Қазақстан Республикасында ауа ортасының ластану көздері
Орындаған: Асқар Елдана
Курс: 3 курс
Тобы: 312 Б
Мамандығы: Жалпы медицина
Қабылдаған: Адилханова А.Н.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Табиғи ластану
- Антропогендік ластану
- Атмосфералық ауаның жағдайы мен оны ластау статистикасы
- Атмосфералық ауаны ластағыш газдардың құрамы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
Кіріспе
Қазіргі кезде тұрғындар денсаулығын сақтау және нығайту көп жағдайда қоршаған ортадағы нысандардың сапасына да байланысты екендігі мәлім. Адамның тіршілік ететін ортасының жағдайын жақсарту қазіргі уақытта дамыған қоғамның алдыңғы қатарлы міндеттерінің біріне жатады. Қоршаған ортаның ластануы ағзаның қорғаныс қабілетінің төмендеуіне әкеп соғады, ал бұл өз кезегінде ағзада әртүрлі патологиялық жағдайлардың дамуына ықпал жасайды.Қазіргі уақытта өндіріс орындарына энергетика және автокөліктерге таза қалдықсыз технологияның енгізілгендігіне қарамастан, ластанған ауа әлемдегі барлық адамдардың денсаулығы үшін қатерлі болып табылады.
Тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.
Табиғи ластану
Антропогендік жолмен ластану
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өпіц, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б.
Атмосфералық ауаның жағдайы мен оны ластау статистикасы
Атмосфералық ауаның жағдайы мен оны ластау
статистикасының негізгі мақсаты адамның шаруашылық қызметінің атмосфералық ауаға антропогендік ықпалы, атмосфераны ластайтын зиянды заттардың қалыптасуы, стационарлы көздердің оларды ұстауы (залалсыздандыруы), кәдеге жаратуы және шығаруы
бойынша ақпаратты жинау, жалпылау және жариялау болып табылады.
Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден ластайтын заттардың шығарындыларын есептеуді көлік түрлері, олардың жасы, жүріп өткен қашықтығы,пайдаланылатын отынның саны мен сапасы бойынша көлік құралдарының санына байланысты іске асыру қажет. Қалалық елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының көрсеткіші қоршаған ортаның жағдайын атмосфералық ауаның сапасы және ластайтын заттардың жоғары концентрациясының халыққа кері әсері тұрғысынан сипаттайды.
Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер. Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру
кәсіпорындары жатады.
Қорытынды
Ауаның ластануын болдырмау және оның
зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі
бағыттарда жүргізілуі қажет:
• зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;
• ластаушы заттар әсерлерінен қорғану;
• ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;
• зиянды әсерлердің алдын алу, оларды
болдырмау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- 1.http://news.nur.kz/183537.ht
- 2. http://www.inform.kz/kaz/article/
- 3. http://www.almaty.kz/page.php
- 4. Журнал ЭКОЛОГИЯ. Тұрақты өсу. қаңтар-ақпан 2005
- 5. Қазақстан Республикасының экологиясы. Нұрлы жол газеті. №15,9(12)
- 6. Гирусев Э.В «Экология и экономика. Природа пользования» – М: 2002
Достарыңызбен бөлісу: |