Түсінік хат
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін), 5-11 сыныптар
Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты– оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады:
Негізгі Үлгілік оқу жоспарлары;
төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болады.
6 -сыныпта «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні Үлгілік оқу жоспары
Апталық 4-сағат
Жылдық 144-сағат
Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды: 1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) оқылым; 4) жазылым. 5) сөйлеу нормасын сақтау.
БЖБ саны-8
ТЖБ саны-4
Тілдік пәндер бойынша БЖБ жүргізу үшін ағымдағы бақылауды өткізу кезінде оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жылына кемінде 2 рет эссе, шығарма; жылына кемінде 4 рет диктант, мазмұндама жазу ұсынылады.
Оқулық: Қазақ тілі мен әдебиеті. Авторлары: Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С. Рахметова, А.Н.Юсуп
Алматы: «Көкжиек-Горизонт» , 2018
11-сыныпта «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні Үлгілік оқу жоспары
Апталық 3-сағат
Жылдық 102-сағат
Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды: 1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) оқылым; 4) жазылым. 5) сөйлеу нормасын сақтау.
БЖБ саны-8
ТЖБ саны-4
Тілдік пәндер бойынша БЖБ жүргізу үшін ағымдағы бақылауды өткізу кезінде оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жылына кемінде 2 рет эссе, шығарма; жылына кемінде 4 рет диктант, мазмұндама жазу ұсынылады.
Оқулық: Қазақ тілі мен әдебиеті. Авторлары: Г.Қосымова, М.Биссенбаева, К.Берденова.
Алматы: «Мектеп», 2019
2023-2024 оқу жылының басында 1- қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 "жалпы білім беретін ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" бұйрығы бойынша жұмыс істедік. ( Яғни, ҚР Білім және ғылым министрінің 2022.04.01 № 123 бұйрығы).
Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің 16.09.2022 жылғы №399 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп қайта қаралып, бөлім бойынша кейбір мақсаттар (тақырыптар) өзгертілді.
Достарыңызбен бөлісу: |