Аудандағы 13 депутаттың 4-еуі әйел адам немесе 30,7 пайызын құрайды.

2013 жылғы қала, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қорытындысына сәйкес 4 әкім қайта сайланса, 7 әкім жаңадан сайланды. Оның ішінде, 2-еуі әйел адам.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілер арасындағы жастардың үлесі 24,7 пайызды құрайды.

2013 жылы 33 мемлекеттік қызметші қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында курстан өтті.

Мемлекеттік қызмет саласындағы реформа нәтижесінде ауданының ауылдық округі әкімі аппараттарына жаңадан 26 штат саны берілді. Осының нәтижесінде 24 адам жаңадан мемлекеттік қызметке қамтылды. Қалған 2 бос штат бойынша кадр резервіне сұраныс берілді.

Жыл бойы аудан әкімдігіне 591 жеке тұлғадан жазбаша өтініш, жеке қабылдауда 41 өтініш түсіп, оның 170-і қанағаттандырылды, 141-і шешу үшін төменгі органдарға жолданды. Заңды тұлғалардан 161 өтініш түсіп, оның 66-ы қанағаттандырылды, 25-і төменгі органдарға жолданды.



2014 жылға арналған міндеттер:

-Мемлекеттік қызметшілердің заңнамамен бекітілген этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл міндеттерін бұлжытпай сақтауын қамтамасыз ету;

-Басшылық лауазымдарға лайықты әйел адамдарды жоғарылатуға жағдай жасау.

-Мемлекеттік қызметте кадлар резервін қалыптастырып, лайықты жастарды қызметтік өсіруді қамтамасыз ету.


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы

Темір ауданы бойынша тұрғындарға 8 бөлім және және 11 округ бойынша 68 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2013 жылы барлығы 18475 қызмет көрсетілсе, оның ішінде 4715 қызмет халыққа қызмет көрсету органдары арқылы, 13760 қызмет мемлекеттік мекемелер арқылы көрсетілді. Жалпы бір жыл ішінде 8075 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.



2014 жылға арналған міндеттер:

-Мемлекеттік қызметтердің түрлерін «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесіне тарату;

-Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызды қызметтерінің түрлерін электрондық түрге ауыстыруды жалғастыру.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес туралы

2013 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 45 түрлі іс-шаралар өтті. Өткізілген шаралар аудандық «Темір» газетіне мемлекеттік мекемелер тарапынан үнемі мақалалар жарияланып келеді.

Аудан әкімі жанында тәртіптік комиссия жұмыс жасайды. Комиссия мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтамау, еңбек тәртібін бұзу және құзырлы органдардан түскен ұсыныстарды қарайды.

«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжіриебесін кеңейту мақсатында барлық мемлекеттік органдарда, яғни 11 жергілікті округ әкімдіктері мен 12 аудандық бөлімдерде «Сенім телефондары» мен «Сенім жәшіктері» ілініп, аудандық «Темір» газетінде ақпарат ретінде жарияланды. «Сенім телефондары» мен «Сенім жәшіктері» аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелерде жұртшылыққа көрінетін жерге ілінді.



Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2014 жылдың 1 қаңтарына аудан көлемінде 260 қылмыс тіркелген. Қылмыстың ашылуы 100 пайыз.



Қорытынды

Өткен жылдың қорытындысы аудан экономикасының қарқынды дамып келе жатқандығын айғақтап отыр. Осылайша, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясынан туындайтын қысқа мерзімді және стратегиялық міндеттердің жүзеге асуына әрбір темірлік өз үлесін қосты деп білемін.



Алдыңғы кезеңде жергілікті атқарушы орган мен аудан тұрғындарының барлық күш-жігері мақсатты әрі шабытты жұмыс жасау арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет