Түркістан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылдық округі Т. Тәжібаев жом тақырыбы



бет2/11
Дата19.08.2023
өлшемі1.7 Mb.
#476133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ахмет Зерттеу

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Көрнекті қоғам қайраткері, Алаштың ардақты арысы Ахмет жайлы терең зерттеу, ол кісінің дара да дана тұлға, сан қырлы дарын иесі екенін таныту. Қайраткердің өмір жолы туралы мағлұмат беріліп, оның өмірінің соңына дейін қазақ халқына сіңірген еңбектері, сондай-ақ ғылыми -ағартушылық, ұстаздық қызметтерді атқара жүріп, қоғамның саяси-мәдени өміріне де белсене араласқандығын баяндау.
Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу жұмысымда қозғап отырған тақырыбым қазіргі уақытта әлем тарихында өзекті орын алатын мәселелердің бірі. Ұлт мұраты үшін күрескен, елі үшін жанын аямаған, аумалы – төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, ғұлама Ахмет Байтұрсынов тұлғасын бірі білсе бірі біле бермейді.
Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым келбетінің беймәлім тұстары әлі де болса өте көп.Туа біткен дарындылықтың арқасында биікті бағындырып, артына өлмес мұра, өшпес із қалдырған тұлғаның беймәлім тұстарын аша білу, біздің жас ұрпақтың еншісінде. Ал осы жобам алға қойған мақсатымның бастауы болып табылады.


Зерттеу объектісі, заты: Ахметтің халық мұңын жырлап жазған өлеңдері мен оқулықтары
Зерттеудің міндеттері:

  • Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау;

  • Ұлы ойшылдың білім алуға арналған өлеңдеріндегі бейнені ашып көрсету;

  • Ақынның өлеңдерін жаңа қырынан таныту.

Зерттеу әдістері:
Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми болжамы:  Қазақ әдебиеті, тарих, тәрбие сағаты, сыныптан тыс шараларда арнайы пайдалануға,практикалық талдауларға қолдануға болады. 
Зерттеудің жаңалығы: Еліміз мықты болуға бірлік керек. Ұлттар теңдігі мен халықтар жарастығын гүлдендіріп, сол арқылы жүзеге асатын экономикалық-әлеуметтік, саяси-рухани жаңарысқа жетелеген адамгершіліктің диханшысы Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған егемендіктің құны мен қадірін бағалауымыз, ары қарай дамытуымыз керек! Олар бастап беріп кеткен түбегейлі жаңаруды заман талабына сай дамытуға міндеттіміз.

Аннотация




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет