Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері.
Қызметіне байланысты сүтқоректілердің тыныс алу жүйесі: тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі сияқты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс жолдарына мұрын қуысы, аңқа, көмекей, кеңірдек, әр түрлі арналы бронхтар (ауа-тамырлар), бронхиолалар (ауа-тамыршалар) және соңғы (терминальды) бронхиолалар жатады.
Газ алмасу бөлімін көпіршікті (альвеолалы) бронхиолалар, көпіршікті жолдар, көпіршікті қапшықтар және олардың қабырғаларындағы кӛпіршіктер (альвеолалар) құрайды.
Мұрын (nasus) және мұрын қуысы – тыныс жолдарының басталар
бөлігі.
Аңқа – жұтқыншақтың ауа өтетін бөлігі. Ол мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады.
Көмекей – larynx – аңқаны кеңірдекпен жалғастыратын түтікше мүше.
Кеңірдек – trachea – кӛмекейді ӛкпе бронхтарымен байланыстыратын түтікше мүше.
Өкпе – pulmones – (грек. рneumones) пішіні конус тәрізді, құрылысы қомақты кӛкірек қуысында орналасқан паренхи-малы газ алмасу мүшесі.
Өкпенің тыныс жолдарына бронхтар тарамының мүшелері жатады. Ал респираторлы бӛлімді немесе өкпенің газ алмасу бөлімін терминальды бронхиолалардан кезегімен тарамдалатын: альвеолалы бронхиолалар, альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар және олардың қабырғаларын тҥзетін альвеолалар құрайды.
Негізгі себептері. Тыныстану жүйесі ауруларын тудыратын көптеген себептерді негізгі екі топқа бөледі: малдарды күту мен азықтандыру технологиясы бұзылуларынан организмнің сыртқы әсерлерге қарсылық күшінің төмендеуі (уыз еметін және сүтпен қоректенетін кезеңдерде азықтандыру мөлшерлерін сақтамау, ыстықтық-ылғал тәртібінің бұзылуы, салқын тигізу, ауаның шаңдануы немесе газданып кетуі, серуендетпеу т.б.) және микроорганизмдер әсері.
Тыныс алу жүйесі ауруларының жіктелуі. Синдромдары
Тыныс алу жүйесінің ауруларына өте тән келеді келесі белгілер:
-жөтел:
-ентігу демікпе);
-мұрын куысынан сора ағуы:
- ассиметриялык тыныстану:
- сырылдар.
Осы белгілерімен бірге ауруға ұшыраған малдарда байкалады -солғындык ( бостык): - қалтырау ( әлсіреу) және козуы: - тәбеттін төмендеуі немесе жоғалуы: -өнімділігі төмендеуі - кондылығы төмендеу ( жүдеу, арықтау).
Достарыңызбен бөлісу: |