Практиканың 2-ші күні 23.01.2024ж.
Директордың оқу жөніндегі орынбасары Шынар Хамитқызы бізді қайта сыныптарға бөлді. Бір сыныпқа 3 практиканттан бөлінді. Бізге берілген сынып 5«Ә»
сыныбы. 5 «Ә» сыныбында 23 оқушы білім алады. Сынып жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғабдолла Гүлсім. Топ басшысы Дүйсенова Азима. Сынып өте белсенді әрі ауызбіршілігі өте жоғары. Сынып ішінде Шерхан, Нұрислам, Азима, Маржан, Нұртас есімді оқушылармен жақсы танысып кеттік. Сонымен қатар мектеп туралы ақпараттарды толығымен білдім.Директордың оқу жөніндегі орынбасары Шынар Хамитқызы мен мектеп психолыгы Рауан ағайдың қатысуымен конференция өтті. Бикенова Шынар Хамитқызы бізге мектептің жұмыс жүйесі , нормативтік құқықтық құжаттармен таныстырды. Сонымен бірге сыныппен қалай жұмыс жасауды, мінездеме жазу үлгісімен толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Екі апталық тәжірибені тек сынып жетекшілік қана емес, екі аптаны бос өткізбеу мақсатында тапсырмалар берілді. Сабақты бақылау барысында тарих мұғалімінің сабақ сұрау әдісімен таныстым. Сабақты барлық балалардан сұрап үлгермесе , сыныптан өзіндік жұмыс алады екен.Оны 10 балдық жүйемін бағалайды.
Практиканың 3-ші күні 24.01.24ж
Бүгінгі сабақ математика сабағынан басталды. Балалардың сабақты соншалықты түсінгені соншалықты, бәрі тақтаға шығуға асықты. Мұғалым тақтаға шығару үшін керемет әдісті пайдаланды. Барлық оқушылардың қаламын жинап , олардың арасынан біреуін таңдап, қалам кімдік болса сол оқушыны тақтаға шығарды. Бұл әдіс балаларға ұнайтыны сөзсіз. Сонымен бірге жаратылыстану пәнінің мұғалімінің сабақ өту процесі өзгеше болды. Бірінші жаңа сабақты толығымен түсіндіріп, ережелерді жаздырып болған соң барып , өткен сабақты балалардан сұрады. Қалған пәндерді артта отырып бақыладым. Сонымен бүгін Күнделік.кз сайтымен таныстық. Kundelik.kz — Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет-порталы. Kundelik.kz жүйесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде енгізілді және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бүгінгі таңда жүйеде 6500-ден астам мектеп тіркелген.Ай сайын порталға 4 500 000-нан астам адам кіреді, парақшаларды қарау саны 350 миллионнан асады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |