Урок Родной язык звучание сердца. 1-тапсырма. Тіл туралы ұлағатты сөздерді түсініп, есте сақтаңдар



Дата22.06.2016
өлшемі47.99 Kb.
#153353
түріУрок


  1. Класс

I модуль. Қазақ тілі туралы.

I модуль. О казахском языке.

2 – сабақ. Ана тілі – жүрек үні.

Урок 2. Родной язык – звучание сердца.

1-тапсырма. Тіл туралы ұлағатты сөздерді түсініп, есте сақтаңдар.

Задание 1. Добейтесь понимания известных высказываний о языке, запомните их.

  1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ (Ш. Айтматов).

Там, где нет языка, нет нации (Ч. Айтматов).

  1. Қазақша жазу – қазақ сөздерінің кез келгенін құрастыра беру емес (М. Әуезов).

Писать по-казахски – не означает строить выражения из каких угодно казахских слов (М. Ауезов).

  1. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын (А. Жұбанов).

Родной язык каждого народа – ключ к знаниям. Пусть наша молодежь будет образованной, культурной, досконально знающей родной язык (А. Жубанов).

  1. Ана тілін ұмытқан адам өз халқынын өткенінен де, болашағынан да қол үзеді (Ғ. Мүсрепов).

Человек, забывший родной язык, порывает связь с прошлым и будущим своего народа (Г. Мусрепов).

  1. Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны ойлаудан басталады (Г. Гегель).

Самый главный фактор образованности начинается с речи и мышления на родном языке (Г. Гегель).

  1. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты (П.М. Мелиоранский).

Казахский язык – самый чистый и богатый среди языков, относящихся к тюркской языковой группе. Казахи – большие мастера говорить красноречиво... Казахская народная литература очень богата и разнообразна (П. М. Мелиоранский).

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Задание 2. Прочитайте тест и выполните уровневые задания к нему.

Ана тілі туралы

О родном языке

Ана тілің анаңның ақ сүтімен нәресте кезіңнен бойыңа сіңеді (Родной язык впитывается в младенчестве вместе с молоком матери).

Тіл – халықтың байлығы (Язык – богатство народа). Мысалы, біздің қазақ халқы жер бетінде өмір сүріп келе жатқаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз, ертегілері, шығарған жырлары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, көрген-білгені, жалпы дүние жайындағы ұғым-түсініктері, ойы, сезімі – бәрі де ана тілімізде шығарылып, ана тілімізде дамып, атадан балаға мұра болып келеді (Например, с тех пор как наш казахский народ появился на земле, его жизнь, героические поступки, предания, сказки, поэмы, названия природных и общественных явлений, познания, понятия об устройстве мира вообще, мысли, чувства – все это выражается на родном языке, на родном языке развивается и остается наследием, передающимся от отцов к детям). Демек, ана тіліміз – бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы (Следовательно, наш родной язык – это благо и богатство всего казахского народа). Ол халқымызбен бірге жасап, бірге дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп өтыр (Он живет вместе с нашим народом, вместе развивается и поднят до уровня государственного).

Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз (Сохранять и развивать язык – почетная обязанность каждого из нас).

Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеу, жаза білуі керек (В первую очередь казахи должны уметь разговаривать и писать по-казахски, на родном языке).

(Ж.С. Қалиевадан)

Сөздік


нәресте – младенец

қоғам құбылыстары – общественные явления

сіңу – впитать

мұра – наследие

ерлік – геройство

дәреже – здесь: уровень

III деңгей

III уровень

  1. Мәтінге сұрақ құрастырып өзара сөйлесіңдер.

Составьте вопросы к тексту, поговорите друг с другом.

  1. Септік жалғауы бар 3 сөз теріп жазып, сөз табына қарай морфологиялық талдау жасаңдар.

Выберите из текста 3 слова с падежным окончанием и проведите морфологический разбор слова как части речи.

Пример выполнения задания № 1:

Сұрақтар:

Вопросы:

  1. Ана тілі қай кезден бастап бойыңа сіңеді?

С какого возраста ты впитываешь в себя родной язык?

Жауабы: Ана тілің анаңның ақ сүтімен нәресте кезіңнен бойыңа сіңеді.

Ответ: Родной язык впитывается в младенчестве вместе с молоком матери.

  1. Тіл – халықтың байлығы деген пікірді қалай дәлелдеуге болады?

Как можно доказать утверждение, что язык – богатство народа?

Жауабы: Халық басынан кешкен өмірін, ерлік істерін, аңыз, ертегілерін, шығарған жырларын, табиғат пен қоғам құбылыстарының атауларын, көрген-білгенін, жалпы дүние жайындағы ұғым-түсініктерін, ойын, сезімін – бәрін де ана тілінде шығарып, ана тілінде дамытып, атадан балаға мұра етіп келеді.

Ответ: Народ свою жизнь, героические поступки, предания, сказки, поэмы, названия природных и общественных явлений, познания, понятия об устройстве мира вообще, мысли, чувства – все это выражает на родном языке, на родном языке развивает и передает от отцов к детям.

  1. Тіл туралы біздің міндетіміз қандай?

Какие у нас обязанности относительно языка?

Жауабы: Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз.

Ответ: Сохранять и развивать на язык – почетная обязанность каждого из нас.

II деңгей

II уровень

Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.



Перескажите содержание текста.

I деңгей

I уровень

Мәтінді жалғастырыңдар.



Продолжите текст.

Пример выполнения задания № 1:

Қазақ тілі тек қана Қазақстанда дамуы мүмкін (Казахский язык может развиваться только в Казахстане). Басқа мемлекеттердегі қазақтар сол мемлекеттің тілінде сөйлеп және жазып үйренеді, ал қазақ тілі от басында ғана қолданылады (Казахи, живущие в других государствах, научились разговаривать и писать на языке тех государств, а казахский язык применяется только в быту, семье). Сондықтан ғылымның, өндірістің, мәдениеттің, қоғам және саяси өмірінің әрбір салаларында қазақ тілін енгізу, қолдану және дамыту аса қажет (Поэтому необходимо внедрить, применять и развивать казахский язык во всех сферах науки, производства, культуры, общественной и политической жизни).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет