Ұстаз деген жазуы бар тәж киген 5 оқушы шығады:
Ернур:
Ұ – ұлағатты Ұлағатты ұстаздан,
Уысыма білім кілтін ұстадым!
Ибраһим.
Қ.С – салмақты Сапалы білім құйып санамызға,
Ұстазым айналдыңыз анамызға.
Ұқтырып әдептілік ұғымдарын,
Сан ұрпақты самғаттың талай қырға
Нұржан:
Т – танымал Тәрбие құйып бойына,
Ұстазым білім жолында.
Тәртіпті етіп баланы,
Қаламсап берген қолына
Қ.Нұрай
А – ардақты Алғыстарым көп менің,
Асыл анам,мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез,даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт,табыс, амандық!
Айдын. З – зиялы
Зейінімді ашқансын
Алғаш рет ұстатып қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Хормен :
Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге !
Мейірбек:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
Аружан мен Еркеназдай әнші қызымыз ортада !- Айтилесова Аружан ,Қайырғали Еркеназ «Алғашқы ұстазым » әнімен қарсы алыңыздар.
Мейірбек: Көрініс: «Жыл еді»
(ортаға 6 оқушы және мұғалім шығады )
Мұғалім:Екі мың да он тоғызыншы жыл еді
Даярлық пен балабақша түлегі
Кел балалар оқылық деп шақырған
Мектебіне бүгін аттап кіреді
1 қойылым
1 оқушы 2020 деген жылды ұстап көрсетіп тұрады. Мұғалім мен оқушылар маска киіп тұрады
Ернур:Екі мың да жиырмасыншы жыл еді
Алғашқы қоңыраусыз кезекші сыныпта
Бірінші жыл болдық мектеп түлегі.
Кезектесіп оқыдық,
Бір партадан отырдық
Маска тағып, антисептик кезі еді
Соңғы қоңырау соғылмай
Бірінші сыныпты да аяқтадық
2 қойылым
Достарыңызбен бөлісу: |