Төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы



Дата01.07.2016
өлшемі113.59 Kb.
#170691
Төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2009 жылғы 22 маусымдағы N 137 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 27 шiлдеде Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5728 болып енгiзiлдi


Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2009 жылғы N 8 (Тиражға шыққан уақыты 27.08.2009 ж.)


      Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың Мемлекеттiк жүйесi туралы" 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысына сәйкес төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты берудiң уақтылығын қамтамасыз ету және бiрыңғай мемлекеттiк тiркеудi жүргiзу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi берiлiп отырған Нұсқау бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiмен төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты ұсыну мен жинауды жүзеге асыру барысындағы әрекетiнiң жұмысын басқару қамтамасыз етiлсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-Министрi генерал-майор В.В Петровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң өз күшiне енгiзiледi.

       Министр                                       В. Божко

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2009 жылғы 22 маусымдағы  
N 137 бұйрығымен бекiтiлген

Төтенше жағдайлардың қауiп-қатерi, туындауы немесе жоюы  кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi нұсқау

      1. Төтенше жағдайлардың қауiп-қатерi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi осы Нұсқау төтенше жағдайлардың қауiп - қатерi, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты беру жүйесiн, өзiнiң күштерi және құралдарымен жоюға қабiлетсiз табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы мен трансшекаралық таралу мүмкiндiгi туралы мәлiметтерi бар жүйенi анықтайды.


      2. Төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы туралы ақпарат дер кезiнде берiледi:
      қалалардың, аудандардың, қаладағы аудандар, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппаратымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарына;
      ұйымдармен (меншiк түрiне тәуелсiз) – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарына;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарымен – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiне.
      аймақтық төтенше жағдайлардың қаупi немесе туындау жағдайында олар туралы ақпарат дер кезiнде берiледi:
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарымен – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесi мен тиiстi аймақ әкiмiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарымен шектес болғандарға және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аймақтық бiрлiгiмен шектес әкiмдерге;
      ведомствоға бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдай туралы орталық атқару органдарымен – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiне;
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiмен ақпаратты анықтағаннан кейiн – Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жағдайдың дамуына байланысты тиiстi орталық атқарушы органдарға.
      3. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiне әрекеттегi барлық арналар мен байланыс түрлерi бойынша шұғыл хабарлама табелiне сәйкес, соның iшiнде келесiдей уақытша сипаттамалары бар электронды поштаны пайдалану арқылы берiледi:
      төтенше жағдайлардың қаупi немесе туындауы туралы шұғыл ақпарат (баяндамалар), төтенше жағдайларды жоюдың күштерi мен құралдарын шұғыл басқару бойынша ақпарат, басқа шұғыл ақпарат – төтенше жағдай туындағаннан кейiн кiдiрмей;
      төтенше жағдай кезiндегi жағдай туралы және оларды жою жөнiндегi қабылданған шаралар туралы анықталған ақпарат – соңғы 30 минут iшiнде;
      төтенше жағдайды жою бойынша жүргiзiлген жұмыстар мен құтқару операцияларының барысы туралы анықталып жатқан деректер – екi сағат мерзiмдiлiгiмен;
      анықтамалық ақпарат – сұраным кезiнен бастап бiр сағаттан кешiкпей;
      төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды басқару кезiндегi тәулiк iшiнде жүргiзiлген iс-шаралар туралы қорытылған ақпарат – күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;
      табиғи орта мен төтенше жағдай аймағындағы ықтимал қауiптi нысандардың жағдайы туралы ақпарат және шұғыл емес ақпараттың басқа да түрлерi - күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;
      сейсмикалық жағдай туралы ақпарат – күн сайын, апталық болжам – аптаның әрбiр үшiншi күнi, ал қауiп төнген кезеңде (жоғарғы даярлық режимi) – бекiтiлген кесте бойынша күн сайын;
      гидрометереологиялық құбылыстар жөнiндегi ақпарат – күн сайынғы болжам 17.00 сағатта, дауылды ескерту – қауiптi метереологиялық құбылыстардың туындау қаупi немесе туындауы немесе зиянды заттармен табиғи ортаның ластануы кезiнде дереу;
      төтенше жағдайлардың туындауы кезiндегi санитарлық–эпидемиологиялық жағдайдың өзгерiсi және медико–санитарлық салдары туралы ақпарат – дереу.
      4. Төтенше жағдайлар жөнiндегi жедел қызметтер төтенше жағдай саласындағы ақпаратты өз құзыры аясында басқарманың өзара әрекет етушi органдарынан сұрайды және алады.
      5. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарына ұйым және мемлекеттiк басқару органдары басшыларының қол қоюына, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттiк мекемесiне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарының басшыларының қол қоюына, өзгеше жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдары жедел кезекшiлерiнiң қол қоюына жiберiледi.
      6. Барлық төтенше жағдайлар үшiн ақпарат 7, 8-тармақта келтiрiлген табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы көрсеткiштерiнiң бiреуi белгiленген жағдайда ұсынылады.
      7. Техногендi сипаттағы жағдай.
      Транспорттық авариялар – қаза тапқандар саны бiр адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны үш адам және одан көп;
      темiржол транспортында - өрттер, жарылыстар, апаттар, магистральды тасымалда жылжымалы құрамның шығуы және поезд қозғалысын 1 сағаттан аса уақытқа тоқтататын төсемнiң бұзылуы;
      автомобиль транспортында – соның iшiнде көлiк жолдарындағы өрттер, жарылыстар, мұнай өнiмдерiнiң, жанғыш және улы заттардың, прекурсолар мен басқа да заттардың 1 тоннадан аса мөлшерде төгiлуi;
      жер мен әуедегi әуе кемелерiмен болған авиаапаттар мен оқиғалар; ұшу алаңдары мен аэропорттағы өрттер, жарылыстар; ұшу апараттарының бөлiгi мен сынықтарының құлауы;
      су транспортында – өрттер, жарылыстар, тасқын сулар;
      магистральды құбырларда – өрттер, жарылыстар, бұзылулар, ажыраулар; мұнайдың 1 тонна көлемiнде немесе газдың 100 м 3 және одан көп мөлшерде авариялық тасталуы.
      Өндiрiстiк авариялар мен оқиғалар, өндiрiстегi жарақаттар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бiр адам және одан көп:
      шахтадағы авариялар – қираулар, таулы өнiмдердiң үйiндiлерi, шахта жұмысының бүтiндей тоқталуына әкелетiн технологиялық процестердiң бұзылуы;
      өндiрiстiк авариялар – мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң 1 тоннадан аса тасталуы; мұнай газдарының фонтандары (құрамында мұнай мен газы бар күкiрт сутектерiнiң 100 м 3 аса шығарылуы), өрттер; жарылыстар; су басулар; теңiз құрылысы мен платформалардың құлауы; республика аймағы мен iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына керi әсерi: Солтүстiк Каспийдiң аса елеулi экологиялық аймағының ластануы; өндiрiс ғимараттары мен құрылыстарының кенеттен қирауы.
      Өрттер, жарылыстар, от пен газдың кенет шығарылуы, технологиялық процестiң бұзылуы – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бiр адам және одан көп:
      өнеркәсiп және құрылыс нысандарында – реңдiк мәнiн, ең мүмкiн шоғырлануын, ең мүмкiн деңгейлерiн айтарлықтай артатын қоршаған ортаның ластануы;
      энергетикалық нысандар мен энергоблоктарда (гидроэлектрстанцияларда, жылуэлектрстанцияларда және электр желiлерiнде), – электрмен жабдықтауды тоқтатудың авариялық жағдайы;
      шахтада, жерасты және таулы өндiрiстерде – өрттiң кез–келген жағдайы;
      биологиялық, химиялық, радиациялық–қауiптi нысандарда – адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi болып табылатын технологиялық учаскелердiң жануы;
      әлеуметтiк–тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды, билiк органдарында, мемлекеттiк меншiктiң, дiни конфессиялар, елшiлiктер мен дипломатиялық өкiлдердiң аса маңызды нысандарында – өрттiң кез–келген жағдайы;
      ауылшаруашылық нысандарында – 50 бас iрi қара малдың өлуi және одан көп; 100 үй құсының өлуi және одан көп; 100 тонна және одан да көп пiшеннiң өртенуi;
      жаратын құрылғының жарылуы, жарылғыш заттар мен жаратын құрылғыны, оқ–дәрiлердi табу (жоғалту) – бақыланбайтын жарылыстың кез–келген жағдайы, жарылғыш заттар немесе жаратын құрылғыны табу немесе жоғалту.
      Шығарумен болған авариялар, күштi әсер ететiн улы заттарды, биологиялық қауiптi заттарды табу (жоғалту) – тұрғындарға зақымдау қаупi, шығарумен болған аварияларды тiркеудегi кез–келген жағдай немесе кемуi, көзiн табу немесе жоғалтудың кез–келген жағдайы.
      Радиоактивтi заттардың тасталуымен болған авариялар – аварияны тiркеудiң немесе радиоактивтi заттарды табудың (жоғалтудың) кез–келген жағдайы:
      атом электрстанцияларында (одан әрi - АЭС), ғылыми–зерттеу мекемелерiнде – санитарлық қорғаудан тыс зонада қоршаған ортаның радиоактивтi ластануы 100 және одан көп; АЭС үшiн болуы мүмкiн тәулiктiк тастамалардан 10 есе артық радиоактивтi заттардың шығарылуы; трансшекаралық таралуға әкелетiн радиоактивтi заттардың шығуымен болатын кез–келген авариялар.
      Тiршiлiкпен қамтамасыз ету жүйесiндегi авариялар мен қираулар – шаруашылық нысандары iс–әрекетiнiң бұзылуына әкелген; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер – бiр адам және одан да көп:
      бөгеттердiң бұзылуы (дамбалар, шлюздар)– тұрғындар мен аймақтарға қауiп төндiруi;
      электроэнергетикалық жүйелерде (гидроэлектрстанцияларда, теплоэлектрстанцияларда, электр желiлерiнде) – электрэнергияны, жылу мен су берудi 1 тәулiкке және одан көпке ажыратуға әкелу;
      тiршiлiкпен қамтамасыз етудiң коммуналдық жүйелерiнде (жылу желiлерiнде, ауыз сумен, коммуналдық газ құбырларымен қамтамасыз ету) – 50 адамнан аса тұрғындардың тiршiлiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкелу;
      қарқынды суды тазарту құрылысында;
      транспорттық қатынас элементтерiнiң кенеттен қирауы (көпiрлердiң, туннельдердiң және басқа да құрылыстардың), соның iшiнде салынып жатқан; ғимараттар мен тұрғын үй, өнеркәсiп құрылыстары, әлеуметтiк–тұрмыстық және мәдени мақсаттағы құрылыстар.
      Табиғи ортаның айрықша жоғарғы ластануы:
      атмосфералық ауаның ластануы – атмосферадағы зиянды қоспаның 50 есе және одан көп артуы: 8 сағат iшiнде 30–49 есе; 2 тәулiк iшiнде 20-29 есе; қышқыл шөгiндiлерiнiң көлемдi аймағының пайда болуы;
      теңiз (өзен) суының жоғарғы қабатының ластануы – ластаушы заттардың максималды бiр жолғы артуы 100 есе және одан көп, егер бұл акваториялар хроникалық ластану зонасы болып табылмаса; су исiнiң 4 балдан аса қарқынмен және суға тән емес ерте пайда болуы; балықтар мен басқа да су организмдерiнiң жойылуына әкелiп соқтыратын улағыш заттардың пайда болуы; ерiтiндi оттек құрамын 2 мг/л және одан аз төмендету; көлемi 6 км 2 су айдынының 1/3 және одан көп ауқымын төсеммен жабу; ауыр металдар (соның iшiнде радиоативтi) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы;
      топырақтың ластану – ауыр металдар (соның iшiнде радиоативтi) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы; химиялық қауiптi және экологиялық зиянды заттар бойынша 50 есе және одан да көп артуы немесе радиоактивтi заттар бойынша 100 есе және одан көп; жер қойнауының өндiрiстiк сипаттағы токсиканттармен ластануы; бедерсiз бiр түстердiң 50 немесе 100 есе артуы; жер қыртысының санитарлық токсикологиялық белгiлер бойынша пестицидтермен 50 көп немесе 100 га аумақта фототоксикологиялық белгiлер бойынша 100 көп ластануы.
      8. Табиғи сипаттағы жағдай.
      Жер сiлкiнiсi – Рихтер шкаласы бойынша 2 және одан көп балл.
      Геологиялық қауiптi құбылыстар: жердiң үстiңгi қабатының көшкiндерi, үйiндiлерi, белдiктерi, шөгiндiлерi – шаруашылықтың басқа салаларындағы жұмыстың бұзылуы; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бiр адам және одан көп.
      Метереологиялық қауiптi құбылыстар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бiр адам және одан көп:
      күштi жел (соның iшiнде құйындар мен дауылдар) – желдiң жылдамдығы қарқынды кезiнде 25 м/сек және одан көп, таулы аймақтарда 30-35 м/сек дейiн;
      iрi бұршақ – бұршақ диаметрi 20 мм және одан көп;
      күштi жаңбыр (нөсер) – жауын–шашын мөлшерi 12 және одан аз сағат iшiнде 50 мм және одан көп, ал таулы, селолық және нөсерлi қауiптi аудандарда – 12 және одан аз сағат iшiнде 30 мм және одан көп;
      күштi қар – жауын–шашын мөлшерi 12 сағат iшiнде 20 мм және одан  көп;
      күштi боран (қарлы борасындар) – желдiң 15 м/сек жылдамдығы кезiнде ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      күштi тайғақ, қатты мұз басу, жабысқақ қар – сымдардағы шөгiндiлердiң диаметрi 20 мм және одан көп, жол учаскелерiндегi мұздың болуы 1 км және одан көп;
      күштi аяз, күштi ыстық – жергiлiктi органдармен анықталады;
      қатқақ – вегетативтi мезгiлде ауа температурасының төмендеуi (топырақтың жоғарғы қабатында) 0 о С төмен; ауылшаруашылығы мәдениетiнiң белсендi вегетациясы кезiндегi олардың жойылуына әкелетiн мезгiлдер (көктем–жаздың басы) мен шұғыл ерте мезгiлдер (жаз–күздiң басы);
      құрғақшылық – 20 күн және одан көп уақытқа ауаның салыстырмалы ылғалдылығының сақталуы күндiз 30% және одан аз, бұл 35 мм және одан аз ылғал қоры кезiнде өсiмдiктердiң бұзылуын туғызатын жер қыртысының метрлiк қабатында;
      күштi тұман – 12 сағат және одан көп уақыттағы көру мүмкiндiгi 100 м және одан аз;
      күштi шаңды (топырақты) дауылдар – желдiң 15 м/с және одан көп басым жылдамдығында ұзақтығы 12 сағат және одан көп;
      аңызақ жел – 5 м/с қатты жел мен гүлдену, дәннiң пiсiп жетiлу мезгiлiндегi ауаның 30% кем салыстырмалы ылғалдылығы кезiнде ауаның орташа тәулiктiк температурасының 5 күн iшiнде сақталуы 25 о С.
      Гидрологиялық қауiптi құбылыстар – қаза тапқандар саны бiр адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер – үш адам және одан көп:
      тасқын су, жаңбырлы селдер, мұз кептелiсi мен сеңнiң тоқтауы, жел айдаулары кезiндегi судың жоғарғы деңгейi (су басу) – елдi мекендер мен шаруашылық нысандарын су басумен немесе су басу қаупiмен аса қауiптi (жоғарғы) деңгейден асып түсу;
      судың төменгi деңгейi – iрi қалалардың, өндiрiстiк аймақтардың су дуалдары мен жер суландыру жүйесiнiң жобалық белгiсiнен төмен, бiр ай және одан көп уақыт iшiнде кеме жүзетiн өзендердегi навигациялық деңгейден төмен;
      селдер – елдi мекендер, шаруашылық кешендерiнiң нысандары болған зақымданған аймақтардағы селдердiң өтуi;
      қарлы борасындар – елдi мекендер, шаруашылық кешендерiнiң нысандары болған зақымданған аймақтардағы қар көшкiндерiнiң түсуi.
      Табиғи өрттер – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер бiр адам және одан көп; 50 бас және одан көп iрi қараның өлуi; 100 бас және одан көп үй құсының өлуi; 100 тонна және одан көп пiшеннiң өртенiп кетуi:
      орман өрттерi – 2 га және одан көп ауқымда;
      далалық өрттер (жер оттылығы) – 50 га және одан көп ауқымда;
      дәндi және басқа дақылдардың егiндi алқабының жануы – 20 га және одан көп ауқымда;
      мұнай мен газды конденсаттық кен орындарында – өрттiң кез–келген жағдайы;
      жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттерi – жерасты қазбаларындағы жанудың кез–келген жағдайы.
      Жұқпалы аурулар мен уланулар:
      жұқпалы аурулар – ауырғандар немесе аса қауiптi жұқпалы аурулардың – чума, тырысқақ, безгек сияқты вирусты тасығыштар анықталған кезiнде; әрбiр өлiммен аяқталар диагноз немесе аса қауiптi жұқпалы ауруларға – бруцеллез, бөртпе сүзек, жамандат, құтыру, туляремия, крымдық геморрагиялық безгек, Эбол безгегi сияқты; әрбiр анықталған ауру – құтыру, жапондық энцефалит, малярия жағдайында; аса қауiптi жұқпалы аурулар кезiнде: бiр уақытта немесе аудан аймағында бiр инкубациялық мезгiл iшiнде туындаған науқастар саны 5 және одан көп – бруцеллез, эпидемиялық бiр уақытта немесе аудан аймағында бiр инкубациялық мезгiл iшiнде туындаған науқастар саны 10 және одан көп – iш сүзек, паратиф, геморрагиялық безгек, лептоспироз, энцефалит, Ку безгегi сияқты; менингококтық iндет 15 және одан көп аурулар санымен; дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит және 25 ауру және одан көп адам санымен белгiленген немесе белгiленбеген этиологияның басқа да қатты iшек аурулары; 20 ауру және одан көп адам санымен анықталмаған этиологияның бiр уақытта туындаған аурулары кезiнде, 15 және одан көп аурулар санымен диагнозы анықталмаған безгек аурулары; этиологиясына байланыссыз топтық аурулар 50 және одан көп адам санымен;
      сәулелiк зақымданулар қатты немесе созылмалы сәулелiк аурулар, жергiлiктi сәулелiк зақымдану диагнозы анықталған әрбiр жағдайда;
      тағамдық улану – зардап шеккендер санына қарамастан өндiрiстiң тағамдық саласының кәсiпорындарымен, қоғамдық тамақтану мен балалар және емдiк-профилактикалық мекемелердiң тағамдық одақтарымен байланысты тағамдық улану жағдайында.
      Анықталмаған улы заттармен улану – жаппай жойылу, соның iшiнде жабайылар, өлiм (саны) мен ауру орташа статистикадан 3 және одан көп асып түскенде.
      Өсiмдiктердiң ауруы мен жойылуы (ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң аса қауiптi және жаппай ауруы; жабайы өсiмдiктердiң аса қауiптi және жаппай жойылуы) - өсiмдiктiң жойылуы (күюлер, қураулар мен басқа да белгiлер), соның iшiнде ормандар мен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi, 0,25 га ауқымда; зиянды жәндiктердiң жаппай жойылуы.
      Суда батып кеткендер – бiр адам және одан көп.
      Астрономиялық қауiптi құбылыстар:
      аспан денелерiнiң құлауы – аспан денелерi құлауының кез-келген жағдайы;
      ғарыштық ұшқыш аппараттары мен олардың сынықтарының құлауы – тiркелудiң кез-келген жағдайы;
      жер айналасы ғарыштық кеңiстiгiндегi радиациялық жағдайдың нашарлауы – протон ағымының қысымы энергиясымен 25 мэв 5х10 см ауқымда;
      аномальды атмосфералық құбылыстың пайда болуы – тiркелудiң кез-келген жағдайы.
      9. 6-тармақта қарастырылмаған төтенше жағдай туралы ақпаратты бағыттау туралы шешiм ұйым басшылығымен, әкiм аппаратымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аймақтық органдарымен оның нақты жағдайын және төтенше жағдайдың туындау мүмкiндiгiн, маңыздылығын есепке ала отырып қабылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет