«ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі



бет28/87
Дата02.02.2024
өлшемі2.25 Mb.
#490644
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   87
Химия 2-тоқсан 10-сынып ЖМБ

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Гиббстің еркін энергиясы

Бөлім:

10.2А Термодинамикаға кіріспе

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Гиббстің еркін энергиясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.3.1.6 Гиббс-дың бос энергиясын өзгертуді түсіндіріп, оны анықтамалық деректерден есептеу;
10.3.1.7 термодинамикалық деректер бойынша реакцияның өздігінен жүруін болжау;



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Гиббс энергиясының мәні бойынша түсінігі қалыптасады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Реакциялардың өздігінен жүруін көрсете алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Термодинамикалық деректер бойынша өздігінен жүретін реакцияларды болжай алады.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
б). Топтастыру.


Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушылар презентацияға зер салады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
20 мин.

Мұғалім: Реакцияның жүру немесе жүрмеу мүмкіндіктерін Гибсс теңдеуінің көмегімен әдістер бойынша анықтаймыз
Әдістер жайлы презентация көру

Оқушылар ақпаратпен танысады.

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

ДК экраны

Презентация .



Оқулық 10-сынып

Топтық жұмыс
6 мин

1-Тапсырма
Көрсетілген әдістер бойынша топқа бөлініп есептер шығарады №3,4,5 есеп



Есептерді шығару жолымен өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор:
-Гиббс энергиясының стандартты жағдайда формуласын өрнектейді-1б
-Әдістермен толық біледі-1б

10 сынып оқулық

2 -Тапсырма
Еркін энергетикалық теңдеудің ашылуына үлес қосатын ғалым үшін еркін энергетикада қолданылатын таңбаны анықтаңыз.



Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды.

Дескриптор:
- еркін энергияны, бұзылуды, энтальпия мен температураны анықтай алады
1 балл

ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері

Жеке жұмыс

3- Тапсырма
Негізгі нүктелерді жинақтау үшін графикалық сызба сызу

Графикалық сызбаны өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор:
Сызба бойынша өз ойын айтады.
-сызба түрлерін сипаттайды
Жалпы-1балл.

ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
12 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет