27.03.2014 217/31-V
Қаладағы қоғамдық көлік
жұмысының жай-күйі мен оны
жақсарту шаралары туралы
Қалалық мәслихаттың сессиясы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековтің «Қаладағы қоғамдық көлік жұмысының жай-күйі мен оны жақсарту шаралары туралы» баяндамасын тыңдап және талқылап, елорданың атқарушы органдары қалалық қоғамдық көлікті тұрақты және қауіпсіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету, көлік қызметтерін сапасын арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Қала аумағында шарт негізінде автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын 8 компания тіркелген.
Елорданың маршрутты желісіне 50 маршрут енеді, олардың жалпы ұзындығы 2 мың-нан астам км құрайды, қоғамдық көлікпен тәулігіне 750 мың жолаушы тасымалданады.
Астана қаласының жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңызды қатынасының тізбесі бекітілді. Азаматтардың жекелеген санаттарының қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруі қамтамасыз етіледі.
Қала халқының қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтерге сұранысын қанағаттандыру мақсатында жылжымалы құрамды жаңарту және толықтыру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын қаланың жолаушылар көлігі кәсіпорындары «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ескірген автобустардың орнына орташа алғанда 70 жаңа автобус сатып алынды. 2014 жылы газбен жүретін IVECO маркалы 350 жаңа автобусын сатып алу және оларға коммуналдық парк салу жоспарланып отыр.
Маршрутты желіні оңтайландыру, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «BRT: Жылдамдықты автобус тасымалы» жобасы енгізілуде.
Қалалық қоғамдық көліктің кешенді инфрақұрылымын құру мақсатында қоғамдық көліктің техникалық тұруы үшін 15 айналмалы алаңдарды салу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы «Мастер-2» ауданында және «Көктал-1», «Өнеркәсіп» тұрғын алаптарында 3 алаңды салу басталады.
Жолаушылар тасымалы орталығы қаланың барлық маршрут автобус жүргізушілерінің жұмысын бақылайды. Он-лайн режимінде олардың жұмыс кестесі, қозғалыс интервалдары қадағаланады. Барлық маршруттың жұмысын барынша толық бақылау үшін бірыңғай диспетчерлік пунктті құру, аялдамаларда электронды табло орнату жоспарланып отыр. Пилоттық жоба аясында салондағы, жолдағы және қайшылықты жағдайдың туындауын бақылау үшін он автобуста бейнебақылау камерасы мен «дабыл» кнопкасы орнатылған.
Қоғамдық көлік саласында 2,5 мыңнан астам жүргізуші мен кондуктор жұмыс жасайды. «Астана қаласының жолаушылар көлігі кәсіби оқу-білім беру орталығы» ЖШС базасында жүргізушілер мен кондукторлардың біліктілігін арттырудан өтеді, қалалық автобус паркін жаңартуды ескере отырып жоспар әзірленді.
Жылжымалы құрамы 500-ден астам бірлікті құрайтын 19-дан астам таксомотор компаниясы жолаушыларды тасымалдау бойынша кең қызмет спектрін көрсетеді.
Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының сессиясы қалалық қоғамдық көлік жұмысында қалалық көліктің жұмыс тиімділігіне жағымсыз ықпал ететін бірқатар проблемалар бар. Жол төсемдерінің шамадан тыс артық болуы, көлік кептелістері, әсіресе қаланың ескі жағында, жылжымалы құрамның жетіспеушілігі бұрынғыдай өзекті мәселелердің бірі болып қалп отыр.
Жолаушылар тасымалының жай-күйі қала тұрғындары тарапынан кқңілдері толмаушылықты туындатады. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы шағым мен өтініш саны 32 пайызға артты.
Елордада автомобиль көлігімен жолаушыларды және жолжүкті тасымалдау қағидасын орындауға тиісінше деңгейде қадағалау жүргізілмейді. Жүргізілген рейдтер көрсеткендей, тасымалдаушы, қозғалыс кестесі, маршрут сызбасы туралы барлық қажетті деректерден тұратын ақпаратты табло, тыйым салу мен арнайы орын белгілерімен пиктограммалар кейбір автобустарда жоқ. Кейбір маршруттарда автобус қозғалысы туралы ақпаратты хабарламалар мен көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде «Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары бұзылуда.
Қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының саны артты. 2007 жылдың қорытындысы бойынша 87 жағдайда жолаушылар көлігіндегі апаттылық көрсеткіштері артты.
Кейбір маршруттардың сызбасы қолданыстағы жолаушылар ағыны сұранысына жауап бермейді. Қоғамдық көлік маршруттарының қайталану жағдайлары орын алған.
Тасымалдау қауіпсіздігін төмендетуге және пайдалану шығындарының өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі жылжымалы құрамның тозуы. Тұрақты қалалық маршруттарда қызмет көрсету мерзімі 14 жылдан астамды құрайтын 157 автобус пайдаланылуда, бұл 17 пайызды құрайды. "Қарбалас" уақытта салондардың толтырылуы рұқсат етілген нормадан үш есе асып кетеді, сонымен минималды қолайлылығы қамтамасыз етілмейді және жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік жағдайлары сақталмайды.
Маршрутты автобустың технологиялық тұрағы менайналымы үшін соңғы пункттер қойылатын талаптарға сәйкес келмейді, соңғы аялдамаларда жүргізуші құрамы мен кондукторлар үшін санитарлық жағдайлар жасалмаған, автомобиль-таксилер арнайы жабдықталған тұрақтар мен аялдамалар жоқ, бұл қала жолдарында апатты жағдайлардың туындауына әкеп соғады.
Қала тұрғындары тарапынан қалалық қоғамдық көлік қозғалысы кестелерінің бұзылуынакөптеген шағымдар келіп түсуде, қозғалыс кезінде «бәйге» ұйымдастырады, тәуліктің кешкі уақытында жолаушыларға билет бермеу жағдайлары орын алады, жүргізушілер мен кондукторлар тарапынан жолаушыларға қатысты дөрекілік көрсетеді.
Бағдаршам объектілері, жылдамдық өлшеуіш, жолаушылар өткелі, әсіресе әлеуметтік объектілер жанындағы жаяу жүргінші өткеліне сұраныс толық емес көлемде қанағаттандырылған.
Қаланың көлік кәсіпорындарында жүргізуші құрамы мен кондукторлар тапшылығы байқалады. Осыған байланысты психологиялық тестілерімен біліктілігін көтеру курстарын өткізу бойынша заманауи технологиялармен жарақтандырылған оқу-білім беру орталығын ұйымдастыру мәселесін зерттеу қажет етіледі.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековтің «Қаладағы қоғамдық көлік жұмысының жай-күйі мен оны жақсарту шаралары туралы» баяндамасы назарға алынсын.
2. Астана қаласының әкімдігіне қоғамдық көлік қозғалысын жақсарту және реттеу, жолаушылардың бір маршрутынан келесіне отыруға қолайлы жағдайларды және жылжымалы құрам тиімділігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көлік қозғалыс маршруттарын қайталауды жойып, көлікті дамытудың логистикалық принциптерін қолдана отырып, маршрутты желіні оңтайландыру бойынша шараларды қабылдасын.
Көше-жол желісін кеңейту және жол төсемін сақтауды қамтамасыз ету, жолдардың шамадан тыс көлік жүктемесі проблемаларын шешу, көше-жол желісінің өткізгіштік қабілетін арттыру, жылжымалы құрамды сақтау мақсатында қаланың шеткері аймақтары мен ескі жағында орналасқан жолдарға назар аударып, автомобиль жолдары мен көпірлерін салу, қайта жөндеу және жөндеу жұмысын жандандырсын.
Қалалық қоғамдық көліктің кешенді инфрақұрылымын және жолаушылар құрамы мен кондукторлар үшін қарапайым санитарлық жағдайларды жасау үшін маршрутты автобустардың технологиялық тұрағы және айналымы үшін пункттерді салу бойынша шараларды қабылдасын.
Автомобиль-таксилердің тиімді жұмысы қамтамасыз ету және оларды жолаушылар пайдалануда қолайлылық жасау үшін ірі объектілер – вокзалдар, сауда орталықтары және басқа да қаланың жолаушыларды қалыптастыратын пункттерінде таксиге арналған арнайы тұрақтарды ұйымдастыру мәселесін қарастырсын.
3. Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасына қаланың қолаушылар көлігі кәсіпорындарымен бірлесіп:
- елордада автомобиль көлігімен жолаушыларды және жолжүкті тасымалдау қағидасын сақтауға бақылауды күшейту;
- жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тиімділігін арттыру, автобус маршруттарын алдағы уақытта оңтайландыру, жылжымалы құрамның оңтайлы санын анықтау мақсатында жолаушы ағынын тексеруді жүйелі түрде жүргізу;
- қаланың көлік ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру және қаржы-экономикалық жағдайын нығайту бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, елорданың жолаушылар көлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін материалдық ынталандыру жүйесін жетілдіру бойынша шараларды қабылдау;
- қалалық жолаушылар көлігі жүйесіне қалалық жолаушылар тасымалын басқару бойынша заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, қоғамдық көліктің қозғалыс қашықтығы мен кестелерінқатаң сақтау, жылжымалы құрамның қозғалысын «он-лайн» режимінде бақылау жүйесін (GPS) бірыңғай диспетчерлік пунктті құру бойынша шараларды қабылдау;
- пайдаланылған газдың зиянды шығарындыларын азайту және жанар-жағар май материалдарына шығындарды азайту үшін қоғамдық көлікте газ жабдығын пайдаланумен заманауи технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар кешенін қарастыру;
- қоғамдық көліктің техникалық және санитарлық күйін тұрақты бақылауды жүзеге асыру, техникалық тексеруден өтпеген және тиісінше санитарлық және эстетикалық түрі болмаған көлікті жолға шығаруға жол бермеу;
- елорда тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету сапасы мен өмір сүру деңгейін арттыру бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу, көлік кәсіпорындары ұжымдарында тәрбиелеу жұмыстарын күшейту, көрнекі ақпаратты және ақпараттық хабарламаларды «Тілдер туралы» заңға сәйкес орналастыру ұсынылсын.
4. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бақармасы және Астана қаласының Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасына:
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында қала көшелерінде көлік ағынын реттеу бойынша шаралар қабылдау, оқу орындары, медициналық мекемелер жанынан жақын өтетін жолдарды зерттеу және оларды бағдаршамдармен, жаяу жүргінші өткелдерімен, белсенді жол белгілерімен, жылдамдық өлшеуіштерімен жарақтандыру бойынша жұмысты жандандыру ұсынылды;
- қала көшелерінде апатты және күрделі жол жағдаяттарын төмендету және автобус аялдамаларында жеңіл автокөліктерінің тұрағына жол бермеу мақсатында тұрақ аймақтарының болуына мониторинг жүргізу және тұрақ орындарын кеңейту және салу бойынша шараларды қабылдау ұсынылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Қ. Жауханов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов
Достарыңызбен бөлісу: |