7-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолын анықтаңыз.
әдептілік, сыпайылық, тәртіптілік, жарасымдылық, қамқорлық, адамгершілік, ыңғайсыздық
8-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып, мәнін түсініңіз.
ізет көрсету, жек көру, жақсы көру, қастерлі қасиет, сөз жарыстыру, өзіңді ұстай білу, көңілге қарау
9-тапсырма. Сұрақтарға өз бетіңізше жауап беріңіз.
1) Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз? Оның ішінде сізге қайсысы ұнайды?
2) Салт-дәстүрдің адам психологиясының қалыптасуына әсері бар ма?
3) Эстетикалық норма мен эстетикалық талап деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |