Түсініктеме (глосариий)
Автотаптаурын – осы этностық қауымның өкілдеріне қатысты пікірлер, ойлар, бағалар. Автотаптаурын әрқашан жағымды бағаналудан тұрады.
Агрессия (басқыншылық) – бір мемлекетің басқа мемлекетке қарсы немесе халықтың (ұлтық) егемендігіне, аймаққа қол сұқпаушылығына немесе тәуелсіздігіне қарсы күшін құқықсыз, заңсыз қолдануы.
Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жаңа мәдениетке, жаңа ұлттық әдет-ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.
Архетиптер – адамдардың қоғамдық өмірінің фундаменталды элементтерін қабылдаудың (түйсігін) санасыз түрі. К.Юнганың түсінігі бойынша архетиптер ұжымдық санасыздықтың құрылымдық компоненттері жалпы адамдық символика негізіне жататын түс, ертегі, миф.
Этикалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін, әдет-ғұрыпын, мәдениетін және ұлттық сана-сезімін жоғалту жолымен бірігуі нәтижесінде ұлттық (трансформациясы) пайда болады.
Атрибуция – адамның жүріс-тұрыс себептері мен дәлелдерін, жеке қасиеттері мен мінездерін олардың іс-әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.
Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамның негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.
Босқындар – экономикалық тұрақсыздық, ұлттық-этикалық жанжалдар, кикілжіңдер мемлекеттіліктің күйреуі процесінің тереңдеу салаларынан пайда болатын мәжбүрлі қоныс аударушылар (мигранттар).
Гетеростереотиптер – басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Олар аталған халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін.
Этикалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар категориясының құқылары мен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.
Инициация – сол немесе басқа ұлыстарда (этностарда) бар әрекеттер (рәсімді, салты және т.б. топтамасы, осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі) жоғарғы касталарға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау.
Достарыңызбен бөлісу: |