В. И. Вернадскийдің биосфера – ноосфералық концепциясы.


Биогеохимиялық (циклдар)айналымдар - организмдер тіршілігінің барысында энергия мен зат айналымды үлкенді-кішілі үздіксіз айналымда болатын процесс. Бұл айналымды 2 типке бөлді



бет4/6
Дата13.10.2024
өлшемі0.51 Mb.
#504633
1   2   3   4   5   6

Биогеохимиялық (циклдар)айналымдар - организмдер тіршілігінің барысында энергия мен зат айналымды үлкенді-кішілі үздіксіз айналымда болатын процесс. Бұл айналымды 2 типке бөлді

  • газ тәрізді заттардың атмосферадағы немесе гидросферадағы(мұхиттарда) айналымы
  • жер қыртысындағы шөгінділер
  •  

  • Бұл айналымдарға су, көміртек, күкірт, оттек, азот, фосфор жатады






Су айналымы үлкен геологиялық айналымға жатады. Әлемдік мұхиттан су буланып, құрлыққа ауысады да, атмосфералық жауын-шашын болып түседі, қайтадан жер бетiлiк және жер астылық, ағызынды сулар арқылы мұхитқа түседі. Табиғатқа антропогендiк әсерлер - климаттың өзгеруi, топырақ құрылымы, жасанды су қоймалары, өсiмдiктер, ластанулар, т.б. су айналымына әсер етедi. Судың Жердегi айналымы жыл сайын 500 мың км3 аса су пайдаланылады. Біздің планетамызда табиғи жағдайлардың қалыптасуына су айналымының атқаратын рөлі зор. Жердегі судың барлық қоры өсімдіктердің суды транспирациялауы мен биохимиялық циклде оның сіңіруіне бөлінеді және 2 млн жылда қалпына келеді.
Биосферадағы су айналымы

Биосферадағы көміртек айналымы (Дювиньо, Танг, 1968)




Көмiртек айналымы. Бұл көмiртегі айналымы биологиялық айналымнан шығып, геологиялық зат айналымына ауысады. Көміртегі айналымына адамдардың араласуы ( мұнайдың, газдың, көмірдің жануы, дегумификация процесі) атмосферадағы СО2 мөлшерінің жоғарылауына алып келеді, ол парникті эффектінің дамуын тудырады. СО2 айналымының жылдамдығы, яғни атмосферадағы барлық көмірқышқыл газы тірі зат арқылы өтеді, оған шамамен 300 жыл кетеді.

Биосферадағы күкiрт айналымы (Рамад, 1981)


Күкiрт табиғатта кең таралған элементтердiң бiрi, ол бос күйiнде де, қосылыстар: сульфиттер, сульфидтер, сульфаттар түрiнде де кездеседi. Тірі организмде күкірт белоктарда ион түрiнде болады. Тірі организмдер өлгеннен кейін күкірттің бір бөлігі топырақта микроорганизмдердің көмегімен H2S дейін тотықсызданады, екінші бір бөлігі сульфаттарға дейін тотығады да, қайтадан күкірт айналымға түседі. Түзілген күкіртті сутек атмосфераға бөлініп шығады, ол тотығып, топыраққа шөгінді болып қайта түседі. Адамдардың отынды жағуы (әсіресе, көмірді), химиялық өнеркәсіптердің сыртқа шығаратын шығыстары атмосферада күкірттің қос оксидінің (SO2) жиналуына алып келеді. Ол су буларымен әрекеттесіп, жерге қышқыл жаңбыр түрінде түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет