ТЖБ ІІІ
Сынып:_______
Аты-жөні:_____________________________
«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, негізгі ойын шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Мәтіннің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтап, айтылған ойға сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
Өз жұбыңды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[5]
1-мәтін
Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлағанын ресми билік мойындады. Ал олардың нашарлауына нақты қандай факторлар себеп болды?
Гаухар Нұрахметова:
2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кетті деп айтуға болады. Мысалы, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл – үлкен мәселе. Ауруға байланысты айтар болсақ бұл жерде жүрек дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар Семей полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы жоғарғы қалпында қалып отыр.
Әзімбай Ғали:
Жалпы туу үрдістерінің әлеуметтік, демографиялық заңдылықтары бар. Соңғы санақ деректерін қарасақ, Қазақстан жұртшылығының саны 37 пайызға өскен екен. Егер де санақтың деректері рас болса, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Қазақстан жұртшылығының санының өсуі – оралмандар есебінен болды. Тек қана соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан астам оралман келді. Сол санның арқасында Қазақстан жұртшылығы 16 миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ деректері дұрыс болып шықса.
Достарыңызбен бөлісу: |