Xiх ғасырдағы қазақ әдебиеті Сымбат Дулат Бабатайұлының «Шаштараз»


Ш.Қанайұлының «Қисса Шортанбайдың балалары һәм қисса қаһарман» толғауы?



бет12/27
Дата09.12.2022
өлшемі3.35 Mb.
#466924
түріПоэма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
19 Ғасыр сессия толық

Ш.Қанайұлының «Қисса Шортанбайдың балалары һәм қисса қаһарман» толғауы?


  1. Сүйінбай Аронұлының «Сүйінбай ақын» атты тұңғыш жинағы?

Белгілі қазақ ақындарының бірі - Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған.
Сүйінбайдың көпшілікке мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағынан да онша мәз емес еді. Мұның өзі ақын өлеңдерін алғаш жарияланушылар оның көп өлеңінің көзін дұрыстап таппай, көркемдік мәнін солғындатып айтқан орашолақ ақындардың аузынан жазып алып, тым жасытып жібергенін байқатады. 1935 жылы шыққан «Сүйінбай ақын» деген оның тұңғыш жинағы осындай болды. Бұл жинаққа ақынның айтыстары мен бірен-саран жеке өлеңдері енген-ді. Ал, бұл жинаққа дейінгі «Жаңа әдебиет» журналында (1926, №6) жарияланған Сарыбай ақынға арнауы мен Сәкен Сейфуллин жариялаған Сүйінбайдың кәрілік туралы өлеңі түпнұсқаға өте жақын.

Толғауларының тақырыптық – идеялық мазмұны :


- елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы : «Бөрілі менің байрағым», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Жақсының тұқымына»
- адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары : «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы мен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Жақсы болса ағайын»
- халыққа жәбір – жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, ұрыларды, екіжүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері : «Зар жылатып момынды», «Датқаларға», « Үмбетәліге», «Әділеттік орнаса», «Ноғайбайға», «Атекеге», «Қайыпназарға», «Жүсіпқожаға» т.б.
- әйелге, адамның жастық, кәрілік жас кезеңдеріне арналған өлеңдері: «Әйелдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің айтқаны», «Өмір ағысы», «Әуелі кәрілік келіп түрімді алды», т.б.
Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері: «Сүйінбай мен Қарғаның айтысы», «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбай мен Күнбала», «Сүйінбай мен Кескен кекіл», «Сүйінбай мен Тәті қыз», «Сүйінбай мен Уәзипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары.

Сүйінбай ақын». Ілияс пен Фатима Ғабитованың құрас­ты­руы­мен 1934 жылы қазақ тілінде латын әрпімен шыққан. Онда Ілияс Жансүгіров: «Сүйінбай ақын 1827 туып, 1895 жылы дүние­ден қайтқан. Тұрған жері – осы күнгі Алматы облысы Қастек ауданы. Әкесінің аты – Арон, оның әкесі – Сөр. Сүйінбайдың өлеңнен басқа өнері болмаған. Сүйінбай Тезек төре, Майлықожа, Қатаған (Арыстанбай), дулат ақыны Қаңтарбаймен айтысқан. Сүйінбай бірде қараның тілі болса, бірде төренің тілі болды. Айналып келгенде кім ат берсе, ас берсе, сол үшін мақтап, өз тамағының құлы болды. Абай айтқан:




Сүйінбайды Жетісуда қазақ, қырғыз біледі. Әсіресе, оның Қатағанмен айтысы – жалпақ ел­ге тым көп жайылған өлеңі. Мұны әр ақын әртүрлі қылып айта­­ды. Қазақ ақыны айтса, Сүйін­бай жеңеді. Қырғыз ақы­ны айт­са, Қатаған жеңеді. Қата­ған мен Сүйінбай бірін-бірі жа­ман­дай­ды. Мұндай ырылдан ұлт арасының түсінбестігі туын­дай­ды. Тезек төрені қазақтар «хан Те­зек» деп атаған. Ірі феодал бол­ған. Сүйінбай Тезектен ті­лін тартпай, мінеп салады. Ұр­­лық пен зорлығын айтады. Со­ңынан мақтайды. Қатаған мен Сүйінбайды Тезек апарып ай­­тыстырған. Тезектің ауылы пат­ша ағзамның арқа сүйеп, ат бай­лар ауылы болған. Отауына рұқ­сатсыз адам бас сұқпаған. Алдынан адам шықпаған. Ауы­лы­на рұқсатсыз атпен ешкім кірмеген», – деп жазады. Қазір барлық жерде Сүйінбай ақын 1815-1898 жылдары өмір сүрген деп көрсетілген. Бұл – үлкен қате­лік.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет