369
4435. «Алыс-беріс» адал істе,
епшіл бол,
Жол ашылар – әр кезде де көпшіл бол.
Ей, батыр ер! Қолың қысқа шағында
Мұңайма да, басқа жұртқа шағынба.
Бермес көмек жақтырғандар құр мақтап,
Күндеп күлер жақтырмаған ыржақтап.
Жек көреді дос та, жолдас, туысқан,
Көңіл содан жаралы ғой суысқан.
Жүр аралас ішінде боп ізгінің,
Тең ұстасып кісіліктің тізгінін.
4440. Үлес, байлық жима –
әбестік болады,
Нұрлы жүзің өкінішпен солады.
Үлкен жолға қонба көрші, жақын да,
Күтер бәле – ойлан осы хақында.
Болма қоңсы қамал, сумен тасыған,
Ашкөзбен де – сақ бел, сірә, осыған.
Еш пайда жоқ бұл үшеуден, бүкпе жоқ,
Зияны бар, одан басқа түк те жоқ.
Үй
аларда сұра көрші тұрағын,
Жер аларда суын әуел сұрағын.
4445. Көңіл түзу, таза болсын арғы жақ,
Қой жаманды, бол жарамды арғымақ.
Бек атанып, риза бол да, қой мұны,
Ойын-тоймен, сөзбен жуып қайғыны.
Өлімді ойла, надан болмай машықты,
Иеңді ойла – сонда көзің ашық-ты.
370
Жоқ уайым –
сөзді тегін етпесе,
Жоқ өкініш – уақыт бос кетпесе.
Кеуде керме – содан алғыс аласың,
Сараң болсаң – тек қарғысқа қаласың.
4450. Тыңда, не деп айтқан пейлі кең кісі,
Кісілікке кісілігі тең кісі:
«Өзің егер шықсын десең жақсы атың,
«Береген қол болу» деп ұқ мақсатың.
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат – содан қайтар есеңіз.
«Басым көкке жетсін»
десең армандап,
Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап.
«Шықсын атым бар әлемге» – десеңіз,
Жетер қамын жолаушының жесеңіз.
4455. Ойласаңыз жан тыныштық һәманда,
Кещелікті таста жаның аманда.
Бір Аллаға болсаң егер табынар,
Нәпсіні тый, содан бәле табылар.
Ойың болса ізгілікті ұстарлық,
Нәпсіні тый қылмай оған құштарлық».
Ойшыл кісі жақсы айтыпты не дейді,
Соны қолдан, сонда Құдай жебейді:
«Бұ нәпсінің арманы көп – жетеді,
Оны істесең – аяқ асты етеді.
4460.
Жақсылыққа ол жамандық істесе,
Мойыныңды салбыратып кетеді».
371
Сөзі бітіп, айтты Өгдүлміш: «Досым-ай,
Қара халық жөн-жорығы осылай!
Бердім айтып – есіттің ғой жанықсаң,
Бітті әңгіме – мағынасын және ұқсаң!»
Достарыңызбен бөлісу: