Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет41/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
id174798

3.1.Сурет.ISO жүйесі бойынша белгілеу: А-бордың жұмысшы бөлігінің 
материалы; Б-соңғы құйрық жағының диаметрі; В- жалпы диаметрі; Г-
жұмысшы бөлігінің пішіні; Д-жұмысшы бөлігінің абразивтілігі; Е-жұмышы 
бөлігінің диаметрі. 


3.2. Сурет.Қайта қалпына келтіру стоматологиясында қолдануға рұқсат 
етілген борлардың пішіні. 
3.2. СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕМХАНАДА ЖАНСЫЗДАНДЫРУ 
Стоматологиялық емнің нәтижелілігі жүргізілген емдеу шаралары кезінде 
ауру сезімнің болмауына тікелей байланысты. Стоматологиялық 
науқастарды емдеу сапасын замануи бағалау критериясы 
жансызандыруды қолдану болып саналады. 
Жансыздандыру тістің қатты тіндерін толықтай егеп тазалауды, 
инфекцияланған дентинді алып тастауды, пломбалық материалдың 
қуыста жақсы тұруын, ретракциялық жіптерді ангізуде ауырмауды 
қамтамасыз ету керек. 
Бүгінгі таңда астыңғы жақтың бірінші үлкен азу тісін емдеуде 100% 
жансыздандыруды 0амтамасыз ететін жансызданыдру әдісі мен заттар 
жоқ. 
Стоматологтар тістерде тісжегіні емдеу кезінде қолданады: 
аппликациялық(беткейлік) жансыздандыру, аэрозоль,гель, 
қойыртпақ, қабықтүрінде; 
инфильтрациялық әдіс, анестетикті әртүрлі аймақатға егеді: 
–кілегей қабық астына; 


–сүйекүстіқабыршағы астына; 
–интрасептальді; 
–интралигаментарлы (байламішілік); 
–ұлпаішілік;–өзекішілік. 
Клиникалық тәжірибеде инфильтрациялық анестезияда 
жансыздандырғыш ерітіндіні көбіне ауыздың кіре берісінде кілегей 
қабықасты бар өтпелі қатпарға, ал үстіңгі жақта тістердің түбір ұшы 
проекциясынан аздап жоғары, астыңғы жақта тістердің түбір ұшы 
проекциясынан аздап төмендеу жасайды. 
Инені альвеолярлы өсіндісіне 45 градуста кілегей қабықтың өтпелі 
қатпар астына, иненің қиығын сүйекке қарата отырып енгізеді. 
Анестетикті аз мөлшерде ақырын қарпуланың жартысын егеді. 
Интрасептальді жансыздандыру кезінде жергілікті жансыздандырғыш 
ерітіндіні көрші тістердің альвеола аралық қалқан сүйегіне егеді. 
Интралигаментарлы жансыздандыру тістің мойын бөлігіндегі байлам 
сақталған жағдайда жасалады. Жансыздану 1 минуттан кейін басталып, 
20 минутқа дейін созылады. Интралигаментарлы жансыздандыру 
пациентке өте қолайлы және әдісті жүргізу кезінде ешқандай ауру сезімі 
болмайды. 
Бұдан басқа осы жансыздандыруды жүргізу кезінде жұмсақ тіндердің 
жансыздануы болмайды және сөйлеу қызметі мен басқа қызметтері 
бұзылмайды. Қолданатын препараттың өте аз мөлшері егілу барысы 
анестетиктің улы әсер етуін тұғызбайды.Интралигаментарлы 
жансыздандыру қауіпсіз және мамандар оны оңай жасай алады. 
Терапиялық лар кезінде нәтижелілігі 89% құрайды. 
Интралигаментарлы жансыздандыруды жүргізудің кері көрсеткіштері: 
– пародонтальдық қалтаның болуы, егер тіс жұлынатын болса; 
– пародонт тінінде жедел қабыну үрдісі болса; 
– периодонттың жедел және созылмалы қабынуының өршуі кезінде 
тістерді емдеу немесе жұлу кезінде; 
– анамнезінде эндокардит болса. 
Интралигаментарлы жансыздандыру негізгі жансыздандыру немесе 
қосалқы жансыздандыру әдісі ретінде болуы мүмкін. Ұлпаішілік 
жансыздандырудан кейін дәрігерлер көбіне өздері ойлаған нәтижеге қол 
жеткізе алмайды. Себебі, тіс қуысын ашу кезінде тіс қуысы күмбезі өте 
кең етіп ашылады, сондықтан ашылған қанайтын, сүңгілегенде ауыратын 
ұлпа анық көрінеді.Осы жағдайда оған егілген анестетик ешқандай 
нәтиже бермейді.Ұлпаішілік жансыздандырудан тиімді нәтиже алу үшін 
тіс қуысын ашу кезеңінде оның диаметрін ине диаметріне сай етіп ашу 
керек. Ине ашылған тіс қуысына тығыз сыналай ену керек. Міне осы 
кезде анестетик қуысқы жоғары қысыммен еніп жақсы нәтиже береді. 


Үстіңгі жақтың кіші азу тістерінде, сүйір тістерде жансызданудың 
нәтижелігін жоғарлату үшін анестетикті көзасты тесігіне егіп, үстіңгі 
алдыңғы және ортаңғы көзасты нервінің тармақтарын жансыздандырады. 
Алдыңғы және ортаңғы көзасты нервтерінің тармақтарының нәтижелі 
жансыздануы үшін анестетикті егіп болғаннан кейін 2 мин инъекция 
жасалған орынды саусақпен басып тұру қажет. 
Бұл манипуляцияны астыңғы жақтың кіші азу тістерін, сүйір және күрек 
тістерін иннервациялайтын иекасты нервті жансыздандыру кезінде де 
жасайды. Анестетикті еккеннен кейін иекасты тесігінің тұсын 2 мин 
саусақпен қысым түсіре басып тұру қажет. Балаларда астыңғы жаққа 
жансыздандыру жасау нәтижесі ересектерге қарағанда жақсы нәтиже 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет