Орталадың стерильдігін бақылау үшін 370С-та 5 тәулікке термостатқа қоямыз. Сұйық қоректік орталар
мөлдір болуы тиіс, ал тығыз қоректік орталардың беткейінде өсу
белгілерінің болмауы тиіс
Бактерияларды өсіру үшін келесі дақылдау тәсілдерін қолданады:
1. Стационарлы тәсіл: қоректік орталар қалыпты сақталады. Олармен ешқандай қосымша манипуляция жүргізбейміз. Осылай сұйық қоректік орталарда дақылдау тәсілінде
биомассаның шығып кетуі шамалы.
2. Тереңге аэрациялық дақылдау әдісі: осы тәсіл арқылы дақылдаған кезде арнайы құрылым реактерді қолданады. Бұл жерде қалыпты температура, оптимальды рН, керекті
қоректік заттың мөлшерлі түсуі бір қалыпты болады. Олар әрдайым стерильді ауамен желденіп тұрады, орта әрдайым араласып тұру үшін араластырғыш орналастырылған.
Осы ерекшеліктерге байланысты биомассаның максимальды шығуын қамтамасыз етеді.
Анаэростат микроорганизмдерді анаэробты жағдайда өсіруге тағайындалған. Хемостат- бұл аппаратта әрдайым ерекше резервуардан жаңа қоректік орта қосылып тұрады.
Турбистаттың жұмысының принципі аппараттағы бактериальды популяциясының тығыздығын сақтап тұруға негізделген. Осы аппараттарда ортаның өзгермей сақтауының
арқасында, үзіліссіз дақыл керекті фазада болып тұрады. Ол маңызды биологиялық қосылыстарының яғни биомассаның максимальды шығуы қамтамасыз етеді.
Анаэробты микрофлораны алу мақсатындағы себулер қатаң анаэробты жағдайда жасалады. Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп оларды алғашқы себуді 80оС-тық су
моншасында 20
минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті жасушаларын қояды.
Спора түзуші анаэробты бактерияларды бөліп аларда алғашқы себуді 80оС-тық су моншасында 20 минут бойы қыздырады, яғни бөгде микрофлораның вегетативті
жасушаларын жояды.
Бірінші себулерде байыту араларында /Китта-Тароцци, тиаглюкол/ жасайды, сонан соң Петри шынысындағы тығыз орталарға бөлектенген колониялар алу үшін қайта себеді.
Қантты қан агарына қантты қоректік тығыз агарының биік бағынасына Виньяль-Вейона, тәсілі бойынша егеміз. Бұл тәсіл анаэроб ағындыларды ауадан механикалық жолмен
сақтауға негізделген. Егілген агарды стерильды /трубкаға/ қуыс ортаға сорып алып бітеп тастайды. Осылай қатаң анаэробтарға қолайлы жағдай жасаймыз. Анаэробты
бактерияларды дақылдау үшін физикалық және химимялық, биологиялық әдістерді қолданады.
Физикалық әдістер:
1) Редукциялаушы және жеңіл тотығатын заттар бар ортаға егу.
2) Микробты тығыз қоректік ортаның терең қойнауына егу.
3) Түтікшелерден ауаны механикалық жолмен щығару. Түтікшелердегі ауаны қандай да бір интерферентті химиялық газбен /пирагален, натрий гидросульфат/ алмастыру.
Биологиялық әдістер анаэробтарды қатаң аэробтармен бірге өсіруге негізделген. Химиялық әдіс ауаны / Na S2O4 / сіңірілуге негізделген.
Комбинирленген әдіс физикалық, химиялық, биологиялық тәсілдерді қосып қолданғанға негізделген.
Колониялар. Тығыз қоректік ортада бактериялар колония түзеді. Олардың сыртқы көрінісі қайсыбір бактериялар үшін дифференциалды белгі ретінде қарастырылады.
Колониялар өлшемі, пішіні, түсі, консистенциясы,
шеттік контуры, құрылымы және беткейлік сипаты бойынша ажыратады.
Колониялар мөлшері бойынша ірі /4-5мм/, орташа /2-4мм/ және ұзақ /1-2мм/. Пішіні бойынша домалақ, резетка тәрізді, жапырақ тәріздес болады. Түсі бөлінген пигменттерге
байланысты ақ, сары, қызыл т.б. болады.
Консистенция бойынша құрғақ, ылғал, маңызды немесе кілегейлі колония болады. Колониялардың беттері тегіс, әжімді, сызылған, жалпақ, дөнес басылған. Колониялардың
ішкі құрылымы аморфты, дәнекті жіптер тәрізді болуы мүмкін. Сұйық қоректік орталарда кейбір бактерия дақылдары мыналармен белгіленеді,
диффузды лайлану,
кейбіреулері түбіне немесе қабырғаға өсумен, бетінде қабықша пайда болу, кейбіреулері пробирканың түбінде тұнба түзеді.
Дәрілік шикізат дайындау кезеңдерінде және сақтау барысында микробтармен ластануы мүмкін .Өсімдік және өсімдіктен алынған шикізаттың ылғалдануы
микроорганизмдердің көбеюін белсендіреді. Көбейген микроорганизмдер өсімдіктен алынған дәрілік препараттардың фармакологиялық қасиеттерін өзгертеді. Дәрілік
препараттарды дайындау кезінде, микроорганизмдер қоршаған ортадан түсуі де мүмкін. Дәрілік препараттар дайындау кезінде санитарлық тәртіптің сақталуын , дәрілік
форманың әрбір сериясын, сол мекеменің қоршаған орта обьектілерін санитарлық микробиологиялық бақылау жүргізу арқылы анықтайды. Парентералды енгізуге арналған
дәрілік заттар,
көз тамшылары, майлар, үлбірлер және т.б., нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес стерилді болуы керек . Дәрілік заттардың стерильдігін бақылау
тиогликоль ортасына сеуіп әртүрлі бактерияларды , соның ішінде анаэробтарды; Сабуро ортасына сеуіп Candida т.б. саңырауқұлақтарды анықтайды. Антимикробты әсері бар
дәрілік заттардың стерильдігін мембранды сүзгіден өткізу жолымен анықтайды: Фильтрациядан соң сүзгішті сұйық қоректік ортаға салып, микроорганизмдердің өсуін
бақылайды.Өсу болмаса препарат стерильді деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: