3.3 Жақпа майлардың сапасын және стандарттауын сынау. Бөлшектеп өлшеу және орама.
Дәріхана жағдайларында орындалады – органолептикалық бақылау (түсі, иісі); МФ ХІ бас. әдістемесі бойынша микроскопиялық әдіспен, қатты бөлшектердің дисперстілік дәрежесін анықтау. Жақпа майдың берілген массасын, әрекет ететін заттардың таңдаулық – сапалық және сандық құрамын анықтау (сандық анықтаудың әдістемесі болған жағдайда (№214 бұйрығы).
Фармацевтикалық кәсіпорындарда дәрілік затты сапалық сәйкестендіру және сандық анықтау, берілген массаны анықтау, МФ ХІ әдістемесі бойынша бөлшектердің дисперстілік дәрежесін анықтау міндетті болып табылады. Кейде нормативті-техникалық құжаттамаларға сәйкес жақпа майлардың рН көрсеткішін анықтайды (рН сулы). Міндетті түрде микробиологиялық тазалығын анықтау қажет.
Бөлшектеп өлшеу және орама. Жақпа майдың аздаған мөлшерін шыны құтыға немесе сыйымдылығы 10,0нан 100,0 дейін полимерлі материалдан жасалған қақпақтармен оралатын полистиролға орналастырады. Бөлшектеп өлшеуді, кремдер бөлшектеп өлшеуде қолданылатын толтырғыш машиналар және басқа да дозатор-машиналар (УФМ-2) көмегімен жүргізіледі.
Жақпам майлар үшін қолайлы орама тубалар болуы мүмкін. Олар белгілі маркалы алюминийден немесе полимерлі материалдардан дайындалады. Металдық тубалардың ішкі беті лакпен, ал сырты – маркировкасы түсірілетін эмальді бояумен қапталуы керек. Металдық тубалар әр түрлі сыйымдылықты (2,5-40,0) болуы мүмкін.
Тубалар дайындауда полимерлі материалдар ретінде: полиэтилен, полипропилен, пливинилхлорид және т.б. қолданылады. Тубаның тұмсығын бушон – қақпағымен жабады. Зауыттарда тубаларды толтыру үшін туботолтырғыш машиналары немесе дозатор – машиналары қолданады.
Көздік, вагиналық, уретралдық және ректальдік мазьдарды қолдану қолайлы болу үшін тубасы бар пеналдарға, пластмассадан жасалған ұштықтарды салады, бушонды шешуден кейін тубаға орайды.
3.4 Жақпа майлардың тұрақтылығы және оларды сақтау. Жақпа майлардың реологиялық қасиеттері туралы түсінік.
Химиялық тұрақтылығы деп дәрілік заттардың негізбен әрекеттесудің жоқтығы, қоршаған орта факторларына, негізінен, тотығу процесіне тұрақтылығы. Тотығу процесіне тұрақтылығы жайлы асқын тотықтық, қышқылдық саны бойынша талдайды.
Тотығу процесін болдырмас үшін жақпа майларға қолдануға рұқсат етілген антиоксиданттарды: бутилоксианизол (БОА), бутилокситолуол (БОТ), -токоферол және т.б. қосады.
Физико-химиялық тұрақтылығы деп жақпа майлардың өз консистенциясын өзгертпеу, суспензияланған дәрілік заттардың сұйық фазасын немесе қатты бөлшектерін бөлмеу, қабаттанбау қабілеттілігі. Әр түрлі көрсеткіштерді анықтайды, мысалы, жақпам айдың коллоидтық тұрақтылығын, яғни жақпа май "майды" бөлмеу қабілеттілігі және т.б.
МФ ХІ бас. талаптары бойынша өндіріс процесіндегі залалсыздандырылмаған дәрілік заттарды (жақпа майларды да), микробиологиялық тазалыққа сынайды, ол өмір сүруге қабілетті бактерияларды, саңырауқұлақтарды анықтау, сонымен қатар микроорганизмдердің белгілі түрлерін анықтау, олардың залалсыздандырылмаған дәрілік формаларда болуы рұқсат етілмейді. Жақпам майды да микробтық контаминациясын болдырмас үшін консерванттар қосады (сорбин қышқылы, нипагин, нипазол).
Достарыңызбен бөлісу: |