Бауыр талмасы (кома) - бауыр қызметінің бұзылуынан болады. Гепатитте, бауырдың токсикалық дистрофиясында, циррозда туындайды. Дамуында қанда аммиак, бос май қышқылдары, фенол, метилмеркаптан көбейіп олар жоғарғы жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
Бауыр шаншуы (колика) - бауырда қатты ауырсыну пайда болады. Себептеріне несептас ауруы, жіті холециститті жатқызуға болады. Бауырды пальпация және перкуссия жасағанда қатты ауырсыну байқалады. Құсу, іш кебу, ішектердің перистальтикасы төмендеуімен, нәжістің, несеп бөлудің кідіруімен сипатталынады.
Бауыр циррозы.
Бауыр циррозы- бауырдың беріштенуі, бұл бауыр паренхимасының дистрофиясы мен некроздануымен (өліленуімен) сипатталатын, диффузды дәнекер ұлпасының өсуімен қабаттасып жүретін созылмалы, үдемелі ауру. Барлық малдың түрі, жиі иттер, жылқылар - қан сарысуын алатын жылқылар, зоопарк жануарлары ауырады.
Себептері. Созылмалы бауыр аурулары, әсіресе гепатит пен гепатоз, соңында циррозға ұшырайды. Сол себепті гепатит пен гепатоз тудыратын себептер бауырдың беріштенуін тудырады. Бауырға ұзақ мерзім азықтардың шіруінен пайда болған өнімдер, пестициттер, нитраттар және нитриттер әсер еткеннен болады.
Симптомдары. Ауру баяу өрбиді, азыққа тәбеті төмен, іш өтеді, соңында іші бітеледі. Жылқыда «шаншу» болуы ықтимал, ал ірі қара малда ұлтабаралды қарындардың атониясы және гипотониясы байқалады. Кілегейлі қабықтар бозғылт тартқан, сарғыштау. Қанға өт қышқылдарының көп мөлшері түскендіктен, теріде қасынған жерлер, есекжем немесе экзема, брадикардия.
Қанда гемоглобин мөлшері, эритроциттер (анемия), лейкоциттер (лейкопения) сандары азаяды, ЭШЖ жоғарылайды, бос билирубин мөлшері көбейеді. Қан сарысуында альбуминдер деңгейі күрт төмендейді, В және ү глобулиндер мен глобулиндер көбейеді. Белок-тұнба сынамасына оң реакция береді. Холинэстерезаның белсенділігі төмендейді, Ас Ат, сілтілі фосфатаза белсенділігі жоғарылайды, несепте уробилин мөлшері көбейеді, ал сарғаю кезінде билирубин мөлшері көбейеді. Нәжісте стеркобилин жоқ, түсі оңады (ахиллиялық).
Достарыңызбен бөлісу: |