Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Облыс,
аудан,
мектеп
(толық атауы)
Ғылыми жоба тақырыбы:
«Домбыраның үнінің немесе одан шығатын дыбыстың физикалық заңдылықтары»
Бағыты:
Автор:
Жетекші:
2023-2024 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе
I.Негізгі бөлім:
1.1 Домбыраның шығу тарихы
1.2 Домбыра құрылысы және түрлері
1.3 Домбыраны жасау әдісі оның дыбыс шығаруы
1.4 Домбыраны сақтау және күту ережелері
ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ:
2.1 Мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында сауалнама өткізу
2.2 Кәсіби музыка мұғалімімен, сатушы-кеңесшімен сұхбаттасу.
2.3. «Домбыра физикасы» электрондық құрал жасау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Андатпа
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімде домбыраның шығу тарихы, құрылысы және түрлері, жасалу жолдары мен дыбыс шығару заңдылықтары, зерттеу бөлімінде мектеп оқушыларымен мұғалімдепден сауалнама ала отырып, домбыры физикасы аты электрондық құрал жасап шығару. Зерттеу жұмысы сонымен қатар қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, қарастырылған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, жобаның мақсаты мен сол мақсатқа жету жолында орындалатын міндеттер көрсетілген. Бұл жобаның сәттілігіне жету үшін қолданылынған әдіс-тәсілдер туралы баяндалып және теориялық және практикалық мәні қандай екендігі туралы айтатын боламыз.
Негізгі бөлім төрт тараудан тұрады: «Домбыра тарихы » деп аталатын бірінші тарауда қазақ ұлттық аспабының шығу тарихына толықтай тоқтала отырып, екінші тарауда домбыра түрлері туралы айтылатын болса, «Домбырадан дыбыс шығару» атты үшінші тарауда музыкалық аспаптың дыбысты қалай шығаратындығы турады айтылған. Төртінші тарауда домбыраның жақсы дыбыс шығару және оны сақтау ережелер жөнінде ұсыныстар жасалды.
Жұмыс барысында негізгі мәселені ашу мақсатында тақырыпқа сай библиографиялық материалдар жинақталып, мектеп кітапханасындағы газет , журналдарындағы ақпаратпен таныса отырып, интернет жүйесіндегі мәліметтер алынып жүйеленіп толық жұмыс құрастырылды.
Кіріспе
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдырла,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Ильяс Жансүгіров «Домбыра» [1]
Жер бетіндегі адамдармен жануарлардың өзіндік дыбыстар әлемінде өмір сүретіні баршамызға белгілі. Біз адамдардың дауыстарын, құстардың сайрағанын, музыкалық аспаптардың дыбыстарын, ағаш бүтақтарының сыңғырын естиміз. Біз дыбысты есту арқылы, оның қандай дыбыс көзінен шығып жатқанын, оның қандай дыбыс екенін анықтай аламыз. Ал домбырадан шығып жатқан дыбыстың көзін зерттейтін болсақ, ол дыбыстың адам жанын тебірентіп, керемет көңіл күйге бөлейтін бір ғажаптың бар екенін білеміз. Мысалы ағаш шуы – жапырақтардың тербелісінен шыққан дыбыстан пайда болса, ал домбыраның дыбысы оның шектерін қозғағанда түрлі дыбыстар шығаруын ести аламыз. Бірақ сол дыбыс бізге қалай жетеді? Осы сұраққа жауап іздеу барысында біз білмейтін көптеген сырлары бар екенін кездестірдім.Жоба барысында мен аса назар аударған мәселелер: домбыраның шығу тарихы, жасалу әдісі, дыбыстың шығуы, аспаптардың сақтау ережелері және домбыраның дыбыс шығаруының физикалық құбылыстары туралы зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Достарыңызбен бөлісу: |