Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында
алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, кӛзқарастары шындыққа жақын.
Оның эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында ауытқып отырады, ол адамдармен оңай тіл
табысады, байланысады және ӛзінің кӛзқарасы бойынша шыншыл. Пикник кӛпшіл және
жақсы тағамды жақсы кӛреді. Циклотимиктердің ішінен Кречмер «кӛңілді сӛйлеушілерді,
сентименталды
тыныш адамдарды, бейқам ӛмірді сүйетіндерді, белсенді практиктерді»
бӛліп кӛрсетті.
3.
Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым,
ұзын және орта
бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды,
ойлау майыспалығы тӛмен, ұсақ-түйекке кӛңіл аударушы. Ӛмірлік
қабілеті жоғары,
шытырман оқиғаларға деген сүйіспеншілік пен тәуекел.
4.
Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер
әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.
Э.Кречмердің теориясы Еуропада ӛте кең таралды, ал
АҚШ-та В.Шелдонның
ӛткен ғасырдың 40-жылдарында тұжырымдалған темперамент тұжырымдамасы танымал
болды. Шелдонның кӛзқарастары сонымен қатар дене
мен темперамент адамның бір-
бірімен байланысты екі параметрі болып табылады деген болжамға негізделген.
Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: