Тыңдалым Данияр Маратұлы Елеусінов



бет1/4
Дата13.03.2024
өлшемі23.12 Kb.
#495215
  1   2   3   4
6 сынып ТЖБ


6 сынып. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқушының аты – жөні______________________________________________________
Сыныбы_____________________________________________________________________
Тыңдалым
Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылыКазталов ауданыБатыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Мараттың қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Елеусінов бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған. Ол Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада ойынының алтын медалін жеңіп алды. Атасы – жас кезінде күресші болған, 43 жыл ұстаздық қызмет атқарған. Әкесі - Елеусінов Марат Тәліпұлы (14.01.1961), ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокс жаттықтырушысы - оқытушысы біліктілігі жоғары. Анасы - Ғалия Нұрмұханова (1961 туылған) дене шынықтыру мұғалімі болған.
Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) Дене шынықтыру, жастар арасында
В) Қатысушылар , мұғалім
С) Оқытушы, ұстаздық қызмет
Д) Олимпиада чемпионы, спорт шебері 1 балл
2. Данияр Елеусіновтың жаттықтырушысы кім болған?
А) Анасы-Ғалия Нұрмұханова
В) Әкесі – Марат Елеусінов
С) Дене шынықтыру мұғалімі
Д) Алғашқы ұстазы 1 балл
3. Тыңдалым мәтіні бойынша 1 дұрыс ақпаратты табыңыз.




Мәтіндегі ақпараттар

Дұрыс

Дұрыс емес

А

Тараз қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Мараттың қол астында жаттығады.







В

Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы







С

2010 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті,









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет