В. М. Сухомлинский І. Кіріспе Елімізде үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Өзбекстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуд



бет6/11
Дата01.09.2022
өлшемі64.6 Kb.
#460126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
дип жум интеллек

Ойынның мақсаты: тақырыпты меңгерту
Ойынның шарты: ойын жұпқа бөлініп жүргізіледі.

  1. Әр бір оқушы тапсырма алады, дайындыққа 10 минут беріледі.

  2. Дайындалған соң І нұсқа оқушылары тірек сызба конспектілерін пайдалана отырып, ІІ нұсқа оқушыларына түсіндіреді. Яғни «мұғалім ролінде болады.».

  3. Рольдермен ауысады.

  4. Тапсырма тақтаға жазылады

  5. Бірін-бірі тексереді.

  6. Сұрақтар қоя отырып, оқушыларды фишкалар арқылы бағалайды.

№1 тапсырма (І нұсқа) «Ондық бөлшектерді қосу»
№2 тапсырма (ІІ нұсқа) «Ондық бөлшектерді азайту»
Ойынды қорытындылау.
2. «Математикалық лото» ойыны:

  1. Сынып оқушылары 4 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.

  2. Әр топқа құрастырмалы лото карточкалары таратылады. Әр топ дұрыс жауаптарын тауып, лото құрастыру барысында «Математикалық дәлелдеусіз ешбір ұйғарымды қабылдай алмайды». (Омар Хаям) сөйлемін құрастырады.

  3. «Өрмекші» оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың меңгерген білімдерін пысықтау
Ойынның шарты:
4.Сыныптағы оқушылар төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1,2,3,4деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырған үстелден 3 деңгейдегі сұраққа дайындалып, үлгергенінше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға жоғарыдағыдай жауап жазып қылдырып, осылай сабақ барысында төрт үстелді айналып, сұрақтарға жауап береді. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңында жазылған парақшаларды жинап алып, мұғалім терсеріп бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады, ең көп ұпай жинаған оқушыға ынталандыру сыйлығы тапсырылады.
«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны
Ойынның мақсаты:
Ойынның шарты: Құрал жабдығы

    1. Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған житондар

    2. Тапсырмаларға арнап төрт бөлікке бөлінген жаймалар

    3. Сандар жазылған жаймалар

    4. Ортақ бағалау парағы

    5. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар

    6. Жауап үлгілері жазылған карточкалар

Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.
Дидактикалық ойынға мысалға ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, крассвордтар, ребустар.
Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізг жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты кімкөп жинаса, сол ұтқаны. Ал мен өз сабағымда 2 топтан 2 оқушы шығарып шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша №-лі асықтың, яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа, ептілікке үйретеді.
«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жстар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Мен «ақсүйекті» 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.
«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқанқай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдаландым.
«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты бағдарламаның ойында 9-сынып пайдаландым. «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері»тақырыбын өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым.
«Жорға». Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер» атты виктариналық сұрақтар түрінде өткіздім.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет