Түркі өркениетінің өзара ықпалы



бет1/7
Дата30.10.2023
өлшемі34.53 Kb.
#481939
  1   2   3   4   5   6   7
7 БАОЖ


Мазмұны:
Кіріспе
1.Негізгі бөлім
1.1. Үнді және Орталық Азия мәдениеті сұхбаты. Үнді мәдениеті мен
түркі өркениетінің өзара ықпалы.
1.2.Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы. Әл-Фараби:философиялық, әлеуметтік-этникалық және эстетикалық көзқарастары.
1.3 Ортағасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім. Хорезми ұлы ортағасырлық ғалым-математик.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Кіріспе.
2009 жылы Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы Елшілігінің, Үндістан Республикасы СІМ жанындағы мәдени байланыстар бойынша Үнді Кеңесінің және Шығыстану институтының бастамасымен, екі ел арасында ғылыми, қолданбалы гуманитарлық жобаларды дамыту мақсатында Қазақстан-Үнді гуманитарлық форумын құру, сондай-ақ Үнді кафедрасын ашу туралы қарар қабылданған болатын. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Үнді елдері арасындағы байланыстар дамуының тарихи аспектілері зерттеліп, аталмыш кітаптар дүниеге келіп отыр. Үнділік зерттеуші Радха Райнаның "Алыс күндерден жеткен үндер: Үндістан мен Қазақстан" атты кітабы - Үндістан мен Орталық Азия арасындағы көне мәдени байланыстардың құпиясын ашып, Қазақстан мен Үнді екі елдері арасында тығыз байланыстың болғандығын тілге тиек етеді. "Халықтардың кең көлемдегі көшіп қонуынан екі ел тарихының өткені ортақ екендігіне көз жеткізесіз. Үнді тарихында Кушандар ретінде белгілі Юэчжилер орталықазиялық көшпенділер болған. Олардың билеушілері, солтүстік-батыс Үндістаннан бастап қазіргі Ауғанстан арқылы Орталық Азияға дейін жайылған үлкен империя құрды. Олар бұл жерлерге будда дінін таратты. Қазақстан аумағында табылған археологиялық жәдігерлер буддизмнің таралуын айғақтайды. Бұған байланысты Тамғалы Тастағы үш Будданың тастағы бейнесі бізге айырықша қызығушылықты тудыруда. Бұл аэрофототүсіріліммен табылған буддалық орындар мен сатылар зерттеуді талап етеді, әрине ол археологтардың болашақтағы зерттеу еншісінде болары сөзсіз",-деді Радха Райнан. Оның айтуынша, үнді саудагерлері сауданың маңызды орталығы болып табылатын Таразда, сондай-ақ, Ұлы Жібек жолы бойында сауда жасаған. "Оған саяхатшылардың хаттары дәлел бола алады. Ал, археологиялық қазбалар қазақтардың да алысқа қол тартқан сауда қатынастарын дәлелдеп отыр. Сол кездегі тиімді сауда кемел келешегі гүлденген сауда орталықтарында орналасқан сауда қоғамдастықтарының көші-қонына себеп болды",-дейді ол. Ол сондай-ақ бұл кітаптан сопылық діннің пайда болуын, оның Орталық Азия мен Үндістанда қанат жаюын біле аласыздар,- деді. Екінші, "Үндістан мен Қазақстан: Ұлы Жібек Жолы синергиясы" атты кітап 2009 жылы қараша айында "Орталық Азия - Үндістан: ортақ тарих мен мәдениеттен заманауи әріптестікке" деген тақырыпта өткен халықаралық конференциясы материалдарының жинағы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет