Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С


Ресми, іскери салаларға қатысты сөйлеу әдебі



бет32/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135
Оку курал 2021 январь

Ресми, іскери салаларға қатысты сөйлеу әдебі

Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады.

Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді. Сұхбаттасуда адамның жеке басының мәдениеті, тәрбиесі көрініс береді. Пікірталасушылардың бір-біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі – әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс. Сөз әдебі – адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да – әдеп белгісі.

Тіл тазалығы – әр сөздің қолданылу аясын, бояуын, басқа сөздермен тіркесуін, мағыналық қызметін ескеру. Тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін сақтау негізі ретінде қазақ халқының сөйлеу әдебіне байланысты мақал-мәтелдердің де орны ерекше. Іскерлік қарым-қатынаста тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін, рухани құндылықтарын айқындай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет