Xv-xviii ғасырлардағы қазақ әдебиеті



Дата03.03.2020
өлшемі66.68 Kb.
#448073
XV

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
1.Жас балаларды қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылап, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулуды көздеуден туған халық ауыз әдебиетінің түрі.

А) жұмбақтар В) жаңылтпаштар С) өтірік өлеңдер

Д) мақал-мәтелдер Е) өлең-жыр

2. Бұқар жыраудың қай жерде дүниеге келгендігін табыңыз.

А) Жетісу жерінде В) Жайық бойында С) Сыр бойында

Д) Баянауыл жерінде Е) Еділ бойында

3. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

А) «Кодекс-Куманикус» В) «Құтадғу біліг» С) «Диуани хикмет»

Д) «Мұхаббат-наме» Е) «Оғыз-нама»

4. Мифологиялық геройлар мен тарихи адамдар жайында айтылған «әңгімелер» қайсы?

А) аңыз әңгімелер В) шешендік сөздер С) тарихи жырлар

Д) батырлар жыры Е) ертегілер

5. Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар:

А) көңіл айту, шілдехана В) тойбастар, жоқтау С) қоштасу, жар-жар Д) бесік жыры, сыңсу Е) көңіл айту, сыңсу

6. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

А) «Ор, ор, ор қоян» В) «Мадақ» С) «Тілек»

Д) «Таза мінсіз асыл тас» Е) «Өзен.

7. «Ер Тарғын» жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған аруды белгілеңіз.

А) Ақжүніс В) Назым С) Құртқа

Д) Гүлбаршын Е) Қаракөзайым

8. «Біржан мен Сара» айтысында сөз болатын Жиенқұл деген кім?

А) Біржанның досы В) Сараның досы С) Сараның інісі Д) Сараға атастырып қойған адам Е) Сараның ағасы

9. Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді.

А) 3 В) 4 С) 2 Д) 5 Е) 6

10. Қоңтажыға барғанда суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалған би?

А) Әйтеке би В) Қазыбек би С) Төле би

Д) Малайсары Е) Сырым

11. VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

А) А.Яссауи В) С.Сараи С) Қорқыт

Д) М.Қашқари Е) Ж.Баласағұн

12. Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов неше жікке (жанрға) бөлгенін көрсетіңіз.

А) 6 В) 5 С) 4 Д) 3 Е) 2

13. Әдет-ғұрып жырының түрін анықтаңыз.

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.

Өлгеннің соңынан өлмек жоқ,

Өлген қайтіп келмек жоқ...

А) Сыңсу В) Көңіл айту С) Беташар

Д) Қоштасу Е) Тойбастар

14. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

А) М.Ғабдуллин В) Т.Бигельдинов С) Б.Момышұлы

Д) Қ.Қайсенов Е) Р.Қошқарбаев

15. Еліне жайлы қоныс, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоршысын табыңыз.

А) Жиренше В) Әз Жәнібек С) Асан қайғы

Д) Алдар Көсе Е) Ер Төстік

16. Ертегілер, аңыз әңгімелер, батырлар жыры қай жанрға жатады?

А) драмалық жанрға В) лирикалық жанрға С) эпостық жанрға

Д) дұрыс жауабы жоқ Е) лиро-эпостық

17.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгілеңіз.

А) Танаш В) Көтібар С) Айбас

Д) Тайлақ Е) Тазша

18. «Ер Тарғын» жырында Тарғын Ақжүністі алып қашқанда артынан кім қуады?

А) Бір уәзір В) Хан С) Олалай

Д) Қартқожақ Е) Бұлалай

19. Төмендегі шешендік сөздің авторын белгілеңіз.

Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді.

Ғалымның хаты өлмейді.

А) Асан қайғы В) Қазыбек би С) Төле би

Д) Бұқар жырау Е) Әйтеке би

20. Әйтеке бидің шын есімін белгілеңіз.

А) Сейітқұл В) Айтық С) Сарыбас

Д) Дүйсенбай Е) Ақпан

21. Шешендік сөздің авторын белгілеңіз.

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін!

А) Жиренше шешен В) Аяз би С) Асан қайғы

Д) Қазтуған жырау Е) Бұхар жырау

22. XVIII ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау?

А) Шалкиіз В) Қазтуған С) Бұқар

Д) Доспамбет Е) Ақтамберді

23. XV ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

А) Жиембет В) Бұқар С) Дулат

Д) Асан қайғы Е) Ақтамберді

24. Балталы, Бағаналы деген жер аттары қай жырда кездесетіндігін көрсетіңіз.

А) «Ер Тарғын» В) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» С) «Қыз Жібек»

Д) «Қамбар батыр» Е) «Айман-Шолпан»

25. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс-салт жырының қай түріне жатқызатынымызды белгілеңіз.

А) Жұмбақ В) Қоштасу С) Естірту

Д) Мақал Е) Жоқтау

26. «Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады». Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз.

А) Шалкиіз В) Бұқар жырау С) Жанақ

Д) Асан қайғы Е) Жанкісі

27. Ақжүністің бет ажарын, тән сұлулығын:

«Қара жерге қар жауар, қарды көр де, етім көр,

Қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр», -деп суреттеуде қандай тәсіл қолданылғанын белгілеңіз

28. «Қыз Жібек» жырында ғашықтарға қастандық етуші қай кейіпкер екенін анықтаңыз.

А) Бекежан В) Базарбай С) Сырлыбай

Д) Кәкенай Е) Қодар

29. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігін табыңыз.

А) Аңыз таза қиял-ғажайып дүниеден тұрады.

В) Аңызда қиял элементі мүлде болмайды.

С) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді

Д) Аңыз тек бір нұсқалы болады.

Е) Аңыз тек тарихи шындыққа құрылады.

30. Сорқұдықтың басына

Сорға бола қонды атам

Жалмауызға жалғызын

Жанынан қорқып берді атам...» «Ер Төстік» ертегісіндегі кімнің зары екенін белгілеңіз.

А) Кенжекей В) Бекторы С) Бапы хан

Д) Ерназар Е) Төстік

Дұрыс жауаптары

Тест №2


XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті


Сұрақ

Жауабы

1

А

2

Д

3

С

4

А

5

Е

6

С

7

А

8

Д

9

А

10

В

11

С

12

Д

13

В

14

А

15

С

16

С

17

С

18

Д

19

Д

20

В

21

С

22

С

23

Д

24

В

25

С

26

Д

27

В

28

А

29

С

30

А


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет