Түйіндеме Мұғалімнің аты-жөні



Дата03.07.2016
өлшемі43.51 Kb.
#174717
Түйіндеме



Мұғалімнің аты-жөні: Үмбетова Мәдина Әмірханқызы

Туған жылы: 1974 жыл 16 ақпан

Жалпы білім беру мекемесі: №220 орта мектеп

Пошталық мекен-жайы: Бақтыбай батыр, №119

Білімі: жоғары

Бітірген оқу орны: Қазақстан-Ресей университеті

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Жалпы еңбек өтілі: 18жыл

Бастауыш мектептегі еңбек өтілі: 18 жыл

Санаты: І санат

Марапаттаулары: Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталары, Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы. Облыстық «Жыл мұғалімі -2001» сайысының дипломы, аудан әкімінің Алғыс хаты. 2007 жылы Республикалық «Үздік сабақ» байқауында лауреат атанғаны үшін дипломмен марапатталды

Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Арал ауданы,

С7Мұқанов көшесі №42



Телефон нөмірі: 2-44-80

Ұялы телефоны: 8 701 540 73 85








Түрі : Кездесу сағаты


Қызылорда облысы ,Арал қаласы

220 мектеп


Үмбетова Мәдина Әмірханқызы
Әке – отбасының діңгегі

Мақсаты : ата-аналар мен сынып жетекшісінің және оқушылардың арасында тығыз

байланыс қалыптастыру,оқушылардың адамгершілік қасиеттерін,сана-сезімін дамыту.

Ата-анасын қадірлей білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі : бейнематериалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар,сұрақтар жазылған

қағаздар.



Барысы :

Жүргізуші Әке,әке,әке осы сөз мейірімді, естір құлаққа

жағымды.Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы.Әке -әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі ,асырап сақтаушысы, қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы ,өзгелермен қарым-қатынас,өнер баланың көз алдында үлгі-өнеге алатын , соған қарап өсетін нысанасы.

І бөлім «Менің әкем»

Бұл бөлімде оқушылар өз әкелерін қара сөзбен таныстырып өтеді .

1- оқушы: «Әке» деген сөз қандай жақын,қандай ыстық.Менің өмірдегі ең қымбат адамым-менің сүйікті әкешім.

2- оқушы : Біздің тамағымыздың тоқтығы оқуымыздың сапасы,ұйқымыздың тыныштығы-осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.

3- оқушы : Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әкені ардақтай білу керек,өйіткені ол отбасының ең басты мүшесі.

4- оқушы : Өсірген баптап баласын,

Әкелер әркез «Жарайсың»

Бар өнерін үйреткен,

Әке-деген ардақты ат.

Әке деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді , соны бір сөзбен айтып шығыңдар .






ІІ бөлім «Бала тілімен »

Бұл жердегі мақсат арадағы түсінушіліктің қандайлық дәрежеде екендігі,төзімділік,шыдамдылық,сұрақ қоя білу мәдениеті сарапталады.


Оқушыларға суреттер көрсетіледі , бала соны әкесіне жұмбақтап айтады .

ІІІ бөлім «Біз екеуміз бірге»

Әкесі мен баласы бос уақыттарында бірге қандай іспен айналысатындары туралы айтады.Бірге сөзі қалмауы керек .

Мысалы : Біз екеуміз бірге кітап оқимыз т. б

ІҮ бөлім Көрініс «Әке мен бала»

Пікірсайыс кезегін

Берейік ата-анаға.

Кімнің сөзі келісті,

Әкелер пікір бөлшіссін,

Тақырып-болсын тәрбие,

Ой қозғалсын жемісті.

Келесі кезекті осы көрініс бойынша әкелер өз ойын ортаға салады.



Ү бөлім Сіз білесіз бе ?

Әкелерге тез жауап беретін сұрақтар қойылады

1)Балаңыздын туган күні ?

2)Балаңыздын сүйікті асы ?

3)Отбасының басшысы кім ?

4)Балаңыздың ең жақын досы?

5)Балаңыздың арманы

6)Сынып жетекшісінің толық аты-жөні ?

7)Қай пәнді жақсы көреді ?

8)Мектептің мекен-жайы ?

9) Қандай газет журнал оқиды ?

10) Отбасы дегенді қалай түсінесіз т.б



ҮІ бөлім «Бала тәрбиесі бесіктен »

Бұл бөлімде тыйым сөздер мен ырым сөздер айтылады .

Мысалы : Отқа су құйма түкірме

Үйге қарай жүгірме

Бас киіміңді лақтырма

Жағыңды таянба т.б



ҮІІ бөлім « Өмірімнің жалғасы сенсің»
Үй тапсырмасы. Әрбір ата-ана баласына тілегін арнап кітап сыйлайды

Қортынды бөлім

Сәулелі сөзі сөне ме

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім өнеге

Ақ тілеуі әкенің .

Тойға қуат береді-

«Әй жарайсың» дегені,

Мен әкемнен әр кезде,

Соны естігім келеді.

Ойнаймыз,күлеміз,

Жарқылдап жүреміз.

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда,жан әке,

Өзіңмен бірге жүремін.

Сізсіз әке-ең ақылды,ең шыншыл,

Сізсіз әке-ең жақыным,ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Қабыл алғын бала жүрек тілегің.

Мұғалім :

Ұлың өсіп ержетті жігіт болып,

Қызың өсіп бой жетті үміт болып.

Мың алғыс ата-анаға біз арнаймыз,

Өнерлі боп өстік біз ақыл толып.

Жыр арнап,ой қозғадық кең көлемде,

Балаларың бейім ғой әр өнерге.

Бас иіп ата-анаға алғыс айтып,



Қосамыз біз сіздерді енді өлеңге.

Хор : «Әкешім»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет