Грамматикалық тапсырмалар
Өз мүддеңізді қорғау үшін арыз жазыңыз
Судың болмауына байланысты арнайы мекемеге шағым хат жазыңыз
АНЫҚТАМА ҚҰЖАТТАРЫ
Анықтама қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.
Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады ұсыныс, қорытынды болмайды.
Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға соны жазушы адам қол қояды, жоғарыға жіберілетін анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.
Анықтамада бірнеше мәселелер қамтылса, мәтінін бірнеше бөлікке бөлген немесе кесте түрінде құрастырған жөн.
Жеке адамға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы, тіркелімі т.б.) қалыпты қағаздарға толтырылып, кадр бөлімі бастығының не кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.
Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы,
«Осы анықтама Бердібаева Айгүл Оралбекқызына, оның Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультеті күндізгі бөлімнің ІІІ курсында оқитынын растау үшін берілді».
Анықтаманың қай ұғымға арналып берілгіні туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы,
«Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық паспорт бөліміне көрсету үшін берілді». Немесе «Анықтама теміржол және аэрофлот кассаларына көрсету үшін берілді».
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы,
«Анықтама 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды» немесе «Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды»
Анықтама беруші адамның қолы. Бұл мәлімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей қалдырылып барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және тегі, аты-жөні беріледі. Мысалы,
Қазақ филологиясы
факультетінің деканы _________Т.С. Сағымбеков
(қолы)
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер мөр қойылатын арнай орын көрсетілмесе, мөр жауапты адам туралы мәліметтің сол жағына 1-2-см-дей жерге басылады. Мысалы,
№ 29 балалар бақшасының
мөр орны меңгерушісі _________Қ.С. Сейтқазиева
(қолы)
Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана күші бар.
АНЫҚТАМА
______________________ «Руханият орталығы»КМК
(аты-жөні)
200___жылдың «___» __________бастап_________________
ретінде қызмет атқарады. Айлық жалақысы ______________
(_________________________________) теңге.
Анықтама талап етілген қызмет орнына тапсыру үшін берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |