Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет7/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Пайғамбардың қасиеттері туралы
– Оны Алла жарылқасын!
Мейірімді Ием сүйікті Елші жіберді,
Ел ішінен ең таңдаулы бір ерді.
Ол қараңғы түнді айырып, жарып та,
Бұ халықты алып шықты жарыққа.
35. Ол Құдайдан хабаршы боп халыққа,
Содан түстік тура жолға, қалыпқа.
Етті құрбан әкесі мен анасын*
Айтты үмбетке тура жолын, панасын.


19
Күндіз жемей, түнде жатпай – мұрады:
Сен жайында бір Құдайдан сұрады.
Күні-түні азап шеккен шандозың,
Қуант оны, мадақта да енді өзің!
Үмбет үшін қайғы жеген сүлей-ді,
Сол үмбеттің рахатың тілейді.
40. Ата-анадан мейірімі бетер-ді,
Үмбет үшін зарлап тілек етер-ді.
«Құдай берген бұл – рахым» – дер еді ол,
Қылық – таза, құлқы – түзу ер еді ол.
Кішіпейіл, ақ көңілі бар зият,
Қолы да ашық, жетіп жатыр ар-ұят.
Қара жерде, жасыл көкте – ең ірі,
Шексіз құрмет берген оған Тәңірі.
Ол әуелден басшылардың басы еді,
Бар пайғамбар соңғысы еді, жасы еді*.
45. Жолына оның жүрегімді байладым,
Сөзін сүйіп, сеніп, көңіл жайладым.
Ей, Алла, өзің көңілімді толықтыр,
Қияметте Елшіменен жолықтыр!
Ол қолымнан қияметте ұстасын,
Көрсет жүзін – бұ ғажапқа ұстасың!
Пайғамбар сахабаларының қасиеттері туралы, 
– Оларды Алла жарылқасын!
Төрт досы оның – қуанышы тең өскен,
Бұларменен бірге жүріп кеңескен.


20
Екеуінің алған қызын, батасын,
Екеуіне қызын берген атасы*.
50. Ең әуелі Атық* еді өксеген,
Тіл, көңілмен Құдай жолын көксеген.
Құрбан етіп өзін, малын жинаған,
Расулға шын жүрегін сыйлаған.
Сосын Фаруқ* бұл – адамның хас ұлы,
Тіл, көңілі бірдей, елдің асылы.
Діннің көркі, діннің сырын жете өрген, 
Шариғаттың бет-пердесін көтерген*.
Үшінші Оспан, ар-ұяты бақи-ды,
Ер сарасы, қолы да ашық сақи-ды.
55. Жан-иманын дін жолына салыпты,
Екі қызын Расулдың алыпты*.
Бұдан басқа таңдаулы жан еді Әлі*,
Ол – ержүрек, ақылы мол, кәделі.
Атағы үлкен, көңілі кең мырза еді,
Ойы зерек, білімді жұрт ырза еді.
Бұлар еді дін, шариғат өзегі,
Жауларының азабына төзеді*.
Бұ төрт жолдас бас тігіп, жең түргендер,
Нағыз өмір – бұ төртеуі жүрген жер*.
60. Мен де оларға мыңдап сәлем арнайын,
Жеткіз соны, Ием, дереу әрдайым.
Білсін олар – мен тілеймін мол табыс,
Берсін маған қияметте қолғабыс.


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет