Төле би «Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» Махатма Ганди былай дейді: «Өзімді құрбан етуге негіз көп, алайда, өзгені өлтіруге еш негіз таппадым»



бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі30.21 Kb.
#463127
  1   2   3   4
Дұрывс әрекет


Дұрыс әрекет» құндылығын өзін-өзі тану әдісі ретінде дәлелдеңіз.
Ертеңгі күнді болжау қиын, бірақ бүгінгі күнді пайдалануға болады.
— Өткен күн – Кеше –тарих
— Келер күн – Ертең – сыр
— Ал Бүгінгі күн - Үлкен сый.
Төле би
«Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады»
Махатма Ганди былай дейді: «Өзімді құрбан етуге негіз көп, алайда, өзгені өлтіруге еш негіз таппадым».
Адам дұрыс жолды таңдай білуі қажет:
1. Дұрыс жол — ақиқатты дұрыс түсіну.
2.Дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.
3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,
4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.
5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.
6. Дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу
7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.
ДҰРЫС ӘРЕКЕТКЕ ТӘН ҚАСИЕТТЕР
« — Әдет-өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген.
— Қанағат-Тек тілек-қалауын тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.
— Ынтымақтастық-адамдар әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.
— Тәртіп-адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.
— Парыз бен ризашылық-әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.
— Дұрыс ой-адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек.
— Дұрыс сөз-тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді.
Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет.
От парызы-жану. Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы-оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жау ғана сусымалы зат. Егер біз ар ұятымызға сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды. Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек.
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ- қайрат пен табандылық, адалдық, шешім қабылдауда батылдық, ынталылық. Дұрыс мінез-құлық — бұл өз борышын және адамның қоғамдағы мәртебесіне қатысты міндеттемелерді орындауға байланысты мінез-құлық түрі әрі ар-ұяттың ішкі дауысына сәйкес қылықтар.
Сөздеріңді, әрекеттеріңді, ойларыңды, мінезіңді, жүрегіңді қадағала!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет