Xv-xvii ғасырлардағЫ Қазақ жыраулары



бет3/4
Дата26.12.2022
өлшемі0.93 Mb.
#467951
1   2   3   4
Қазақ жыраулары сро 14 апта этнопедагогика

Шалкиіз жырау

Шалкиіз жыраудың туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы–түз тұрғынының дүние танымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдық,этикалық қағидаларды айқын аңғырылады.

Би темірді Хаж сапрынан тоқтатуға айтқаны

  • Қара бас күспен шалдырып, Көк теңіздің үстінде Көтеріп желкен аштырып, Жүк тиедің кемеге, Ниет еттің Тәңірінің үйі Кебеге! Жүк тиесең, кетерсің, Ниет етсең, жетерсің, Жетсең, тауап етерсің, Етектеп жиған көп халқың, Сұлтан ием, кімге асмар етерсің!.. Ашалай шалың ақталап, Шемшірлігің ноқталап, Шал сақалың жылаттың, Атаңнан қалған көп халықты Ер өзіңден соңратын Тек бір жардан құлаттың!

Бұқар жырау

Бұқар жырау(1668-1781) қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі ол шамамен 1668 жылдары туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә, ел билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам болса керек. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағаны аңғарылады. Жырау кедейшілікке ұрынады. Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде.

Күллі әлемді қаратқан

  • Күллі әлемді қаратқан, Ең алдымен Алланы айт. Бойыңа жан таратқан Аты жақсы Тәңірді айт. Төрт шәдияр Мұстафа Кітап ашқан ғалымды айт. Мұхамметтің аяты, Алла сөзі Құранды айт. Пайғамбардың сүндеті Бес уақытқы намазды айт. Тәңірім салса аузыңа Жан жолдасың иманды айт. Жамандыққа жақсылық Еткен таза арыңды айт. Қара қылды қақ жарған Наушәруандай әділді айт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет