Керібайланыс:«Бессаусақ» арқылы бағалайды.
Бас бармақ – Өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – Басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек– Бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкене бөбек – Бүгін не үйрендім?
Сабаққа, бір-бірінің іс- әрекетіне кері байланыс береді. Стикерлерге жазып, жапсырады.
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу ауызша орындалады. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім мәтінді дауыстап оқып береді.
Нан неден жасалады?
Ұн неден алынады?
Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?
Егіншінің еңбегін қалай бағалар едің? Оқушыларды қатыстыра отырып, мәтіннің мазмұны талданады. Нанның дастарқанға келгенге дейінгі барлық еңбек түрлері жеке- жеке сараланып айтылады.
Дәптермен жұмыс 2-жаттығу. Жазбаша орындалады. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазады.
Дескриптор:
Сөйлемдегі сөздердің орындары ауысып тұрғанда мағынасы түсінікті болды ма? Сөйлем мағынасын түсіндіңдер ме? Неліктен?
Сөйлем неден құралады екен? Сөйлем аяқталғанда қандай тыныс белгісі қойылады?
Әр сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылған?
Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады: Балалар мектепке келді. Сергіту сәті. «Көңілді күн» Мұғалім қима қағаздарға комбайншы, егінші, диқаншы, наубайханашы, дүкенші сөздерін жазып бүктейді. Әр топтан бір оқушы келіп бүктелген қағазды алады.
Суреттерін интербелсенді тақтадан көрсетеді
жаттығу. Барлық оқушы дауыстап, тізбектей бір сөйлемнен оқып шығады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.