361
•
Тизерлік проморолик
Тизер деп- ашып айтылмаған және шиеленіске, құпияға негізделген
жарнаманың түрін айтамыз. Тек мұнда жарнамалық
ролик секілді нақты
жауаптар берілмейді, бірақ астарлап жеткізіледі:фирма стилінің элементтері,
компания
логотипі, жарнамалық мәтін белгілі бір байланыстың бар екенін
аңғартады. Тизер басқаларға қарағанда насихаттың ең жылдам түрі. Ол
жобаның нақты шығатын күнін ашып айтпайды,
тек жақында қызықты бір
нәрсе болатынын тұспалдап айтады. Осылайша, жоба жайлы алғашқы
ақпараттарды қалыптастыра береді, ол сосын айқындала түседі. Оның ұзақтығы
10-20 секундтан аспау керек.
•
Проморолик
Бағдарламаның немесе телехикаяның проморолигі
толығымен арнайы
түсірілген қойылымдық бейнеқатардан немесе дыбысы әрленген бейне қатар
арқылы жасалады. Оның негізінде бағдарламаның мәнін не болмаса
телехикаяның өткір сюжеттік желісін бере алатын идея жатады. Промоның бұл
түрі телеарнадағы жарнамаланып отырған өнімге нақты сілтеме береді.
Міндетті түрде атауы, берілетін уақыты, басты нысана ретінде бағдарламаның
жүргізушілері көрсетіледі. Ұзақтығы 30-40 секундқа жетеді.
•
Белгілі бір эфир уақытының проморолигі
Промоның бұл түрі белгілі бір уақытқа: күн, апта, жыл мезгілі, маусымға
тәуелді. Мұнда негізгі нысан – қандай да бір бағдарлама немесе телехикая емес,
белгілі уақыт аралығында шығатын телеарна өнімінің топтамасы.
Көбіне
мұндай проморолик жобалардың атауы мен нақты шығатын уақытын
санамалап шығады. Мысалы,
Ұлттық арнада жаңа маусым!
1 қыркүйектен бастап «Таңшолпан»,
3 қыркүйектен бастап «Қарекет»,
4 қыркүйектен бастап «Мінбер», «Мәселе»,
5 қыркүйектен бастап «Дара жол», «Парасат майданы»
бағдарламаларын жаңа форматта, жаңа уақытта көріңіздер!
Бұл – «Менің Қазақстаным»!
Алайда промороликті әзірлеу кезінде креативті идеяға,
шығармашылық
тәсілдерге жүгінген жөн. Оның ұзақтығы 1 минутқа дейін барады.
•
Жеке телехикаяның, бағдарлама шығарылымының проморолигі
Жеке телехикаяның немесе бағдарлама шығарылымының проморолигі–
бұл бірнеше күн бойы өзекті болатын әрі жылдам әсер ететін промо.
Басты
тетігі- жеке эпизодтарды қызықтырып беру. Мұндай промо түрі дайын
бағдарлама немесе телехикая бөлімінің бейне үзіктерінен дайындалады. Бұл
роликтің жылдам түрі әрі өзектілігі қысқа мерзімге ғана жарайды. Сондықтан
да оны дайындауға
кететін шығын да, уақыт та аз болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: