В. В. Иванов атындағы ботаника кафедрасының доценті Отаубаева А. У., Жамалиева Л. С



бет23/23
Дата25.02.2016
өлшемі1.04 Mb.
#21157
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

11.3 ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Клеткалық құрылымы бар, бірақ ұйымдасқан ядросы жоқ ағзалар қалай аталады:

а) эукариоттар

в) прокариоттар

с) көпжасушалылар

г) талломдылар

Қандай органоидта органикалық заттар синтезі және жинақталуы жүзеге асады:

а) гольджи аппараты

в) лизосома

с) митохондрия

г) рибосома

Ядро -

а) жасушаның көбею бөлігі



в) жасуша шырыны

с) өсімдікке жасыл түс береді

г) тыныс алу, қоректену қызметін атқарады

Қорға жиналатын заттар химиялық табиғаты бойынша үш топқа жіктеледі. Олар:

а) май, фермент, гармон

в) май, гармон, көмірсу

с) ақуыз, май, фермент

г) көмірсу, ақуыз, май

Көмірсуға жатады:

а) крахмал

в) күрделі эфирлер

с) алейрон дәндері

г) иілік заттар

Толық ұйымдасқан ядросы бар клеткалық құрылысқа ие ағзалар қалай аталады:

а) эукариоттар

в) прокариоттар

с) бактериялар

г) вирустар

Клетка дегеніміз -

а) шығу тегі және құрылысы бойынша ұқсас, бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген тұрақты және заңды қайталанып отыратын клеткалар жиынтығы

в) тірі ағзаның құрылымдық және функциональді бірлігі

с) ағзада белгілі бір қызмет атқаратын жасушалар тобы

г) құрылысы жағынан ұқсас жасушалар тобы

Ақуыз қандай органоидта синтезделеді:

а) ядро

в) митохондрия



с) рибосома

г) лизосома

Микроскоп құрылысы:

а) екі жағы бірдей дөңес шыны

в) окульяр, обьектив

с) табан, айна, тұтқа, заттық үстелше, обьектив, көру түтігі, бұранда, окуляр

г) штатив. Обьектив, тұтқа

Цитоплазма мембраналары:

а) плазмолемма, тонопласт

в) паренхима, прозенхима, мезоплазма

с) плазмолемма, мезоплазма, тонопласт

г) прозенхима, паренхима

Қорға жиналатын заттар химиялық табиғаты бойынша неше топқа жіктеледі.

а) 1


в)2

с) 3


г) 4

Белоктардың негізгі бөлігі өсімдіктердің тұқымдарында, жемістерінде қорға жиналады. Олар қалай аталады:

а) крахмал

в) алейрон дәндері

с) күрделі эфирлер

г) майлар

Тірі ағзаның құрылымдық және функциональді бірлігі

а) клетка

в) ұлпа

с) ағза


г мүше

Жасуша құрылысы:

а) ұсақ көпіршіктер

в) жасуша қабықшасы, ядро, цитоплазма

с) вакуоль, пластид

г) пластид, цитоплазма, ядро

Ядроның құрылымыдық элементтері:

а) ядро қабықшасы, ядоршық

в) ядро қабықшасы, ядро шырыны, ядоршық

с) ядро шырыны, ядоршық

г) ядро қабықшасы, ядро шырыны

Интерфазаның қай стадиясы маңызды роль атқарады:



    1. G1

    2. S

    3. G2

    4. A

Клеткалық теорияның негізін қалаған ғалымдар:

    1. Р. Гук, М. Мальпиги

    2. Р. Гук, Н. Грю

    3. Брисо-Мирбе, Ж.Б. Ламарк

    4. М. Шлейден, Т. Шванн

Интерфазалық ядродағы жүретін ең маңызды процесс:

а) ДНК синтезі

ақуыз бен РНК синтезі

АТФ синтезі

көмірсу синтезі

Май молекуласының құрамына қандай қосылыс кіреді?



    1. амин қышқылы

    2. глюкоза

    3. глицерин

    4. нуклеотид

Жасушадағы көмірсудың ролі қандай

    1. хабарлаушы

    2. тасымалдаушы

    3. энергетикалық

    4. реттеуші

Нуклеотидтердің құрамына қандай заттар кіреді



    1. липидтер

    2. сулар

    3. азотты негіздер

    4. амин қышқылдары

Қандай химиялық қосылыстың құрамына азот кірмейді

    1. аминқышқылына

    2. АТФ-ке

    3. қанттарға

    4. ДНҚ-ға

Хромосоманың морфологиясы митоздың қай фазасында анық көрінеді:

    1. профаза

    2. метафаза

    3. телофаза

    4. прометафазада

Гомологтік хромосомалардың бірігу процесі

    1. градация

    2. регенерация

    3. редупликация

    4. коньюгация

Адамның клеткаларының қайсысында хромосома жиынтығы гаплоидты

    1. сомалық

    2. жыныстық

    3. бірінші қатардағы сперматоциттер

    4. бірінші қатардағы ооциттер

Профаза басталған кезде хромосомаларда неше хроматид болады

    1. 1

    2. 2

    3. 3

    4. 4

Анафазадағы мейоздың екінші бөлінуінде хромосомаларда неше хроматид болады.

    1. 1

    2. 2

    3. 3

    4. 4

Мейоздың бірінші бөлінуінде жасушада хромосомалардың қандай жиынтығы болады

    1. гаплоидты

    2. триплоидты

    3. диплоидты

    4. тетраплоидты

Субметацентрлі хромосомалар қайсысы

  1. бір-біріне сәл тең емес иінді

  2. иіндері бір-біріне өте тең емес

  3. тең иінді

  4. таяқша тәрізді

Хромосоманың морфологиясын не бойынша анықтайды:

  1. центромераның хромосома бойында орналасу бойынша

  2. екі иінінің ұзындығына қарай

  3. химиялық құрамы бойынша

  4. теломералары бойынша

Жасушасыз ағзалар денесі қандай құрлымнан тұрады?

  1. ядродан

  2. цитоплазмадан

  3. ақуызды қабықшамен қапталған нуклеин қышқылынан

  4. рибосомадан

Гранулярлы эндоплазмалық тордың құрылымына мыналардың қайсысы енеді:

  1. каналдар, түтікшелер, микрофибриллдер.

  2. каналдар, вакуольдер және цистерналар.

  3. десмосома, граналар, ламеллалар.

  4. рибосомалар,ламеллалар, граналар, кристтар.

Тегіс эндоплазмалық тордың бетінде қай заттардың молекулалары синтезделеді?

  1. минералдық тұздар

  2. нуклеотидтер

  3. көмірсу

  4. белоктар

Рибосоманың құрамына не енеді?

  1. рибосомальды-РНК, белок және Mg2+

  2. р-РНК, көмірсу және Са2+

  3. ДНК, т-РНК және Mg2+

  4. а-РНК, т-РНК және Mg2+

Митохондрияның атқаратын қызметі:

  1. органикалық заттардың синтезі

  2. қор заттарын жинау

  3. органикалық заттарды тотықтыру

  4. фотосинтез

Ақуыз, май және көмірсулардың энергия бөле отырып, тотығуы қайда өтеді?

  1. митохондрияда

  2. лейкопласттарда

  3. эндоплазмалық торда

  4. гольджи комплексіде

Митохондрияның ішкі құрылысына не енеді?

  1. ламелла, грана, матрикс

  2. кристтар, матрикс, рибосома

  3. гиалоплазма, матрикс

  4. миксоплазма, ламелла, рибосома

Цитоплазманың түпнегізі

  1. миксоплазма

  2. гиалоплазма

  3. кариоплазма

  4. плазмолемма

Қандай құрылым тек жануар жасушасында кездеседі

  1. пластидтер

  2. рибосомалар

  3. жасуша орталығы

  4. гликокаликс

Лизосоманы ашқан ғалым?

  1. К. Корренс

  2. Де Дюв

  3. Э.Чермак

  4. В.Иогансен

Лизосоманың негізгі қызметі:

ақуызды синтездеу

эндогенді және экзогенді макромолекулаларды ыдырату

АТФ-ның синтезі

сереторлық қызмет

Ахроматин ұршығының жібі қайдан пайда болады:

хромосомадан

центриолдан

ядрошықтан

ядродан


Эндоплазмалық тордың ашыдған жылы және ашқан ғалым

1945ж, К.Портер

1900 ж, К.Корренс

Э.Чермак


Иогансен

Ядрошықтың атқаратын қызметі:



  1. рибосомаларды өндіру

  2. клетканың бөлінуіне тікелей қатысу

  3. c)хромосоманың құрамына ену

  4. генетикалық мағұлматты тасмалдайды

ДНҚ-ның екі еселенуі жүретін фаза

  1. профаза

  2. метафаза

  3. интерфаза

  4. анафаза



11.БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

11.1 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ.
11.4. ТЕРМИНДЕРМЕН ЖҰМЫС (ГЛОССАРИЙ)
Антипод – ұрық қалтасының халаза бөлігінде қалған үш ядроның жиынтығы.

Ауксин – химиялық табиғаты жөнінен индолил-3-сірке қышқылы болып табылатын, барлық жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде түзілетін зат.

Аутосомалар – аталық және аналық жыныстарының айырмашылығын көрсетпейтін хромосомалар.

Байланысқан су – клетка суының биополимерлер молекулаларына жақын орналасқан бөлігі.

Бивалент – екі хромосома, төрт хроматидтен тұратын коньюгацияланған гомологиялық хромосомалар.

Бос су - өсімдіктердің физиологиялық белсенділігін қамтамасыз етеді.

Генотип – ағзаның белгілернің дамуын анықтайтын тұқым қуалаушы бастамалардың жиынтығы.

Гамета – пісіп-жетілген жыныс жасушалары.

Гаметогенез – жыныс жасушаларының тұзілу процесі.

Гликолиз – қантты фосфорлау және ыдыратудың бастапқы кезеңі. Алғаш рет Мейергоф пен Эмбден ашқан.

Гуттация – ауа ылғалдылығының жоғары болу жағдайында сумен қаныққан өсімдік жапырағының булануына кедергі келтіру нәтижесінде тамшының бөлінуі

Диакинез – профазаның соңғы кезеңі. Бұл уақытта хромосомалар ең күшті спиральдануға ұшырап, қатты қысқарып, жуандайды.

Диплонема – хромосомалардың бір –біріне ширатылып, оралып, нәтижесінде хиазма деп аталын фигураны түзу кезеңі.

Дигибридті будандастыру – бір-бірінен екі жұпбелгісі бойынша ажыратылатын дараларды будандастыру.

Дөңес плазмолиз – протопласттың жасуша қабықшасынан кейбір жерінен толық ажырап, плазмолизденуі.

Доминантты белгі – буданда көріне отырып,, екінші альтернативті белгіні тұншықтырушы белгі.

Жыныспен тіркескен белгілер – жыныс хромосомаларында орналасқан гендер шығаратын белгілер.

Зигонема – гомологиялық хромосомалардың ұқсас үлескілері арқылы бір-біріне тартылып, жұптасып қосылуы нәтижесінде коньюгациялануы жүзеге асатын кезеңі.

Изотоникалық концентрация – жасуша шырынының концентрациясы мен сыртқы ертіндінің теңелуі.

Коньюгация(синапсис) – гомологиялық хромосомалардың өзара тартылысы.

Коллоидты орта – су мен ондағы еріген заттар жиынтығы.

Қайыра шағылыстыру – бірінші ұрпақты доминантты белгісі бойынша гомозиготалы дарамен будандастыру.

Лептонема – профаза 1-де интерфазалық ядроның торлы құрылымы жойылып, жіңішке жіпшелер түрінде хромосомалардың көріну кезеңі.

Макроэлементер – өсімдіктерде оннан бастап жүден бір бөлігіне мөлшерде кездесетін элементтер кіреді.

Мейоз – нәтижесінде гаплоидты хромосома жиынтығы бар төрт сіңлілі жасуша түзілумен аяқталатын жыныс жасушаларының бөліну процесі

Мендельдің бірінші заңы – бірінші ұрпақта ата-анасының біреуінің белгісі басым болады, басым белгі доминантты белгі деп аталады. Заң – доминанттылық заңы немесе ұрпақтың біркелік заңы

Мендельдің екінші заңы (ажырау заңы) – бірінші ұрпақты өзара будандастырып екінші ұрпақты алған кезде будандарда доминанттық және рецессивті белгілер белгілі бірі сандық қатынаста ажырауы

Мендельдің үшінші заңы – шағылыстыру кезінде белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауы немесе еркін комбинациялануы.

Микроэлементтер – өсімдіктер денесінде проценттің мыңнан жүз, мыңнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер.

Макроспорогенез - өсімдіктерде мегаспоралардың түзілу процесі.

Микроспорогенез – микроспоралардың немесе тозаң түйірлерінің түзілу процесі.

Минералдық қоректену - өсімдіктің топырақтан қоректену түрі.

Митоз – нәтижесінде диплоидты хромосома жиынтығы бар екі сіңлілі жасуша түзілуімен аяқталатын дене жасушаларының бөліну процесі.

Моногибридті будандастыру – бір жұп қарама-қарсы немесе альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыру.

Ойыс плазмолиз – протопласттың жасуша қабықшасымен, плазмодесмос жіпшелерімен байланыспаған жерлері, жасуша суының экзоосмостануынан ішке ойыс бере плазмолизденуі

Оогенез – аналық жыныс жасушалары – жұмыртқа жасушаларының дамуы..

Осмос – жартылай өткізгіш мембрана арқылы еріткіштің етуі.

Осмос жүйесі – жартылай өткізгіш мембрана рақылы бөлінген еріткіш пен ерітінді немесе екі ерітінді.

Осмос қысымы – еріген зат бөлшектерінң жартылай өткізгіш мембранаға түсіретін қысымы.

Өсімдіктің дамуы - өсімдік ағзасындағы сапалық өзгерістердің жүзеге асуы.

Өсімдіктің өсуі - өсімдік салмағы мен көлемі, оның мүшелерінің саны мен мөлшері және жасушалар санының артуы, сондай- ақ жаңа протопласт түзілу процестері.

Пахинема – коньюгацияланған хромосомалардың екі хромососма төрт хроматидтен тұратын бивалент түзу кезеңі.

Пигменттер – күн спектрінің көрінетін бөлігінде жарық сәулелерін талдап сіңіретін заттар

Плазмолиз – жасуша цитоплазмасының судан айырылып, жасуша қабықшасынан алшақтауы.

Рецепрокты шағылыстыру – доминантты және рецессивті белгісі бар дараларды өзара будандастыру.

Салыстырмалы транспирация – транспирация қарқындылығының бос су бетінен буланған су мөлшері қарқындылығына қатынасы.

Синергидтер – микропиледе орналасқан екі жасушаның жиынтығы.

Строма – хлоропласттың екі қабатты мембранасын толтырып тұратын сұйықтық.

Су тапшылығы - өсімдіктің толық қанығуына судың жетпей тұрған мөлшері

Талдаушы шағылыстыру – генетикалық анализ жасау үшін бірінші ұрпақ буданын рецессивті аллельдері бойынша гомозиготалы дарамен будандастыру

Термопериодизм – түнгі төменгі және күндізгі жоғары температуралардың алмасуы..

Топырақ қуаңшылығы – атмосфералық қуаңшылық күннен – күнге арта отырып, өсімдіктер мен топырақтың бойындағы ылғалдың жетіспеуі.

Топырақтың су ұстаушы күші – топырақтың өзінің құрамындағы судың белгілі бір мөлшерін ұстап тұру қабілеті

Тамыр қысымы – тамырдың суды сабаққа қарай белсенді итеру қабілеті

Транспирация - өсімдіктің жер үсті бөліктерінің суды буландыру қабілеті. Өсімдіктердегі су алмасудың негізі көрсеткіштерінің брі.

Тилакоид – ламеллалардың қап сияқтанып тұйықталған жері.

Транспирация қарқындылығы – бірлі жапырақ бетінен бірлік уақытта буланған су мөлшері.

Тургор - өсімдік жасушасының протоплазмасының суға қанығып, жасуша қабықшасын керіп тұруы.

Фенотип - белгінің сыртқа шығуын немесе ағзаның қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы.

Феофитин – спирттегі пигменттер ертіндісіне күшті қышқылдармен әсер еткен кезде пайда болатын қосылыс.

Фотолиз – жарық энергиясын сіңіру есебінен судың ыдырау реакциясы.

Фотосинтез – күннің жарық қуатын пигменттер қатысында көмірқышқыл газы мен судан органикалық қосылыстардың түзілуі

Хиазма – хромосомалардың ажырауы кезінде ширатылуының тарқап «х»тәріздес фигураның түзілуі..

Эндогендік су – метаболизм реакциясы барысында ағзаның ішінде түзілетін су

Экзоосмос – жасушадан судың шығуы қасиеті

Эндоосмос – жасушаға судың ену қасиеті


12.ОҚУ САБАҚТАРЫН, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ.
Электрондық оқулық автор В. Щербак

«Мендельдің заңдары»-Алматы-2000

«Морганның заңдары» Алматы-2000

№4 корпус 103 аудитория



13.АРНАЙЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ, ЛАБОРАТОРИЯ ТІЗІМІ
№5 КОРПУС 27-29-30-32 аудитория




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет