Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы


, 6 дәріс. Саяхаттардың техникалық қиындығын бағалау



бет6/14
Дата13.02.2023
өлшемі273.5 Kb.
#469474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы лекциялар

5, 6 дәріс. Саяхаттардың техникалық қиындығын бағалау
Кеңес одағында маршруттардың қиындығы бойынша жіктелуі соғысқа дейін басталды. 1990 жылы классификацияға 4000 маршрут болған. Альпинизмде маршруттар жер бедері бойынша жартасты, қар-мұз және түйдектелген(комбинированные) болады. Шыңға шығумен бірге траверстер де жіктеледі. Траверс дегеніміз кезегімен екі немесе одан көп шыңға бірінен кейін біріне шығу. Шыңдарға шығу мен траверстер 11 дәреже(категория) бойынша бөлінеді: 1б, 2а, 2б, 3а, 3б, 4а, 4б, 5а, 5б, 6а, 6б. Батыс елдерінде 20-шы жылдарда 6 сатылы Вельценбахтың қиындық шкаласы(Мюнхендік классификация) пайда болды, ол жалпы түрде қазіргі UIAA (Union Internationale des Assotiations d Alpinisme), Халықаралық альпинизм одағының классификациясына сәйкес.Альпі тауларында 1947ж. бастап қабылданған классификация алы, рим цифриларымен белгіленетін категорияларға бөлінеді. ІІІ категориядан бастап дәлділік үшін қосымша «+»(плюс) және «–»(минус) белгілері енгізіледі.
Кедергілердің қиындық дәрежесі( категория трудности) дегеніміз белсенді туристік саяхаттағы кедергілерді сипаттайтын көрсеткіш(саяхаттың өзін сипаттайтын күрделілік дәрежесімен(категория сложности похода) шатастырмау керек).
Асулардың қиындық дәрежесін төрт негізгі көрсеткіш бағалайды: 1) жолдың ең күрделі кесінділерінің сипаты; 2) асудан өту үшін қажетті техника мен тактика, түнеу орындарының ерекшеліктері;
3) маршруттың сандық сипаттамалары(жүру уақыты, сақтандыру нүктелерінің саны); 4) қажетті арнайы құрал-жабдықтар.
Асудың қиындық дәрежесі төрт көрсеткіштің барлығының жиынтығымен анықталады. Жоғары категорияның кейбір көрсеткіштері кездесетін болса, оларды өтуді қиындататын фактор ретінде белгіленеді, бірақ асудың қиындық дәрежесін жоғарылатпайды.
Классификациялық көрсеткіштерге қаүіп кірмейді(қар, тас көшкіндері, т.с.с.)
1 кесте. Асу қиындық дәрежелерінің шкаласы

Асудың қиындық дәрежесі

Жолдың ең күрделі кесінділерінің сипаты

Асудан өту үшін қажетті техника мен тактика, түнеу орын-дарының ерекше-ліктері;



Асудан өту үшін қажетті уақыттың барлығы. Жүру уақыты(Т1);өзара сақтандырумен журу уақы-ты(Т2); сақтандыру нүктелерінің саны(n)

Қажетті арнайы құрал-жабдықтар



Жай шөгінді, қарлы, жартасты 30 аспай-тын беткейлер, жайпақ(15 аспайтын) жарықтары жоқ мұздықтар, кейде бетіне тастар шығып тұрған шөпті беткей-лер, әдетте соқпақтар бар.

Ең қарапайым жеке техника, өзін альпеншток немесе мұзшапқышпен сақтандыру. Түнеу әдетте көгалда палат-ка немесе үйшікте

Бірнеше сағат.
Т1= 4-8
T2=0
n=0

Табаны тайға-намайтын аяқ киім; мұзшапқыш немесе альпеншток, топқа 1-2арқан



Қиын емес, құлауы орташа жартастар, қарлы беткейлер(20-40 ), мұзды жерлер, қардың астында көрінбейтінжарықтары бар мұздықтардың кесінділері. Әралуан шөгінділер.

Беткейлер мен жабық мұздықпе жүрудің тізбекпен(в связках) ең қарапайым топтық
техникасы; кейде қысқа(40 м-ге дейін) кесінділер мен өткелдерде қанат(перила) асу. Ыңғайлы жерлерде, мұздық зонасының шетінде түнеу.

Әдетте 1 күннен аспайды.
T1=4-10
T2=1-4
n=0-5



Трикони немесе вибрам, кеуденің орау белдері(обвязка) альпенштоктар, мұзшапқыштар(топқа 1-2), әрбір 3-4 адамға бір негізгі арқан



Құлауы орташа(20-40 ) жартасты, қарлы, мұзды беткейлер, жабық мұздықтар мен қиын емес мұз құлаулары

Күрделі жеке және топ-тық сақтандыру: ауыс-палы сақтадыру, кош-каларды қолдану неме-се баспалдақ жасау, іл-гектерді қолдану. Мұз-дық зоасында түнеу бо-луы ықтимал

Тәуліктен кем
T1=6-10
T2=3-6
n=5-10

Трикони немесе вибрам, кошки, арқан, ілгек, мұзшапқыштар



Тік(40 -тан жоғары) қиындығы орташа, ұзындығы 100-150 м қарлы, мұзды, жартасты беткейлер, қиындығы орташа мұз құлаулары

Барлық техникалық әдістерді қолдану: 3-4 арқанда ауыспалы сақ-тандыру, кошкалар, бас-палдақ жасау, ілгектер, өлегенде алдыңғысы, түскеде артқысы рюк-заксыз жылжиды, рюк-зактарды өзі арқанда отырып бөлек көтеру мен түсіру (дюльфер-мен). Түнеу – мұздық зонасында, кейде асудың үстінде

1-2 тәулік
T1=8-16
T2=5-10
n=5-15

2А жабдықталуына қоса – ілгектер, кошки барлық кісілерде, 40м қосымша арқан, ілмектер, арқанның шығын ұштары, түскенде тастап кетуге арналған ілгектер



Өте тік(60 -қа шейін), ұзындығы 200-300 м қарлы, мұзды, жартас-ты беткейлер, қиын мұз құлаулары

Барлық техникалық әдістерді қолдану, бір-бірін сақтандыру, ілгектер мен басқа жасанды тіреулерді қолдану, маршрутты алдын ала барлау және дайындау. Тактиканың маңызы одан да жоғары болады. Бірнеше рет мұз зонасында түнеу, суды қар ерітіп жасау

2 тәуліктен кем емес.
T1=10-20
T2=8-16
n=10-30

Алдында аталғанға қоса – ұзындығы 60-80м-ге шейін негізгі және қосымша арқандарды қолдану, штопорлық, якорлық ілгектер, сатыларды қолдану және т.б.



3А-дай, бірақ қиын жерлердің одан үлкен ұзындығы, олардың әртүрлілігі немесе ең қиын сипаты(мысалы, 60 асатын қабырғалар)

Бірнеше сағат, тіпті бір-неше тәулік бойы үзбей сақтандыру жасау, өте жоғары деңгейдегі тех-ника, онымен қоса, дәл осы асудан өтудің ар-найы техникасы, қате-сіз тактика. Ыңғайлы түнеу орындарының жоқ болуы, отырып ұйықтайтын бивактар

3 тәуліктен кем емес
T1 20-дан кем емес
T2 16 кем емес
n 25-тен артық

3А-дағыдай және оған қоса дәл осы асудан өту үшін арнайы жасалған құрал-жабдықтарды қолдану



Туристік жорықтар қиындығы(күрделілігі) бойынша алты дәрежеге бөлінеді. Жорықтың күрделілік дәрежесі(категория сложности похода) үш классификациялық көрсеткіштер жиынтығымен анықталады: 1) ұзақтығы; 2) ұзындығы(қашықтығы); 3) маршруттың техникалық күрделілігі.


2 кесте. Жорық күрделілігіне қойылатын талаптар






Жорық күрделілігінің дәрежесі

I

II

III

IV

V

VI

Ұзақтығы(... күннен кем емес)

6

8

10

13

16

20

Жорық жолының ұзын-дығы(... км-ден кем емес)
- жаяу

120

150

190

220

250

300

- шаңғы

130

160

200

220

300

300

- тау

100

120

140

150

160

160

- су(ескекті кемелер)

150

160

170

180

190

190

- велосипед

250

500

600

900

1000

1000

- мотоцикл

1000

1500

2000

2500

3000

3000

- автомобиль

1500

2000

2500

3000

3500

3500

- спелеожорықтар(үңгірлер саны

5


4-5


1-2


1-2


1


1



Маршрут ұзақтығы дегеніміз маршрутқа сәйкес дайындығы бар топқа, демалыс күндері мен ауа райы әсеріне қалдырылған қосымша күндерін есептемегенде ең кемінде алынған уақыт. Демалыс күндері(дневки) нормативті ұзақтыққа кірмейді, және олардың саны жорықтың жалпы ұзақтылығынан 20 % аспайды. Жорықтың ұзақтығын ережелер шектемейді, бірақ, егер күндер саны нормативті минимумнан дәлелсіз, себепсіз(мысалы, кедергілердің мөлшері мен санының көбеюінсіз) түрде 25-30% асып кетсе, МКК жорық күрделілігін жүктеме қарқындылығы төмен болғандықтан бір категорияға төмендетуге қақысы бар. Саяхат күрделілігі нормадан асып тұрса, оны ұзартқан жөн.


Маршрут ұзындығы(жол қашықтығы) – саяхат күрделілінінің белгілі дәрежесінің ең кіші мөлшерін Ұзындығын тек қана асқан техникалық қиындығы болса ғана азайтуға болады, оның өзінде азайту мөлшері 25% аспайды.
Күрделілік дәрежені анықтағанда белгілі нүктелерден өтетін жол есептеледі, кейбір объектілерге радиалдық шығулар арқылы жетуге болады. Маршруттың негізгі бөлігі сызықтық немесе айналма, және ережеде нұсқауланған қашықтықтың 75 % кем болмауы тиіс, тау маршруты болса, осы күрделілікке нұсқауланған ең қиын екі асудан кем асулар саны болмауы тиіс. Радиалдық шығу дегеніміз маршруттық кітапшада белгіленген, жолдың бастапқы нүктеге қайтатын кесіндісі. Айналмалы(басқа жолмен қайту) радиалдық шығуларда өткен қашықтықтар мен кедергілер толығымен, сызықтық радиалдық шығулардікі – жартылай есептеледі. Кедергілер қиындығы өзгермесе, маршрут қашытығының ұзартылуы маршрут күрделілігін көбейтпейді.
Күрделілігі 3-6 дәрежедегі саяхаттар үзіліссіз өткізілуі тиісті. Маршруттың үзілуі – төтенше жағдай болмаған кезде елді мекенде екі тәуліктен артық уақыт болуы және маршрут ішінде механикалық көлік қолдану.
Тау туризм жорықтарының күрделілігін асулар жиынтығын қолданады:

3 кесте. Асулар жиынтығына қойылатын талаптар



Күрделілік дәрежесі

Асулардың жалпы саны



Жорық күрделілігін анықтайтын асулар саны

Спорттық дәреже талаптарына сәйкес жорықтың мерзімінде өтілетін асулардың ең үлкен рұхсат берілген саны













1

2

2

-

-

-

-

-

3

2

3

-

2

-

-

-

-

4, оның ішінде 1Б – 3

3

4

-

1

2

-

-

-

5, оның ішінде 2А – 3

4

5

-

1

1

2

-

-

6, оның ішінде 2Б – 3

5

6

-

-

1

2

1

-

7, оның ішінде 3А – 2

6

6

-

-

1

1

2

1

7, оның ішінде 3Б – 2

1989 жылдан бастап тау жорықтарына шыңдарға шығу мен траверстер де енгізілетін болды. Мұндай элементтер саны екіден аспау керек, ал қиындығы – маршрут күрделілігін анықтайтын асулар қиындығынан аспау керек. МКК өз еркімен шыңға шығу мен траверстері бар жорықтарын қабылдау үшін қажетті асулар санын қысқартуға қақысы бар.


Күрделігі 1-ден төмен жорықтар дәрежесіз болып есептеледі(мысалы, демалыс күнгі жорық). әрбір жорықта қандай да болсын қиындық дәрежедегі кесінділер кездесуі ықтимал. Осындай жорыққа қатысқан адамдардың тәжірибесі сондай кесінділерге сәйкес келу қажет. Ондай тәжірибе болса қатысуға рұхсат беріледі, бірақ спорттық дәреже берілгенде есептелмейді.

4 кесте. Туризмнің спорттық дәрежелеріне қойылатын нормативтік талаптары



Спорттық дәрежелер



Күрделілік дәрежелері

I

II

II

IV

V

қатысу

басқару

қатысу

басқа-
ру

қаты-
су

басқа-ру

қаты-су

басқа-ру

қаты-су

басқа-ру

Спорт шебе-ріне канди-дат, ерлер
(КМС)

-


-


-


-


-


-


1


1


1


-


Спорт шебе-ріне канди-дат, әйелдер
(КМС)

-


-


-


-


-


-


1


-


1


-


I

-

-

-

1

1

1

-

-

-

-

II

-

1

1

-

-

-

-

-

-

-

IIІ

1

-

-

-

-

-

-

-

-

-





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет