Түрік қАҒанаты дәуіріндегі саяси-қҰҚЫҚТЫҚ Қатынастар резюме



бет1/3
Дата05.11.2022
өлшемі31.67 Kb.
#464101
  1   2   3
Ғылыми жоба


Айдана Зулпыхар
«6В01601 Тарих»
ҚазҰлтҚызПу
Ғылыми жетекші: т.ғ.қ., доцент Кожабекова А.Д

ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ ДӘУІРІНДЕГІ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Резюме. В статье описывается история Тюркского каганата, общественно-политическая ситуация и правовые отношения того времени. В данной статье речь идет о том, что эпоха тюрков является одним из основных этапов становления казахского государства, история Тюркского каганата тесно связана между собой. Становление Тюркского каганата – средневековый период, появление государственности на казахской земле.
Summary. The article describes the history of the Turkic khaganate, the socio-political situation and legal relations at that time. This article is about that the era of the Turks is one of the basic stages of formation of the Kazakh state, the history of Turkic Khaganate are closely linked. Becoming a Turkic Khaganate is medieval period, the appearance of statehood on the Kazakh land.
VІ ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аймағында ірі империялардың бірі Түрік империясы құрылды. Бұл тарихи оқиға барысында жаңа этникалық тип, яғни, түрік тілдес халықтардың негізі қаланған болатын. Түрік мемлекеті өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасап, әлемдік сахнада өз ізін қалдырды. «Түрік» сөзі қандай мағынаны білдіретініне тоқталсам. Ұлан-ғайыр аумақта мекен еткен бұл халық жаулардан сескенбейтін, өз алдына емін-еркін өмір сүреді, түпкі мағынасы «мықты, күшті» деген ұғымды білдіреді. Алғашында «түрік» сөзі түрік қағандығының негізін қалаған Ашина тайпаларының ақсүйектер тобының бірлестігін білдірген болатын. Уақыт өте келе түрік қағанатына бағынған барша тайпаларға ортақ атау болып кетті. Бұл қағанат Орталық Азияда билігін жүргізген ғұндардан кейінгі екінші ұлы империя.
Территориясы Жетісу, Шу аймағы болған Үйсін мемлекеті б.з VІ ғасырда ыдыраған соң, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жужандардың билігі орнады. Жужандарға қарсы Ашина тайпасы күрес жүргізіп, талқандайды. Бұл Ашина тайпаларының аты аңыз бойынша бөріден тараған деп есептеледі. Ұзамай бұл тайпа «түріктер» деп атала бастады. Түріктердің көсемі Бумын жужандарды талқандаған соң «қаған» атағын алды, бұл ең жоғарғы дәреже саналды. Одан кейін Қара қаған (552-553) мен Мұқан қаған (553-573) өз билігі кезінде жужандарды талқандауды соңына дейін жеткізді. Түрік қағанаты Қара қаған тұсында Орталық Азияны, Оңтүстік Сібірді бағындырып, Шығыста Корей шығанағынан, Батыста Қара теңізге, оңтүстікте Самарқанға өз билігіне қаратты. Сонымен қатар, Қытайдың солтүстік Ци және солтүстік Чжоу мемлекеттері түріктерге алым төлеп тұрды. Түрік қағанаты Византиямен, Иранмен, Қытаймен тығыз саяси-экономикалық байланыста болды.
ғасырдың соңына қарай, билеуші ашина әулеті арасында билікке байланысты ішкі тартыстар көбейді. Өз ішіндегі тартыстар, сыртқы жаулардың шапқыншылық әрекеттерінен Түрік қағанаты әлсіреп, Батыс Түрік қағанаты және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Түрік қағанатына (603-704) Орта Азия, Жонғария және шығыс Түркістанның бір бөлігі қарады. Батыс Түрік қағандары Шегу (618-619) мен Тон тұсында шекарасын шығыста Алтайға дейін, батыста Закавказьеге дейін, оңтүстікте солтүстік батыс Пәкістанға дейін кеңейтті. Тон қаған ішкі саясатта өте қатаң бағыт жүргізді. Мұның өзі ішкі тартысқа себеп болып қағандықты құрған дулулар одағы мен нушибилер одағы арасындағы қақтығысқа алып келді. Қағандықтың халқы «Он оқ елі» деп аталды, ол бес тайпа дулулар, бес тайпа нушибилерден құралды. 640-657 жылдар аралығындағы екі тайпа арасындағы соғыс нәтижесінде қағандық қатты әлсіреді. Бұны Қытайдың Тан империясы пайдаланып, Жетісуға өз әскерімен басып кірді. Түріктер қытай басшыларына қарсы азаматтық күреске шықты. 704 жылы түргеш тайпаларының көсемі Үшеліктің басшылығымен түріктер жеңіске жетіп, жаңа Түргеш қағандығы құрылды. Ал Шығыс Түрік қағанаты Қытай басқыншыларына қарсы 679-687 жылдарда жүргізілген табанды азаттық күрес нәтижесінде жеңіске жетіп, өз мемлекетін қалпына келтіреді. Бірінші қаған Құтлұқ болды, оны Елтеріс деп атады. Оның жақын көмекшісі әрі кеңесшісі түріктердің батыры саналғанТоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяси жағынан гүлденді. Қағандық солтүстік Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасап отырды. Түріктер қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Білге және Күлтегін қағандардың тұсында Қытаймен тиімді шарттар жасасты. Ішкі соғыстардан 744 жылы Шығыс Түрік қағандығы құлауымен Ашина әулетінің билігі тоқтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет