27 маусым 2012жыл №60
VІІ сессия
«Бейбіт жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткiзу тәртiбiн
қосымша реттеу туралы» аудандық
мәслихаттың 2011 жылғы 14 наурыздағы
кезекті ХХХІІ сессиясының №305
шешімінің күші жойылды деп
тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес ,аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1.«Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы» аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 14 наурыздағы кезекті ХХХІІ сессиясының №305 шешімінің(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 01 сәуірде №10-8-144 болып тіркелген, 2011 жылғы 09 сәуірде «Тіршілік тынысы» газетінің №29-30 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешім қолданысқа алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезекті
VІІ сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы: Б.Маншарипов.
Достарыңызбен бөлісу: |