Ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты талдау



Дата30.06.2016
өлшемі328.65 Kb.
#167333



Ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты талдау


Қол жеткiзу үшiн ведомствоаралық қарым-қатынас талап ететiн мiндеттер көрсеткiштерi

Ведомствоаралық қарым-қатынасты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган

Мiндеттер көрсеткiштерiне қол жеткiзу бойынша мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын жоспарланған өлшемi

Есеп кезеңдегi мiндеттер көрсеткiштерiне қол жеткiзу бойынша мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын нақты орындау

Есеп кезеңдегi мақсаттар, мiндеттер және мiндеттердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу себептерi




1

2

3

4

5

1-стратегиялық бағыт. Елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту

1- мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бiрiнен аса артуын қамтамасыз ету

1.1-мiндет. Болжанатын көрсеткiштер шегiнде экономиканың дамуын қамтамасыз ету

1. Нақты ЖIӨ өсiмiнiң нақты қалыптасқан қарқынының болжанатынынан ауытқуы




Салалар дамуының болжамды параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде:

АШМ

ауыл шаруашылығы саланы дамыту және ауыл шаруашылығының кейбір түрлерінің эскпорттың көрсеткіштері бойынша:

Ауыл шаруашылығы өндірістің НКИ өткен жылға қарағанда 105,0%


126,7%





ИЖТМ

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі және қарқыны және өнімнің белгілі түрлерін экспорты бойынша

Өңдеу өнеркәсібі өндірістің НКИ өткен жылға қарағанда 109,7%


106,2%



Өңдеу өнеркәсібі өндірістің НКИ жетпеуінің себебі келесі салаларда өндірістің түсуінен болады:

  1. Металлургия өнеркәсібі және металл кендерін өндіру;

  2. Тамақ өндіру және өңдеу салалары;

  3. Мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру;

  4. Негізгі фармацевтикалық өнімдерін өндіру;

  5. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау.

БАМ

ақпарат пен байланысты дамыту көрсеткіштері бойынша
Ақпараттандыру және байланыс қызметтерінің НКИ өткен жылға карағанда 107,0%

118,7%





ЕХӘҚМ

әлеуметтік саланы дамыту көрсеткіштері




2011 ж. мәліметтері осы жылдын ақпан айында жараяланады

МГМ

отын-энергетикалық пайдалы қазбаларын өндіру және экспорттау көлемі (өлшемді көрсеткіште) және мұнай өңдеу өнімдерінің көрсеткіштері

Мұнай өндіру НКИ өткен жылға карағанда 101,9%



100,6%

Мұнай өндірудің қысқаруы 2011 ж. Манғыстау облысында өткізілген мұнай компаниялар қызметкерлерінің ереуілдерімен байланысты

Мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру НКИ өткен жылға карағанда 100,0%

100,0%





КБМ

көлік саласын дамыту көрсеткіштері

Көлік және қоймалау НКИ өткен жылға карағанда 107,0%


106,7%


(қантар-қараша 2011 ж.)

2011 ж. нәтижелеріне сәйкес бұл көрсеткішті жетпеуге алғышартары жок

ҰБ

қаржы секторын дамыту, ақша-кредиттік саясаты және төлем балансы көрсеткіші




2011 ж. мәліметтері осы жылдын ақпан айында жараяланады

ҚТҮКША

құрылыс секторын дамыту көрсеткіштері

Құрылыс НКИ өткен жылға қарағанда 102,5%


102,7%





1.2-мiндет. Кәсiпкерлiктi дамытуға жағдай жасау

1. 2020 жылға қарай шағын және орта бизнес өнiмдерiнiң ЖIӨ-дегi үлесi 2009 жылмен салыстырғанда 7-10 %-ға ұлғаяды

СА

ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін есептеу және әдістемені әзірлеу

Статиска агенттігімен ЖІӨ-дегі шаңын және орта кәсіпкерлік үлесін есептеу бойынша әдістемелік кепілдемелерді әзірлеу және бекіту (Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 277 бұйрығы)





3. "Бизнестiк жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберiнде кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейлi банктердiң кредиттерi бойынша пайыздық ставканы төмендету

ҚМ, ИЖТМ, ҚБА, ҰБ, АШМ, БҒМ, ЕХӘҚМ,

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Даму» КДҚ» АҚ



«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының орындауын қамтамасыз етуi

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының шенберінде екiншi деңгейдегi банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелері азайтылған,

қолданыстағы несиелер бойынша - 7%, жаңа несиелер бойынша - 5%






4. "Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберiнде Қазақстан аумағында және шетелде оқудан өткен шағын және орта бизнес кәсiпкерлерiнiң саны

БҒМ, ЕХӘҚМ, Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Даму» КДҚ» АҚ

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының орындауын қамтамасыз ету

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының орындау шенберінде «Назарбаев университетi» АҚ-мы Дьюк университетімен (АҚШ ) бірге 210 жоғарғы және орташа буынның жетекшiлерiнiң дистанциялық оқуын өткiздi, ол 2011 жылдың қыркүйегiне дейiн созылып 3 он-лайн семинары қарастырылған.




1.3-мiндет. Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiктерiн дамыту

1. Концессиялық жобалар шеңберiнде жеке инвестициялар көлемiнiң өсу қарқыны

ККМ, МГМ, ҚМ, ИЖТМ,
БҒМ, ДСМ, ҰБ,
ҚТҮКША

1. коммерциялық жағынан тиімді концессиялық жобаларды анықтау және оларды сапалы құрылымдау

2. Конкурстық процедураларды ұйымдастыру


3. Концессиялық келісімдерді құру

4. Концессиялық жобаларды іске асыру


5. Тиісті ақпаратты уақытылы ұсыну

1. ЭДСМ «Концессиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес концессияға орта мерзімді кезеңге беруге ұсынылған объектілердің тізімін қалыптастырады. Бүгінгі күні ЭДСМ «Концессияға беруге ұсынылған объектілер тізімін (2012-2014 жылдар) бекіту туралы» ҚРҮҚ жобасы әзірленді және келісуге жіберілді.

2.ҚР Көлік және коммуникация министрлігі «Астана –Қарағанды» автомолді жолын қайта құру» жобасы бойынша мүдделі органдардың ескертулерін ескере отырып конкурстық құжат өңделді, ол ККМ, ҚМ; ЭДСМ қол қойылды.

Осы жоба бойынша қарашада ККМ концессионерді таңдау бойынша конкурс жариялады.

Осы жоба бойынша конкурстық рәсімдерді ашу 2012 жылғы 30 қаңтарға жоспарланып отыр.

3. 2011 жылғы қарашада «Қарағанды қаласында бала бақшалар кешенін салу және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша Қарағанды облысының әкімшілігі мен «7 PIRAMIT» компаниясы арасында концессия шарты жасалды.

4. 2011 жылы іске асырылу кезеңінде 2 концессиялық жоба болды:

- «Шар-Өскемен станциясы» жаңа теміржол желісін салу және пайдалану (концедент – ККМ). Объектінің құрылысы аяқталмаған. Қазіргі кезде жүк және жолаушылар тасу үшін 1 іске қосылатын блок сынақтама режимінде пайдаланылып отыр.

- «Қарағанды қаласында бала бақшалар кешенін салу және пайдалану».

2011 ж. қарашада «Қарағанды облысының әкімшілігі мен «7 PIRAMIT» ЖШС компаниясы арасында концессия шарты жасалды.





2. Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктiң жаңа нысандары бойынша әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық салаларға жеке инвестициялар көлемiнiң өсу қарқыны

ККМ, МГМ, ҚМ, ИЖТМ,
БҒМ, ДСМ, ҰБ,
ҚТҮКША, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. коммерциялық жағынан тиімді МЖӘ жобаларды анықтау және оларды МЖӘ жаңа түрлері бойынша құрылымдау

2. Конкурстық процедураларды ұйымдастыру


3. МЖӘ келісімдерді құру

4. МЖӘ жобаларды іске асыру


5. Тиісті ақпаратты уақытылы ұсыну

2011 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 731 қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бағдарламасы әзірленді.

Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарын іске асыруға «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді, оның шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа келісімшарттарының түрлеін (денсаулық сақтау, білім, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық) енгізу есебінен мемлекетті-жеке меншік әріптестікті қолдану салалары кеңейтіледі.

Осы заң жоба барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

ҚР Заңын қабылдау қорытындысы бойынша МЖӘ келісімшарттарының жаңа түрлерін енгізуді ескере отырып жобаларды таңдау, жобалар бойынша конкурстық рәсімдерді жүргізу, МЖӘ шарттарын жасау және оларды жүзеге асыру іске асырылады.







1.4-мiндет. Iшкi сауданың тиiмдiлiгiн арттыру







1. Сауда ФКИ

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1. Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2. Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтері бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру

Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең аз нормативтеріне қол жеткізу бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында Министрлікпен «Халықтың сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуінің ең аз нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді және әкімдіктермен келісілді және қазіргі таңда ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы №734 қаулысымен бекітілді




СА

Статистикалық деректерді беру

Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары үшін сауданың ФКИ-і 114,5%-ды құрады.




3. Ашық баға құруды арттыру мақсатында тауар айналымының жалпы көлемінде биржалар арқылы тауар операциялары көлемінің үлесін ұлғайту

ИЖТМ, МГМ, БҚА, АӨҚОҚРА

тауарлық биржалар арқылы өткізілген тауарларға мониторинг жүргізу және бағалау

ИЖТМ, МГМ, БҚА, АҚОРА, АШМ-нің ұсыныстары ескерілген «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №375 қаулысы қабылданды.




Қаржымині

Тауарлық биржалар арқылы мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін жағдайлар жасау

ҚР Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Министрлік мемлекеттік сатып алуды тауар биржалары арқылы өткізу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар ұсынды. Берілген шаралар Заң жобасына енгізілді. Қазіргі таңда ҚМ Заң жобасы Үкіметке енгізілді.




СА

Статистикалық деректерді беру

Тауар биржалары арқылы сауда операцияларының айналымы бойынша мәліметтер жыл сайынғы негізде статистикалық жұмыстардың жоспарымен белгіленген мерзімге сәйкес, яғни 2012 жылдың ақпан айында СА-не берілетін болады.




1.5.-мiндет. Экономикалық әлеуеттiң ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау

  1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткiзу

  2. Облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы және астананы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткiзу

облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,

мүдделі орталық мемлекеттік органдар





Өңірлерді дамыту бағдарламаларын іске асыруын талдау және бағалауды жүргізу


Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес АДБ іске асырылуын бағалау 3 жылда бір рет жүзеге асырылады. Осыған байланысты Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылы жүргізілетін болады.

2011 жылдың жартыжылдығына АДБ-ға жүргізілген талдау нәтижелері бойынша барлық облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерге АДБ-ның нәтижелігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар бар қорытынды жіберілді.






Өңірлерді дамыту бағдарламаларды орындалуының нәтижелігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау

ӨДБ талдау өткізу нәтижесі жөнінде 2011 жылғы 1 жартыжылдығы бойынша облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне ӨДБ нәтижелегін арттыру бойынша ұсыныстары мен ұсынымдар жолданды




2-мақсат. Әлемдiк сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерiн жылжыту мен қорғаудың тиiмдi және жедел жүйесiн құру

2.1-мiндет. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау

1. Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау

Орталық мемлекеттік органдар

1. ПМК тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету

2. Сыртқы сауда саясаты мәселелерінде, оның ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кедендік одағы шеңберінде ұстанымды әзірлеу және үйлестіру

3. Екіжақты және көпжақты халықаралық келісімдерді және басқа да тиісті құжаттарды уақтылы келісу мен дайындауды қамтамасыз ету

4. Түсіндірме жұмысты жүргізу



2011 жылы өткізілді:

- Кеден одағы комиссиясының 10 отырысы;

- мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшылары деңгейінде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының ең жоғарғы органы) 5 отырысы.

Берілген отырыстарға дайындалу мақсатында және ПӘ, ПМК тапсырмаларын орындау үшін ЭДСМ Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, барлық мәселелер бойынша ҚР ұстанымдары дайындалып, КОК хатшылығына, Үкіметке, Президент Әкімшілігіне жіберілді.

Сондай-ақ Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіруші кеңес жанындағы Кеден одағы мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырыстары шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.








БАМ

Кеден одағы комиссиясының қабылдаған шешімдерін және келіссөз процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

КОК қабылдаған шешімдері, келіссөз процесінің барысы туралы ақпарат КОК-тың www.tsouz.ru ресми сайтында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері мен ведомстволарының ресми сайттарында орналастырылады.




2. Кеден одағына мүше елдердiң (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) импорттық кеден баждарының ставкаларын бiрiздендiру

Қаржымині

1. Іске асырылуы республикалық бюджет есебінен қарастырылған іс-шараларды қаржыландыру
2. Кеден статистикасын ұсыну
3. Кедендік-тарифтік және бейтарифтік реттеу мәселелері бойынша өзара әрекеттесу
4. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасын жүргізу

1. Іске асырылуы республикалық бюджет есебінен қарастырылған Кеден одағының жұмыс істеуі шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар жыл сайын Қаржы министрлігімен келісіледі.

2. ҚР Қаржымині КБК кедендік статистика деректері ай сайынғы негізде ұсынылады.

3. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу мәселелері бойынша келіссөз жүргізу позициясы белгіленген тәртіппен Қаржы министрлігімен пысықталыда.

4. Министрлікпен тұрақты түрде мүдделі мемлекеттік органдармен басқа Кеден одағына мүше-мемлекеттердің, сондай-ақ қазақстандық тараппен бастама жасалған кедендік баж ставкаларын өзгерту жөнінде ұсыныстарды қарастырып келісу бойынша мемлекеттік органдармен жұмыстар жүргізіледі.






СІМ

1. Халықаралық және республикалық іс-шараларды жүргізу шеңберіндегі ынтымақтастық
2. Келіссөздік топты іс-сапарға жөнелтуге қаржылық қаражаттарды бөлу, визалық қолдау
3. Сыртқы сауда саясаты мәселелерінде, оның ішінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кедендік одағы, өңірлік сауда бірлестіктері шеңберінде ұстанымды әзірлеу және үйлестіру, екіжақты және көпжақты халықаралық келісімдерді келісу

1. Сыртқы істер министрлігі іс-шараларды, оның ішінде Кеден одағына мүше елдердің импорттық кеден баждарының ставкаларын біріздендіру мәселелерін талқылау бойынша келіссөздерді өткізу кезінде жәрдем береді.

Сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының хатшылығына және Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына құжаттар мен хаттарды сүйемелдеу кезінде жәрдем беріледі.

2. СІМ сарапшыларының келіссөздерге қатысуы үшін валюталық қаражаттардың бөлінуі қамтамасыз етіледі, визалық қолдау жүргізіледі.

3. Екіжақты және көпжақты халықаралық келісімдерді дайындау кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде Сыртқы істер министрлігімен Кеден одағына мүше елдермен одан әрі талқылау, сондай-ақ тиісті шешім қабылдау мақсатында бірыңғай ұстаным әзірленді.









СА

Статистикалық деректерді ұсыну

ҚР Статистика агенттігінің деректері сұранымға байланысты ұсынылады, сондай-ақ аталған ведомствоның сайтында қарауға болады.




АШМ, ИЖТМ, ККМ,
БҒМ, ІІМ, ДСМ, ҚМ,
ҚОҚМ, ЕХӘҚМ, ТСМ,
МГМ, ТЖМ, ҚБА,
ҰҚК, ЖРБА, ТМРА,
БҚА, ҰБ

1. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын қалыптастыру бойынша келіссөздік ұстанымды қалыптастыру
2. Екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара әрекеттесу
3. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

1. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын қалыптастыру бойынша қазақстандық келіссөздік ұстаным мүдделі мемлекеттік органдармен (АШМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ІІМ, ДСМ, ҚМ, ҚОҚМ, ЕХӘҚМ, ТСМ, МГМ, ТЖМ, ҚБА, ҰҚК, ЖРБА, ТМРА, БҚА, ҰБ) бекітілген тәртіпте пысықталады.

2. Құзыреті шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілуде.

3. Министрлік тұрақты негізде Кеден одағының жұмыс істеуі мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады: заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін, оның ішінде Министрдің блогына келіп түсетін сұраныстарына жауаптар дайындау, Министрліктің сайтында, БАҚ-та ақпарат жариялау. Сәйкесінше жұмысты басқа мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде жүргізеді.








БАМ

Кеден одағы Комиссиясы, Кеден одағының жоғарғы органның қабылданған шешімдерін және келіссөз барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу саласын, сонымен бірге Кеден одағында қорғаныс шараларын қолдануды реттейтін Кеден одағы Комиссиясы, Кеден одағының жоғарғы органның шешімдері БАҚ кең жарияланады.




2.2-мiндет. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бiрыңғай экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыруды аяқтау

1. Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау

ТМРА, БҚА, АШМ,
Қаржымині, ИЖТМ, ҚБА,
МГМ, БАМ, ІІМ,
ЕХӘҚМ, Әділетмині, ҰБ, ККМ

1. ПМК тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету

2. Сыртқы сауда саясаты мәселелерінде, оның ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру шеңберінде ұстанымды әзірлеу және үйлестіру

3. Екіжақты және көпжақты халықаралық келісімдерді және басқа да тиісті құжаттарды уақтылы келісу мен дайындауды қамтамасыз ету

4. Түсіндірме жұмысты жүргізу



КОК, МАК өткізілген отырыстары шеңберінде БЭК мәселелері қарастырылды.

ЭДСМ Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, барлық мәселелер бойынша ҚР ұстанымдарын дайындап, КОК хатшылығына, Үкіметке, Президент Әкімшілігіне жіберілді.


Сондай-ақ Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіруші кеңес жанындағы Кеден одағы мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырыстары шеңберінде, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының, бизнес топтардың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелдер шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.




БАМ

Кеден одағы комиссиясының қабылдаған шешімдерін және келіссөз процесінің барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

КОК қабылдаған шешімдері, келіссөз процесінің барысы туралы ақпарат КОК-тың www.tsouz.ru ресми сайтында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері мен ведомстволарының ресми сайттарында орналастырылады.




2.3-мiндет. Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiру







1. Жұмыс тобына мүше елдермен ДСҰ-ға кiру бойынша екi жақты келiссөздердi аяқтау

Қаржымині

1. Кедендік статистиканы ұсыну
2. Кедентік-тарифтік және тарифтік емес реттеу мәселелері бойынша өзера әрекеттестік
3. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөз жүргізу позициясын қалыптастыру

ҚР ҚМ КБК кедендік статистика мәліметтері ай сайынғы негізде ұсынылады.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері бойынша кедентік тариф және тарифтік емес Қазақстанның келіссөз жүргізу позициясы құзірет шеңберінде ҚМ –мен жұмыс жүргізілуде.






2.4-мiндет. Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн халықаралық нарықтарда позицияландыру







1. Экспорттың географиясын кеңейту

СІМ

Қазақстан Республикасының Халықаралық көрмелерге, конференцияларға, форумдарға қатысуын ұйымдастыру

Мүдделі мемлекеттік органдарының, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің және шетелдік өкілдіктердің бірлескен қызметімен Қазақстан Республикасының халықаралық көрмелерде, конференцияларда, форумдарда қатысуы және ұйымдастыруы жүзеге асырылуда, мәселен:

1) 2011 жылдың 3-4 мамырында 4-ші Астаналық экономикалық форум өткізілді;

2) 2011 жылдың 12-13 мамырында Астана қ. Орталық Азияда және ТМД елдерінде қалпына келетін энергия көздерін дамыту жөнінде Аймақтық конференция өткізілді;

3) 2011 жылдың 31 мамырында, Алматы қ. EUROBAK қауымдастығы мүшелері үшін дөңгелек үстел өткізілді;

4) 2011 жылдың 7-9 маусымында Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өткізілді;

5) 2011 жылдың 8 маусымында Вена қ. (Австрия) Еуропа және Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум өткізілді;

6) 2011 жылдың 14 маусымында Париж қ. (Франция) Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 149-шы сессиясы өткізілді, онда EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласы өтінімінің бірінші тұсаукесері өткізілді.








Ресей федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі,

ИЖТМ


1. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациядағы Сауда Өкілдігімен қазақстандық кәсіпорындардың өз тауарларын ресейлік нарыққа жылжытуына жәрдемдесуі
2. Қазақстанның экономикасына Ресейден инвестицияларды және қазіргі заман технологиялары бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациядағы Сауда Өкілдігімен конференциялар, тұсаукесерлерді ұйымдастыру және өткізу

1. Ресейдегі Қазақстанның Сауда өкілдігі ресей нарығына қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелері бойынша шараларды «KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-мен әріптестік шеңберінде жүзеге асыруда.

Осылайша, 2011 жылы «KAZNEX INVEST» АҚ атына ресейлік компаниялар үшін қоқыс (қалдықтар), темір-кен, марганец кені, концентрат экспортына, қазақстандық шикізат, материалдар мен жинақтауыштардың экспортына өтінімдер жіберілді.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы өңірлерінде сату үшін қазақстандық тауарларды сатып алуға ресейлік сауда желілерін тарту бойынша 2010 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бұл үстіміздегі жылы аса ірі сауда желілерінің бірі «Магнит» жалпы сомасы 300 млн. ресейлік рубльге жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға қазақстандық өндірушілермен келісім-шарт жасасты.

2011 жылғы 13 қазанда Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде Мәскеу қаласында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның, «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның Бөлшек сауда компаниялар қауымдастығымен, сондай-ақ ірі ет өңдеуші кәсіпорындардың, сауда-үлестіру орталықтарының өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Осылайша, бірқатар ресейлік ірі тұтынушылармен жылына жалпы сомасы 40-50 мың тонна қазақстандық өндірілген етті жеткізу туралы бастапқы уағдаластық бар.

2. 2011 жылы 27 сәуірде Мәскеу қаласында «Қазақстанның инвестициондық климаты» конференциясы өткізілді.

2011 жылы 23 қыркүйекте Мәскеу қаласында инвестициялық жобалардың, Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының, Қарағанды облысының және Павлодар облысының экспорттық әлеуетінің тұсаукесері өткізілді. Қазақстандық тараптан аталған әкімдіктердің өкілдері, аймақтық СӨП, ӘКК басшылары, сондай-ақ ірі компаниялар қатысты. Ресейлік тараптан меморгандардың, РФ республикалары мен облыстардың тұрақты өкілдері қатысты. Жалпы тіркелген қатысушылардың саны шамамен 180 адамды құрады.








БАМ, Әділетмині, Қаржымині

Өндірістік байланыстарды және халықаралық сауданы дамыту үшін электрондық ақпараттық-маркетингтік орталығын құру және оның жүргізуін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық

2011 жылға «Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық-маркетингтік орталығы» техникалық тапсырмасына сәйкес АМО АЖ-нің Беларусияның ұқсас ақпараттық жүйесімен сынақ интеграциясы жүргізілді. ТМД-ның 20-жылдығына арналған Көрмені өткізу шеңберінде 2011 жылдың 29 маусымында Мәскеу қаласында ЭДСМ Сауда комитеті және БР СІМ «Ұлттық маркетинг және баға конъюнктурасы орталығы» МБКИ сәйкес меморандумдарға қол қойды.

Заңнамамен белгіленген тәртіпте АМО АЖ-нің бағдарламалық жабдықтауының және және бағдарламалық қамтамасыздандырудың сертификациясы, НТҚ-ға сараптама, сынаулар жүргізу және Қазақстан Республикасының стандарты және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке берілген ақпараттық жүйенің аттестаттауы қамтамасыз етілді (18.11.11 жылғы НТҚ сараптама және сынаулардың № 02-11 хаттамасы, жабдықтауға және бағдарламалық қамтамасыздандыруға 8 сәйкестік сертификаттары, АҚ сәйкестігіне аттестат АБМ-нен күтілуде). Сондай-ақ, АМО АЖ ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік регистрінде тіркелді (14.10.11 жылғы № 545 куәлік).

АМО АЖ функционалы көрсетілді және АБМ сәйкес профильдік ұйымдарының өкілдерімен және ұлттық сауда және бизнесті дамыту институттарымен келісілді (2011 жылғы 29 маусымдағы және 27 желтоқсандағы көрсетілім хаттамалары).








СІМ, ИЖТМ, ММ, Қаржымині,
БҒМ, БАМ, ККМ,
Астана қаласының әкімдігі

"Экспо-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін ілгерілету және жылжыту бойынша іс-шараларды өткізу

2011 жылы Қазақстанның ішінде халықаралық алаңшалар базасында EXPO-2017 жобасы бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстары жүргізілді. Бұл Астаналық экономикалық форум, Инвестициялық форум, Еуропалық қайта құру және даму банкінің жылдық жиналысы, Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, Еуропалық болашақ энергиясы форумы; сондай-ақ Қазақстандағы Еуропа компаниялары қауымдастығының Дөңгелек үстелі, Орталық Азия және ТМД елдерінде қалпына келетін энергия көздерін дамыту бойынша аймақтық конференция секілді қоғамдық алаңшалар.

Сонымен қатар, бес тілде (қазақ, орыс, ағылшын, француз, испан) www.expo2017astana.com арнайы интернет-ресурсы қызмет етеді.

Өтінім мәліметінің жобасы әзірденді, Халықаралық көрмелер бюросында оны әрі қарай көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен, ҚР Үкіметімен келісілді.





ИЖТМ

"Экспортер" мамандандырылған журналын шығару

№1 мамыр, №2 шілде, №3 қыркүйек, №4 қараша «Экспортер» мамандандырылған журналының төрт номері шығарылды, олардың жалпы тиражы 8000 дананы құрайды.




2. Ресей Федерациясындағы қазақстандық өнім экспортының өсімі (мұнаймен және газбен жабдықтау көлемін ескермегенде)

Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі, ИЖТМ

1. Қазақстан Республикасының Ресей
Федерациясындағы Сауда Өкілдігінің құзыретті өкілдері арқылы қазақстандық тауарлардың экспорттық жылжуы бойынша Ресей Федерациясының өңірлеріндегі жұмыс
2. Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен, Ресей нарығына қазақстандық тауарларды экспорттық жылжыту бойынша ассоциациялармен және ритейлорлармен жұмыс

1. Қазіргі таңда Самара қ. (РФ) кәсіпорны үшін қазақстандық күрішті жеткізу мәселесі шешілуде, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Тараз қ. «Суйеркулов» сауда базасы» ЖК үшін РФ аумағында 2011 жылғы астықтың кең ассортиментінде жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу үшін сатып алушыларды іздеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың тамыз айында Алматы қ. жаңа кәсіпорынның – жалпы құны 350 миллионов рубльге тең Алматы қ. Екатеринбург «Құбырлық оқшаулау зауыты» өкілдігінің ресми ашылуы және енгізілуі жүзеге асырылды. Бүгінгі күні кәсіпорын 400 км. құбыр өндірісіне қазақстандық коммуналдық кәсіпорындардан тапсырыс алды.

Сондай-ақ, берілген шара шеңберінде РФ Свердловск облысының басшылығымен келіссөздер жүргізу барысында Астана қ. қуаты 300 мың тонна электрлік-дәнекерлеу құбырларының өндірісі бойынша зауыт салу туралы келісімге қол жеткізілді. Берілген жобаны жүзеге асыру шеңберінде қазақстандық экономикаға тартылған ресейлік инвестициялардың көлемі шамамен 60 миллион АҚШ долларын құрады.

2. Есептік кезең үшін Қазақстанның инвестициялық климаты мен экспорттық мүмкіндіктерінің тұсаукесері Сауда өкілдігімен РФ СӨП-мен ұйымдастырылған келесі шаралар шеңберінде өткізілді:

- Курск облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері, Мәскеу қ. 2011 жылғы 12 қазанда;

- «Ресей экономикасының модернизациясы: даму басымдықтары» ұлттық конгрессі, Мәскеу қ. 2011 жылғы 18-19 қазаны.

Ағымдағы жылы Екатеринбург қ. СӨП-мен Астана қ. құбырлық оқшаулау зауытын салу үшін және «Құбырлық оқшаулау зауыты» ЖШҚ компаниясымен Алматы қ. инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар бірлесе жүргізілді. Сауда өкілдігі Ресейдің 51 аймағынан және кейбір шетел елдерінен кәсіпкерлерді біріктіретін «Мәскеу кәсіпкерлік қауымдастығы» аймақаралық қоғамдық ұйыммен белсенді әріптестік орнатқан.








Ресей Федерациясындағы қазақстандық өнімінің экспорты өсімінің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуді мынадай жолмен қамтамасыз ету:

2011 жылдың 28 маусымынан 3 шілдеге қарай кезеңде ТМД-ның 20-жылдығына арналған Мемлекетаралық көрмеге ҚР-ның қатысуы ұйымдастырылды. 20-дан астам аса ірі қазақстандық компаниялар, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Көрменің қорытындылары бойынша ниет хаттамаларына және қазақстандық компаниялар мен ТМЛ елдерінің кәсіпорындары арасында меморандумдарға қол қойылды.

Сауда өкілдігінің бастамасы бойынша, ү.ж. ақпан айында «KAZNEX INVEST» АҚ мен «ҚазАгроӨнiм» АҚ-ның жетекші ресейлік тұтынушыларымен, сауда операторларымен және ет өнімдерінің желілік ритейлерімен кездесу ұйымдастырылды. Ресейлік компаниялармен келіссөздер жүргізу барысында («ПРОДРЕЗЕРВ» ЖШҚ компаниялар тобы, «МИЗ» ЖАҚ, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ, Томск облысының желілік дүкендері, «Лама» және т.б.), Челябинск облысының компаниялары, Свердловск облысының желілік ритейлерлері) қазақстандық өндірушілерден жылына 36,2 мың тонна сатып алу туралы принципиалды уағдаластыққа қол жеткізілді.






АШМ

ауыл шаруашылығы өнімінің кейбір түрлерінің экспортын арттыру




ИЖТМ

өнеркәсіптік өнімінің экспорт көлемін арттыру




МГМ

отын-энергетикалық пайдалы қазбалардың (табиғи сипаттағы) және мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің экспортын арттыру




ККМ

көлік саласын дамыту




2-стратегиялық бағыт. Нәтижелi мемлекеттiк секторды құру

1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтiк басқару, нәтижелiлiк, транспаренттiлiк және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттiк басқарудың жаңа моделiн енгiзу

1.1-мiндет. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру

1. Анықталған мемлекеттiк қызметтер санынан Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне енгiзiлуге ұсынылған мемлекеттiк қызметтердiң үлесi

Орталық мемлекеттік органдар, Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері


1. Мемлекеттiк қызметтердi одан әрi Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне енгiзу мақсатында оларды түгендеудi өткiзу
2. Мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын уақтылы әзiрлеу және оларды енгiзу

1. 2010-2011жж аралығында ЭДСМ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін талдау негізінде мемлекеттік қызметтердi түгендеу жүргізілді.

Жасалынған жұмыстың қорытындысында қолданыстығы Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізілімін ұлғайтуды көздейтін «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарын уақытты әзірлеу мақсатында ЭДСМ «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызметтер санынан анықталған мемлекеттік қызметтер деңгейін қамтитын стандарттау және регламенттеу» индикаторына қол жеткізу бойынша Келісімдерді әзірледі.

Келісімдер 14 мемлекеттік орган қол қойылған.



Осылайша, ЭДСМ тұрақты негізде өткізетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарының мониторингі аралық нәтижесіне сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер тізілімінің 210 мемлекеттік қызметінің ішінде барлығы 196 мемлекеттік қызмет стандарты бекітілді, 10 мемлекеттік қызмет стандарты әзірлеу сатысында тұр, қолданыстағы Мемлекеттік қызметтердің тізілімінен 4 мемлекеттік қызмет алынып тастауға жатады.




2. Орталық мемлекеттiк және жергілікті атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаумен қамту

ПӘ

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдар кызмет тиімділігін сапалы балау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды кіргізу.

Осы бағыт бойынша 40 мемлекеттік органдар қызметті тиімділігіне бағалау жүргізілген, қорытындылары ЭДСМ-ге ұсынылған. Бағалау нәтижелері ЭДСМ-мен жалпы бағалау нәтижелер қорытындыларына қосылған






ПМК

Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актiлерi мен тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдар кызмет тиімділігін сапалы балау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды кіргізу.

Осы бағыт бойынша 40 мемлекеттік органдар қызметті тиімділігіне бағалау жүргізілген, қорытындылары ЭДСМ-ге ұсынылған. Бағалау нәтижелері ЭДСМ-мен жалпы бағалау нәтижелер қорытындыларына қосылған






МҚІА

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару бойынша сапалы бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

МҚІА-мен осы бағыт бойынша 40 мемлекеттік органдар қызметті тиімділігіне бағалау жүргізілген, қорытындылары ЭДСМ-ге ұсынылған. Бағалау нәтижелері ЭДСМ-мен жалпы бағалау нәтижелер қорытындыларына қосылған




Қаржымині

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша және бюджетті атқару барысында сапалы бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

ҚМ-мен осы бағыт бойынша 40 мемлекеттік органдар қызметті тиімділігіне бағалау жүргізілген, қорытындылары ЭДСМ-ге ұсынылған. Бағалау нәтижелері ЭДСМ-мен жалпы бағалау нәтижелер қорытындыларына қосылған




БАМ

Мемлекеттік органдар ақпараттық технологияларды қолдану бойынша сапалы бағалау жүргізу және Министрлікке тиісті қорытындыларды ұсыну

БАМ-мен осы бағыт бойынша 40 мемлекеттік органдар қызметті тиімділігіне бағалау жүргізілген, қорытындылары ЭДСМ-ге ұсынылған. Бағалау нәтижелері ЭДСМ-мен жалпы бағалау нәтижелер қорытындыларына қосылған




Мемлекеттік органдар

Кызмет тиімділігіне балау жүргізілетін мемлекеттік органдар, Министрлікке өткен жылдың қорытындылары бойынша қадағалайтын салада/өңірде/аймақта стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша ақпаратты сапалы ұсынады.

Мемлекеттік органдар ұсынған ақпараттық есеп негізінде ЭДСМ қадағалайтын салада/өңірде/аймақта стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша тиімділікті бағалауды жүргізді.




Задача 1.2. Внедрение элементов, необходимых для полноценного функционирования системы государственного управления, ориентированного на результат

1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, салалық бағдарламалар мен мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын iске асыруға мониторинг жүргiзу бойынша ақпараттық-талдамалық базаны қалыптастыру

Орталық мемлекеттік органдар

Ақпараттық-талдамалық базаға деректерді енгізуге жауапты тұлғалар (орталық мемлекеттік органдар өкілдері) тізімін қалыптастыру

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониторингі» ақпараттық-талдаулық жүйесінің шегінде мемлекеттік органдардың жауапты лауазымдық тұлғаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 158-ө өкімі қабылданды.




2-мақсат. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесiн жетiлдiру (құпия)




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет